Бульдік берілгендердің көмегімен басқару және шешім қабылдау. Boolean (бульдік) берілгендер типі өте қарапайым, себебі тек 2 мән true (ақиқат) және false (жанған) қабылдай алады, шарттың ақиқат немесе жалғандығына қарай шешім қабылдау үшін пайдаланылады. Мысалы: төменгі жазу myClip видеоклиптің көріну, қасиетін (видеоклипін) тексереді.
If (myclip.-visible = = true); шарты орындалса, интерпритациялаушы программа (myclip.-visible = = true) өрнегінде true мәнін береді.
Бульдік берілгендер екі түрлі мақсатта пайдаланылады:
1.қасиеттің мәні ретінде
2.шарттың жауабы ретінде Мысалы:
myclip.-visible = = true; // видеоклипті көрін-н ету
Обьектілер
Object берілгендер типі ActionScript-те ең ыңғайлы және негізгі болып табылады. Object берілгендер типінің құрылымы қарапайым - ол әрқайсысы жеке жұп «атау-мән» бойынша реттелмеген қасиеттер жиыны. Обьект қасиеті ActionScript -қолдайтын немесе берілгендер типі бойынша алынады. Элементар берілгендер типіне пайдалануға болатын көптеген операторларды, обьектілерге пайдалануға болмайды. Мысалы: обьектілерді қосуға, азайтуға, көбейтуге тағы сол сияқты болмайды. Обьект қасиеттерін беруде квадрат жазбашаларды, ресми түрде олар «массив-элемент (обьект-қасиет» деп аталады. Сонымен қатар (.) операторын пайдалануға болады. Object [қасиет атауы қатары] қасиет атауы міндетті түрде қатар болу керек, яғни «» алынып жазылуы керек. Мысалы: root.myobi [“name”] жазылуымен - root.myobi. name жазуы бір мағына береді.Обьектілер өздері орналасқан уақыт шкаласының қасиеті болатындықтан жоғарыдағы жазулардың 3-ші формасы да бар - root.myobi [“name”] Object типті берілгендер элементі new операцияларының көмегімен жасалынады. Обьектілерге delete, typeof, (= =),(= = =),(!=),(!= =), (=) операцияларын пайдалануға болады.
Массивтер
Массив - бұл ретелмеген тізім. Тізім элементтеріне қол жеткізу цифрлық индекстің көмегімен жүзеге асырылады, бастапқы мәні әрқашан 0 болып табылады. Жалпы алғанда массивтер обьектілердің дербес жағдайы. Массивке (.)-ден басқа обьектіге қолданылатын барлық операцияларды пайдалануға болады.
Обьект жағдайындағыдай интерпретациялаушы программа мазмұны бірдей екі массивті бір – біріне теңестіре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |