Білгірлер бәйгесі
Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:
Математика пәнінен сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, интерактивті тақта, компьютер.
Математикалық сайыстың барысы:
І жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, әділ қазылар және оқушылар. Бүгінгі «ХХІ ғасыр –нақты ғылымдар ғасыры » атты математика апталығы аясында 6-сыныптар арасында өткізгелі отырған «Білгірлер бәйгесі » сайысына қош келдіңіздер!
“...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңізде”
Н.Назарбаев
Жүргізуші. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын,- дей отырып бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
1-кезең . Топтардың таныстыруы.
2-кезең. Кім тапқыр
3-кезең. Математикаға байланысты мақал-мәтелдер
4 –кезең «Кім жылдам» сайысы
5-кезең Жұмбақтар сайысы
6-кезең. Адасқан әріптер
Корытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |