|
«Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға ораза парыз етелгендей, сендерге де ол парыз етілді. Әрине, тақуа боларсыңдар». («Бақара» сүресі, 183-аят.)
|
|
«Расында, Жәннәтта «Әр-Райяан» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні одан ораза ұстағандар кіреді. «Ораза ұстағандар қайда?», - делінеді. Олар орындарынан тұрады. Олардан басқа ол қақпа арқылы ешкім кірмейді. Олар кіріп болған соң ол қақпа жабылады да, одан кейін ол арқылы ешкім кірмейді» (Бұхари, Муслим).
|
|
«Қандай да бір құл Алла жолында бір күн ораза ұстаса Алла сол күн себепті оның жүзін Оттан (яғни, Тозақтан) жетпіс жылға алыстатады» (Бұхари, Муслим).
|
|
«Рамазан келгенде Жәннәт есіктері ашылып, Тозақ есіктері жабылады да, шайтандар кісенделеді» (Бұхари, Муслим).
|
|
«Сәресі ішіңдер, өйткені, ауыз бекітетін уақытта береке бар» (Бұхари, Муслим).
|
|
«Ұлы Алла Тағала былай деді: Маған құлдарымның ішіндегі ең сүйіктісі - бәрінен ерте ауыз ашуға асыққаны» (Тирмизи).
|
|
«Сендерден кім аузын ашатын болса құрмамен ашсын. Ал егер құрма таппаса, онда сумен ашсын. Өйткені, ол тазартушы», - деген (Әбу Дәуд, Тирмизи).
|
|
«Ораза тұтушыға ауыз аштырған адам ораза ұстағанның сауабындай сауап табады. Сондай-ақ оның сауабы ораза ұстаушының сауабын кемітпейді» (Тирмизи).
|
|
«Сендерден біреу ораза болған күні жаман сөздер айтпасын, даусын көтермесін. Ал, егер біреу оны балағаттаса, немесе төбелескісі келсе ондайға: «Расында, мен оразамын!», - десін» (Бұхари, Муслим).
|
|
«Ораза кезінде кім өтірік айтуын және өтірікті амалға асыруын тоқтатпайтын болса, ондай адамның тамағы мен сусынынан бас тартқанының Алла үшін қажеті жоқ» (Бұхари).
|
|
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі», – деп айтты» – делінген.
(Бұхари, саум 6; Муслим, сиям 203)
|
|
Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.ғ.с): «Күнделікті бес уақыт намаз, жұма намазы келесі жұма намазына дейін, рамазан оразасы келесі рамазан оразасына дейін осы аралықтарда жасалған күнә-қателіктерді, егер пенде үлкен күнәлардан сақтанса, кетіреді», – деген. (Муслим)
|
|
Алла Тағала былай дейді:«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және(ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді». (Бақара сүресі 185-аят)
|
|
Имам Бәйһақи таратқан риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с): «Егер Алланың пенделері осы айдың берекесі мен артықшылығын білсе, рамазан айының жыл бойы болғанын қалар еді»
|
|
Абдулла ибн Омардан (р.а) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ораза тұтушының ауыз ашардағы дұғасы қабыл алынбай қалмайды», – деген.
|
|
«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Ұлы әрі Құдіретті Алланың әрбір ауызашар кезінде Оттан босататын құлдары бар. Әрі бұл әрбір түн сайын орын алады!», - деген (Ибн Мәжаһ).
|
|
«Мүмин өлгенде намаз бас жағында, садақа оң жағында, ал ораза сол жағында болады» (Зәкәрия Қандәһлеуи, Фәдәилү Ағмәл, 267-263).
|
|
«Рамазан – Мүбәрак ай. Ол айда Алла Тағала сендерге ораза ұстауды парыз етiп, Жәннат есiктерiн айқара ашып, тозақ есiктерiн тарс жауып, жын-шайтандарды кiсендеп қойды. Ол айда мың айдан қайырлы түн бар» (Насаий жеткізген)
|
|
«Біздің оразамыз бен кітап иелері оразасының арасындағы айырмашылық – сәресі ішу», - деген (Муслим).
|
|
Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.ғ.с): «Ораза тұтушының ең қайырлы қасиеті – аузын мисуак-пен тазалауы»,– деген. ( Ибн Мәжә)
|
|
«Ораза тұтушының үндемеуі Аллаға тәсбих айтқанымен тең», – деген. (Бәйһақи)
|
|
Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с): «Үш адамның дұғасы қабыл болады: әділ имам, ораза тұтушының ауыз ашардағы дұғасы және нақақтан қиянат шеккен жанның дұғасы», – деген
|
|
Пайғамбар (с.ғ.с): «Рамазанда жасалынған ұмраның сауабы қажылықпен тең», – деген.
|
|
Алла Елшісі (с.ғ.с): «Бұл ай – сабырлылық айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат», – деп ораза айының қайырлы қорытындысымен сүйіншілеген.
|
|
Тирмизи таратқан хадисте Пайғамбар (с.ғ.с): «Ораза – сабырдың жартысы», – дейді.
|
|
«Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнісінде (көп нәрседен) мақұрым қалғаны
(Ән-Нәсәи: Китәбус сиям - №2106. (Миркатул Масабих))
|
|
Әбу Саид (р.а.):
«Алла елшісі (ﷺ): «Қандай да бір пенде Раббысының жолында бір күн ораза ұстаса, Хақ тағала сол күннің құрметіне оның жүзін, жетпіс жылға тозақ отынан алыстатады», – деп айтты», – деген.
(Бұхари, жиһад 36; Муслим, сиям 167)
|
|
«Ұмытшақтықпен жеп не ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені, расында, оны тамақтандырып, сусындатқан – Алла» (Әл- Бухари 1933, Муслим 2/171)
|
|
«Рамазан айының түндерін Алланың сыйына иман келтіріп және үміт етіп, намаз оқумен өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі» (әл-Бухари 37, Муслим 759
|
|
«Ораза тұтушының ауызынан шығатын иіс Алла үшін мисктің (әтірдің) хош иісінен де жағымдырақ!» (Муслим)
|