SYLLABUS 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының элективті
пәндер каталогы негізінде дайындалды. 2019 ж.
(атауы, бекітілген жылы)
1. Пән туралы мәліметтер:
Кредит
5
Курс
4
Семестр
7
Қорытынды бақылау түрі
Аралас емтихан
Дәріс (сағаты)
30
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
15
СОӨЖ (сағаты)
15
СӨЖ (сағаты)
30
Барлық сағаттар
90
Курстың мақсаты:
Қазіргі жаһандану үдерісі ғылым салаларының тоғысуы мен
бірігуіне ғана ықпал
етпей, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті.
Жаңа бағыттағы лингвистика – тіл білімінің қоғамдық-әлеуметтік орны мен рөлінің
күшеюіне орай,
адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу,
ым-қимыл, таным мен тілдік
қарым-қатынас үдерістерінің бірлескен әрекеті нәтижесінде
тілші-ғалымдар алдына
жаңа идея, тың ізденісті қажет еткен сала.
Курстың мақсаты – тіл біліміндегі
ақпараттық,
танымдық, психо-әлеуметтік теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның
басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өрісін, зияткерлігі
мен жан-жақтылығын кеңейту.
Курстың міндеттері:
- Лингвистикалық пәндер жүйесіндегі тіл білімінің жаңа бағыттарын анықтау;
- Тілдің терең
мазмұндық құрылымын тануға, тілдің ұлттық табиғатын,
ұлт өміріндегі
рөлі мен қызметін әр қырынан сараптауға үйрету.
- Бүгінгі тіл білімінің негізгі бағыттарын аңғартатын пікірлер туралы ой қорытып
ізденуге бағыт-бағдар беру;
- Тіл біліміндегі жаңа теориялық
тұжырымдармен танысып, өз бетінше талдауға
дағдыландыру.