Курстың академиялық презентациясы
|
Оқу курсының типі: Қазақстанның қаржылық жүйесін құқықтық реттелуін талдап зерделеу. ҚР қаржы жүйесіне кіретін басты институттардың құқықтық ерекшеліктерін оқытып талдау.
Курстың мақсаты: Курсты зерделеудің басты мақсаты студенттердің өз бетімен ғылыми ізденістер жасауға деген қабілеттерін қалыптастыру, қаржылық құқық аясында туындайтын қаржылық құқықтық жауаптылық мәселелерін талдау, сын-пікірлер айту және ойластыру барысында ғылыми тұжырым жасауға баулу болып табылады. Қаржылық құқықтық саясатты жүргізуге қабілеті құқық қорғау органның, өкілді атқарушы органның және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес органның болашақ жұмыскерлері болатын құқықтанушыларды дайындау.
|
Пререквизиттері
|
Мемлекет және құқық теориясы; конституциялық құқық; әкімшілік құқық; азаматтық құқық; еңбек құқығы; қылмыстық құқық және т.б.
|
Постреквизиттері
|
Салық құқықғы, банк құқығы, сақтандыру құқығы т.б.
|
Ақпараттық ресурстар
|
1.Финансовое право Республики Казахстан. Учебник / А. И. Худяков. - Алматы : Изд. "НОРМА-К", 2002. - 344 с.
М.В.Карасева, Финансовое право России. Базовый курс, 5-ое изданиеМ., издательство Юрайт, 2013. -388с.
2. Айдарханова К.Н. Правовое регулирование валютных операций. –Алматы, Казак университеты, 2014 г.
3. Порохов Е.В. Теория и практика налогового права. А., 2013.
Онлайн режимде қол жетімді: Қазақстан Республикасының заңнамалық деректер базасы. Және univer.kaznu.kz. сайтындағы парақшада студенттерге арналған қосымша көздер көрсетіліп отырады.
|
Университеттің құндылықтары шегіндегі оқу курсының академиялық саясаты
|
Сабаққа қатысу міндетті талап және де әрбір студенттің жалпы бағасына әсер ету мүмкін. Дәріс сабағында студент міндетті түрде дәріс дәптеріне талданып отырған тақырыпты конспектілеуі тиіс себебі олар боййынша да тапсырмалар болуы мүмкін. Лектор студенттен сабаққа кешігу, сабақ үстінде әнгімелесу және адекваттық емес іс-әрекет жасамауғы міндеттейді. Дәріс үстінде студентке сұрақтар қойылуы мүмкін.
Үй тапсырмалары толық әрі дер кезінде орындалуы тиіс. Орынды себептермен семинар сабақтарына қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін қосымша уақытта үй жұмыстарын тапсыру уақыты ұзартылуы мүмкін. Сабақ үстіндегі дискуссиялар мен диалогтарға белсенді қатысу студенттік қорытынды бағалануы барысында ескеріледі. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді
|
Баға қою және аттестаттау саясаты
|
|