Әдістемелік нұсқаулықтар: Негізгі мәселелер бойынша жазбаша конспект (шағын
баяндама) жасаңыз және практикалық сабақ тақырыбы бойынша семинарда жауап беріңіз.
Материалды бекіту үшін сабақ соңында тест тапсырмаларына жауап беріңіз.
Өткізу формасы: Баяндама
Оқу материалын меңгеру деңгейі;
Практикалық тапсырмиаларды орындау барысында теориялық білімін қолдана білу;
Өтілген тақырып бойынша оқулық материалдарынан хабардар болуы;
Берілген тапсырмалар бойынша жауабының дәл және дәлелді болуы.
Бағалау критерийлері:
Оқу материалын меңгеру деңгейі;
Практикалық тапсырмиаларды орындау барысында теориялық білімін қолдана білу;
Өтілген тақырып бойынша оқулық материалдарынан хабардар болуы;
Берілген тапсырмалар бойынша жауабының дәл және дәлелді болуы.
Әдебиеттер: 4
Практикалық сабақ 5. Тіл және таным. Когнитивтік лингвистика.
Сабақтың мақсаты: Когнитивтік лингвистика туралы ақпарат беру. Когнитивтік
лингвистика тақырыбын меңгеруде тақырыпқа қатысты глоссарийді меңгеру, ғылыми-
теориялық әдебиеттерге шолу жасау көзделеді.
Негізгі сұрақтар:
1. Когнитивтік лингвистика нені зерттейді?
2. Тілдің гносеологиялық қызметі қандай?
3. Білімді көрсету құрылымдары: фрейм, семантикалық өріс, концептуалды сызба,
когнитивтік модель?
4. Білімді қабылдау және сақтау деңгейлері?
Глоссарий:
когнитивтік әлеуметтану дегеніміз – жеке адамдар мен топтардың ойлау
әрекетінде қалыптасып, дамитын әлеуметтік ерекшеліктерді зерттейтін ғылым саласы;
когнитивтік ғылым - адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды
жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен
оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын
зерделейтін ғылым саласы;
Достарыңызбен бөлісу: |