Білім беру бағдарламасы бакалавриат 5В050509 «Қаржы», 5B050508 «Есеп және аудит», 5B050510 «Маркетинг» мамандықтары



бет1/6
Дата14.11.2022
өлшемі62.81 Kb.
#464846
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
sillabus menedzhment 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ


«МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК»КАФЕДРАСЫ




Оқу-әдістемелік Кеңес шешімімен бекітілген
Кеңес төрайымы
____________ Н.Дүйсенғұлова
«___ » _________2014 ж., № ___
Білім беру бағдарламасы бакалавриат
5В050509 «Қаржы», 5B050508 «Есеп және аудит», 5B050510 «Маркетинг» мамандықтары


Оқу түрі - күндізгі

СИЛЛАБУС




«Менеджмент»пәні бойынша
Курс: 2
Семестр: 3
Кредиттер саны: 3
Оқытушы: э.ғ.к., доцент, Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы

Телефон: 87013103613, №117, 241 бөлме




Алматы, 2014
Құрастырған: э.ғ.к., доцент ________________ Қарғабаева С.Т.

Силлабус «Mенеджмент» курсынын жұмыс бағдарламасы бойынша 5В050509 «Қаржы», 5B050508 «Есеп және аудит», 5B050510 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне/магистранттарына арналған «Менеджмент» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған.


Силлабус «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедра отырысында қарастырылған


«____»_______________ 20___ж. № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент __________________ О.Залученова



Кіріспе

Бұл пән басқарудың мазмұнын жан-жақты ашады, басқару туралы білімдер кешенін құрайды, әртүрлі басқару қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау және оларды жобалауда нақтылы дағдыларды тудырады.


Бұл бағдарламада басқару теориясының дамуының тарихи жағдайлары; менеджменттің теориялық аспектілері, оның технологиясы; менеджмент әдістері мен функциялары; персоналды басқару мен басқарушылық мәдениет логикаға сәйкестілік түрде қарастырылған. Менеджмент нарықтық қарым-қатынастарындағы экономикалық тәуелсіз өндіріс буынына қажетті, басқарудың ерекше түрі ретінде қарастырылады және ол нарық коньюнктурасын сергек сезінуге қабілетті, икемді талапты экономикалық басқару жүйесі болып табылады.
Берілген пәнді оқытудың әдістемесі ендігілерді қарастырады:

  • дәріс (лекция) оқу;

  • тәжірибелік сабақтарды өткізу;

  • ОБСӨЖ;

  • СӨЖ.

Пәнді оқытудың мақсаты: курстың теориялық-әдістемелік тұрғысынан, басқару теориясы мен тәжірибесінің қолданылуы мен дамыуын нарықтық қатынастар жағдайларында игеру болып табылады.
Пәнді оқытуда келесі негізгі міндеттер қойылады:

  • студенттерде менеджмент теориясы мен тәжірибесі жөнінде біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

  • алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибелерді оқыту және олардың Қазақстан тәжірибесінде оның қолданылу мүмкіндігі;

  • ұйымды шаруашылық басқарудың ерекшеліктері мен болашақтағы даму мүмкіндіктерін экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалауды үйрету;

  • әртүрлі деңгейлердегі тиімді басқаруды қамтамасыз ететін әдістерді, формаларды және механизмдерді оқыту.

Алдыңғы деректемелер: Студенттер осы пәнді оқып меңгеру үшін ең алдымен «Экономикалық теория негіздерін», «Макроэкономика», «Микроэкономика» пәндерін білу қажет.
Соңғы деректемелер: «Менеджмент» пәнін толық менгерген студент келешекте «Өндірістік менеджмент», «Ұйым бизнесі», «Менеджмент өнімділігі» сияқты экономикалық пәндерді меңгеруге қабілетті.
Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сйкес төмендегідей біліктітіліктерді меңгеруі керек:
Жалпы біліктілік:

  • білу: ұйымда жүретін әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсінуі;

  • оларды жүейлеу мен модельдеуді білуді, факторлардың әсерін анықтауды;

  • істей алу: басқару жүйесінің түсініктерін еркін қолдану, ойларын тиянақты жеткізу және сын-пікірге, талдауға қатыса алу;

дағдыны меңгеру: алған білімдерін экономикалық талдау әдістерінде қолданып, тәжірибеде ұштастыруға;

  • экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарға және нақты жағдайларды талдаудың негізгі тәсілдерін игеруге машықтанулары тиіс,

Пәндік мамандандырылған:

  • білу керек: жетілген нәтижелерді бағалауды, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды үйрену керек.

  • істей алу: нақты экономикалық әртүрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды аша білу;

  • ұйымның экономикалық саясатын анықтай алу және талдауды.

  • дағдыны менгеру: алынған талдаудың нәтижелері негізінде болжау жасауы тиіс;

  • орындау сипатындағы кәсіптік мәселелерді шешу жөніндегі ұтымды шешіп ойлап табу үшін және ұйымның шаруашылық міндеттемелерін ең жақсы шешу тәсілін таңдауға қажетті шығармашылық ой-өрісін дамыту керек;

  • ұйымның менеджері ретінде шығармашылық, одан әрі белсенді кәсіптік қызметті жүргізу үшін тәжірибелік дағдылар болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет