3.2 Өзін-өзі тану мен басқа оқу пәндерінің интеграциясы
Білім берудің аспектілері. Бұртұтас және жанды білім. Өзін-өзі тану мен басқа оқу пәндерін интеграциялаудың жолдары. Сыртқы интеграцияны өткізуде өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің сипаттамасы. Гуманитарлық оқу пәндері мен өзін-өзі танудың ішкі интеграциясының мысалдары. Жаратылыстану оқу пәндері менөзін-өзі танудың ішкі интеграциясының мысалдары.
3.3 Оқудан тыс іс-әрекеттің түрлері
Оқудан тыс іс-әрекеттің түрлері: спорт және драмалық үйірмелер, қызығушылықтар бойынша клубы, спорт күндері, талқылау алаңдары. Оқудан тыс іс-әрекеттегі мұғалімнің шабыттандырушы үлгісі. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқудан тыс жұмыстың жобасы. Қайырымдылық акцияны өткізудің ережелері.
3.4 Ата-аналармен байланыс- «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты
Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлі. Отбасындағы балаларға деген қарым-қатынас түрлері. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың алуан түрлері. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Ынтымақтастықтағы тәрбие. Жақсы отбасының қасиеттері.
Қыз бала тәрбиесі. Рухани мәдениеттің тірегі – әйелдер. Қыз баланың дамытуы қажет қасиеттері. Ер бала тәрбиесі. Ер бала парыз, абырой, парасаттылықтың белгісі ретінде. Ер баланың дамытуы қажет қасиеттері. Отбасындағы төзімділік, түсіністік, бірлік.
Достарыңызбен бөлісу: |