Педагогиканың объектісі, пәні және функциялары



Дата19.09.2023
өлшемі14.24 Kb.
#477912
Педагогиканың объектісі, пәні және функциялары.


Педагогиканың объектісі, пәні және функциялары
Педагогиканы жеке ғылым саласы ретінде бөліп қарау оның арнайы зерттейтін мәселелерін, объектісін нақтылауды қажет етеді. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін обьектісі мен пәні болады.
Педагогика адамның дамуымен байланысты педагогикалық құбылыстар жүйесін қарастырады. Яғни педагогика объектісі ретінде коғамның мақсатты іс-әрекеті барысындағы адамның дамуын камтамасыз ететін шындық дүние құбылыстарына жататын білім беру құбылыстарын карастырады. Демек, педагогика ғылымының объектісі педагогикалық құбылыстар болып табылады.
Ал педагогиканың зерттейтін пәніне кіретіндер: педагогикалық немесе дидактикалық жүйелер, педагогикалық үдеріс, педагогикалык іс-әркеттер.
П.Беспалько мен Н.В.Кузьминаның анықтамасы бойынша педагогикалық немесе дидактикалық жүйелер дегеніміз - «ұйымдасқан, мақсатты түрде тұлға дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық әсер етуге қажетті өзара байланысты құралдар, әдістер және үдерістер жиынтығы».
Ғылымда педагогикалық жүйенің өзара байланысты алты құрылымдық элементі бөлініп көрсетіледі. Олар: оқушылар, тәрбиелеу (оқыту) мақсаты, тәрбиелеу (оқыту) мазмұны, педагогикалық (дидақ- тикалык) үдерістер, мұғалім және (немесе) оқытудың техникалык құралдары, педагогикалық жұмысты ұйымдастыру формалары. Педагогикалық жүйелер әр түрлі масштабта болады: тұтас коғамдық, жеке білім беру мекемесіне, жеке пәнге қатысты педагогикалық жүйелер болып бөлінуі мүмкін.
Ал педагогикалық жүйе шеңберінде жүретін педагогикалык іс-әрекетте педагогика ғылымы пәні ретінде бірнеше элементтерден тұрады. Олар: жобалаушы (мақсат), конструктивтік (мазмұн), коммуникативтік (окушы-мұғалім), ұйымдастырушы (үдеріс және формалары) гностикалық (мұғалім). Басқаша айтқанда, мұғалім өзінің кәсіптік іс- әрекетінде мақсат қояды, мазмұнды анықтайды, құралдарды тандап алады, оқыту (тәрбиелеу) үдерістері мен оларға қатысушылардың өзара әсерлесуін ұйымдастырады Педагогика педагогикалық іс- әрекетті құруға қажетті теорияны жасайды.
Педагогика ғылымы бірнеше функциялар аткарады. 1.Түсіндіру функциясы: педагогика ғылым ретінде педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді бейнелеп, олардың қандай заңдар бойынша, кандай жағдайларда, калай жүру срекшеліктерін анықтайды. Нәтижесінде педагогика заңдары, принциптері, теориялары, тұжырымдамалары зерттеліп, тұжырымдалады.
2.Диагностикалау функциясы: педагогикалық құбылыстар күйін, педагогтер мен оқушылардың іс-әрекеті тиімділіктерін, сол сияқты бұл тиімділікті қамтамасыз ететін жағдайларды анықтаумен байланысты анықталады.
3.Болжамдау функциясы: алдын ала даму барысындағы педагогикалық шындықтың түрлену нәтижесін көре отырып, ойша, яғни теория жүзінде болашақ жүйелер негізін тұжырымдаумен сипаттадады.
4.Жобалау функциясы: теориялық тұжырымдамаларды қамтитын және педагогикалық іс-әрекет жоспарын, мазмұнын, сипатын анықтайтын оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдарын, педагогикалық нұскаулар, әдістемелік материалдар жасаумен байланысты анықталады.
5.Түрлендіру функциясы: іргелі білімдер негізінде педагогикалық практиканы жетілдіру жүреді және қажетті тәрбиелік нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін беретін жаңа педагогикалық жүйелер, технологиялар пайда болуына көмектеседі.
6.Рефлексивтік және түзетушілік функциясы: ғылыми зерттеу нәтижелерінің окыту мен тәрбиелеу практикасына тигізетін әсерін бағалау, ғылыми теория мен практикалық іс-әрекеттің өзара әсерлесуі барысында түзетулер енгізумен байланысты анықталады.
7.Тәрбиелік функциясы: кез келген тәсілмен алынған білімдер сол білімдерді меңгерген тұлғаның дамуына, тәрбиелік қалыптасуына алып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет