Білім беру бағдарламасы: «6В10102 Жалпы медицина»


Оқытушылар Құрылымдық бөлімше



бет2/4
Дата09.09.2024
өлшемі177 Kb.
#503500
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Силлабус СОЖ 1 курс ОМ каз. 2024-25

Оқытушылар

Құрылымдық бөлімше

Жауапты: Фигуринене И.В.,
Рамазанова А.

Фармация мектебі

Оқытушылар: 11




Оқыту деңгейі

Түрі

Модуль(дер)

Бакалавриат

БП /ЖЖ,

«Тіршіліктің құрылымдық негіздері» модулдік пәндер (химиялық, жасушалық, ұлпалық деңгейі)

Сабақты жүргізу түрі

Оқыту мерзімі

Тәжірибелік сабақ, ОББӨЖ, БӨЖ

I семестр

Міндетті пререквизиттер:

Қосымша пререквизиттер:

Химиялық деңгейге кірісе отырып, студент келесі негізгі теориялық ұғымдарды білуі керек:
1.атомдық молекулалық теория
2. электролиттік диссоциация теориясы,
3. химиялық байланыстың түрлері,
4. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі,
5. су, сутегі және гидроксил көрсеткіштерінің иондық өнімі
6. А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылымы туралы теориясы;

Студент істей алуы керек: бейорганикалық және органикалық заттардың арасындағы негізгі реакциялардың ағымы туралы түсінігін көрсету, типтік есептерді шығару, математикалық амалдарды меңгеру.



ECTS

Сағаттар

Дәріс

Тәжірибелік сабақ, с.

ОББӨЖ, с.

БӨЖ, с.

АА/АБ, с.

1

30




9

6

12

3

Пәннің мақсаты

Модульдік бағдарламаның химиялық деңгейін оқып болғаннан кейін студент тірі материя құрылымының принциптерін, химиялық өзара әрекеттесу механизмдерін білу негізінде, жасушалық және тіндік өмір сүру деңгейін зерттеуге қабілетті болуы керек.

Пәннің қысқаша мазмұны (300 символға дейін)

Пән материяны ұйымдастырудың химиялық негіздерін зерттеуге арналған бөлімдерден тұрады: атомның құрылымы, химиялық байланыстардың қалыптасуы, реакциялардың маңызды түрлері, физиологиялық сұйықтықтардың сулы ерітінділерінде болатын реакциялар, органикалық заттар құрылымының негіздері қарастырылады.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету саясаты

Академиялық адалдық оқу үдерісін ұйымдастырудың негізі болып табылады және университеттің Академиялық саясатымен және осы силлабуспен анықталған нақты, әділ және объективті стандарттармен қамтамасыз етіледі. Академиялық адалдықты дамыту және қорғау білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. Пән аясында барлық жазбаша жұмыстар, олардың сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, плагиатқа автоматтандырылған тексеру жүйесі арқылы бірегейлікке тексеріледі. Плагиат анықталған жағдайда, университетте қабылданған бөтен және өз жұмыстарын дәйексөздеу ережелерін бұзу, сондай-ақ Академиялық адалдық Кодексінде көзделген академиялық адалдықтың басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады.

Пән саясаты (300 символға дейін)

Оқу тәртібін сақтау және мінез-құлық нормаларына сәйкестігі талап етіледі: дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысу міндетті. Өткізілген сабақтар оқытушыға рұқсат болған жағдайда ғана тапсырылады. Әр апта сайын студенттер мен оқытушы белгілеген уақытта СОӨЖ сабақтарында консультациялар өткізіледі. Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар бағалау критерийлерінде белгіленген қатаң белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс. Пәнді оқу кезінде кітапхана мен оқытушы ұсынатын оқулықтарды пайдалану қажет. Әр кредит үшін Платонусқа бір баға қойылады. Әрбір практикалық сабақта орындалуы тиіс тапсырмалар беріледі. Туындаған сұрақтар оқытушымен бірге практикалық сабақта және СӨЖ-де талқыланады. Аралық аттестациядан өткен кезде Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер кестесі, инженерлік калькулятор рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет