Білім беру бағдарламасы: «7М015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау»


-сурет – Генетика және селекция негіздері бөлімі бойынша оқушылардың оқу үлгерімдерінің динамикасы



бет11/23
Дата14.06.2023
өлшемі121.05 Kb.
#475022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
автореферат

5-сурет – Генетика және селекция негіздері бөлімі бойынша оқушылардың оқу үлгерімдерінің динамикасы

Көбінесе адамдар тұқым қуалаушылық тақырыбына байланысты генетика бойынша алған теориялық білімді өмір тәжірибесінде қолдана білмейді. Осыған орай, ұрпақтан ұрпаққа берілетін тұқым қуалайтын аурулар мен қан топтарының берілу механизмдерін түсіндіру үшін логикалық тапсырмаларды қолдана отырып, мектеп қабырғасында алған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.


Ғылыми деректерді талдай келе, биология сабағында оқытудың инновация-лық әдістердің көмегімен логикалық есептерді қолдану, оқушылардың биологиядан алған теориялық білімдерін нақтылап бекіте түседі. Логикалық есептер арқылы оқушылар ой қорытуға және талдау жасауға үйреніп, биологиялық түсініктерді жетік меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да, осы аталмыш тақырыпты оқушыларға әрі түсінікті, әрі қызықты және де қабылдауға ыңғайлы ету үшін тек теория жүзінде түсіндіріп қана қоймай, сабақты өткізудің инновациялық әдістерін қолдана отырып, көп ізденістер жасап, білімді, білікті және жаңашыл мұғалім болуы тиіс.


6-кесте. Молекулалық биология және биохимия тарауы бойынша оқушылардың оқу үлгерімдері

Сыныбы

Бағалар

Оқу үлгерімі

«5»

«4»

«3»

«2»

10 «А»; бақылау тобы (24)

11

8

5

0

4,25

10 «Б»; тәжірибелік топ (25)

16

6

3

0

4,52

11 «А»; бақылау тобы (27)

12

12

3

0

4,33

11 «Б»; тәжірибелік топ (23)

17

4

2

0

4,65

Зерттеу нәтижелері бойынша бақылау тобындағы оқу үлгерімнің орташа балы 10 "А" – 4,25, 11 "А" – 4,33; ал тәжірибелік топта 10 "Б" – 4,52; 11 "Б" -4,65 құрады. Биология сабақтарында логикалық және математикалық есептеулерді қолдана отырып, сабақ жүргізу кезінде оқушылардың үлгерімі 10 сыныпта 0,27-ге, ал 11 сыныпта 0,32 артты, яғни 11% - ға өскенін көруге болады (6 және 7-сурет). Бұл көрсеткіш жалпы алғанда Гостюхина А.В. зерттеу нәтижелеріне сай келетіндігін мақаланың тұжырымдамасынан көруге болады.


Демек, биологияның «Молекулалық биология және биохимия» тақырыптарын оқушылардың меңгеру деңгейі мұғалімнің сабақ барысында оқытудың инновациялық әдістерін және жаңа тақырыпты түсіндіруде логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын логикалық және математикалық есептеулерді қолдана білуіне тікелей байланысты.
Алынған нәтижелерді талдай келе, биология сабағында математикалық есептеулерді қолдану, оқушылардың биологиядан алған теориялық білімдерін нақтылай түседі. Математикалық есептеу арқылы алынған нәтижелерден ой қорытуға және талдау жасауға үйреніп, биологиялық түсініктерді жетік меңгеруге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет