Бақылау сұрақтары:
1.Тізімдерді сұрыптау алгоритмдері- пузырьковый.
2.Тізімдерді сұрыптаутау алгоритмдері - таңдау арқылы
3.Тізімдерді сұрыптау алгоритмдері- қыстыру арқылы.
4.Тізімдерді сұрыптау алгоритмдері- бірігу арқылы.
5.Тізімдерді сұрыптау алгоритмдері – жылдам сорттау.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Дүйсенов, Н.Ж. Логикалық бағдарламалау [Мәтін]: Оқу құралы / Н.Ж. Дүйсенов, М.Ж. Кошкинбаева.- Шымкент, 2019.- 92б.
2. Cюарт, Р. Жасанды интеллект.3-том. Жаңашыл әдіс. Логика. Оқулық-Алматы,2016-540б (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен).
3. Рассел, С Жасанды интеллект. 1-том. Жаңашыл әдіс-Логика. А,2013-540 (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен).
4. Абдрахманова, Г., Визуалды бағдарламалау технологиясы [Мәтін]: Оқу құралы / Г. Абдрахманова -Шымкент, 2019.
ЛЕКЦИЯ № 8
8. Тақырыбы: Жасанды интеллект жүйесі жайлы түсінік
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:
ЖИ даму тарихы.
ЖИ қолданыстары.
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
1. Жасанды интеллект адамның ойлауын құрылымдау әрекеттерімен байланысты ғылыми бағыт ретінде ұзақ тарихы бар. Платон, Аристотель, Р.Декарт, Дж.Буль және т.б да зерттеушілер өз білім деңгейлерінде ойлауды кейбір элементарлы операциялардың, ережелер мен процедуралардың жиыны ретінде сипаттауға тырысты. Жасанды интеллекттің жаңа даму периоды ғылыми лабораторияларда ғылыми ЭЕМ-нің пайда болуы және Н.Винердің “Кибернетика или управление и связь в животном и машине” кітабының шығуымен байланысты.
Кибернетиканың алғашқы қадамдары күрделі, тірі және ойлайтын жүйелердегі процестерді оқуға және түсінуге бағытталған болатын. Зерттеулер ашық, танымдық сипатта болды. Бірақ сол кезде анықталған процестердің және ойлау феномендердің ЭЕМ-дегі қайтадан жасауға бағытталған алғашқы өңдеулері пайда бола бастады. Кейіннен, осы жұмыс бағыты жасанды интеллект проблемасын қарайтын облысқа айналды.
Жасанды интеллекті зерттеудің кейінгі дамулары 60-70 жылдардағы зерттеулер бойынша оның өз бетінше екі бағытқа бөлінуіне әкелді. Осы бөліну осы уақытқа дейін сақталуда. Екі бағыттың да даму тенденциясын және айырмашылығын түсінбей, проблеманы дұрыс шеше алу мүмкін емес.
“Жасанды интелект” курсы пәні кибернетиканың алғашқы қадамдары күрделі, тірі жєне ойлайтын жүйелердегі процестерді оқуға жєне түсінуге бағытталған. Жалпы жасанды интеллект пәні адамныњ ойлауын құрылымдау єрекеттерімен байланысты ғылыми бағыт ретінде тарихы бар. Жасанды интеллект информациялық жүйесі алға қойылған мақсатпен оны шешудің міндеттері жєне талдауға тиіс ретінде оқуға жєне өздігінен оқуға қабілетті жүйе. Зерттеулер нєтижесінде жасанды интелектіні құруда күрделі “ойлауды” қамтамасыз ететін – экспертті жүйелер, оқыту жүйелерін кескінге талдау жасау жүйесі.
Адамдарды көптен ойландырып келе жатқан мәселелердің бірі-жасанды интеллект (интеллект-ақыл, ой сана деген мағына) жүйесі. Жасанды интеллект жүйесі адамның ойлау қабілетін формальдандыру, адамның ойлауын моделдеу және олардың программалау мәселелерімен айналысатын информациялық жүйе. Жасанды интелект информациялық жүйесі алға қойылған мақсатпен оны шешудің міндеттері және талдауға тиіс ретінде оқуға және өздігінен оқуға қабілетті жүйе болуы тиіс. Алғашқы кезде зерттеушілер жасанды интелект жүйесімен адам “миы” жұмысының көшірмесі арқылы ғана құруға болады деп түсінді. Ол үшін арнайы нерв клеткалары мен олардың өзара күрделі байланысын моделдеуші электронды жобалар құрылады. Зерттеушілер ми жұмысын моделдеу арқылы бір-бірімен миллиондаған байланыста болатын 200-250 мыңға жуық қарапайым микропроцессорлар қолданылатын электронды жүйелер құруға үлкен жетістіктерге жетті. Мұндай жүйелер арқылы оқуға қабілеттілік сияқты “ойлау операцияларының” шешімін табуға болатынына көз жеткізді.
2. Зерттеулер барысында электронды жүйелердің әріптер мен дыбыстар арасындағы байланысты түсінгенімен, анасының түрін танитын нәрестенің шеше алатын “ойлау есептері” секілді мәселелералдында дәрменсіз екендігі айқындалды. Зерттеу жұмыстары жалғаса берді. Бұл жұмыстар неғұрлым көп зерттелген сайын, соғырлым адам миының күрделілігі айқындала бастады. Енді жасанды интелектіні зерттеушілер зерттеудің басқа да жолдарын іздестірді. Мысалы, дәрігердің алдымен адамның ауыруы жайлы жан-жақты информация алып, содан соң ғана диагноз қоятыны секілді адам миының шығармашылық жұмысты орындау барысындағы әсерлерін бақылау жұмыстарын жүргізді.
Зерттеулер нәтижесінде жасанды интелектіні құруда күрделі “ойлауды” қамтамасыз ететін – экспертті жүйелер, оқыту жүйесі, кескінге талдау жасау жүйесі, автоматтандырылған программалау жүйесі секілді кешенді программалар жүйесі жасалады. Эксперттік жүйені халық шаруашылығының барлық саласына қолдану кеңінен зерттелді. Бұл жүйе ғылым мен экономика саласында күрделі талдаулар жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижеде, барлық эксперттік жүйелерді біріктіріп, тұтас–интегралды жүйеге келтірудің тиімді болатыны анықталады.
Енді бұл жүйенің білім беру саласындағы қолданыстарына тоқталайық. Оқыту жүйесі – білімнің қандай да бір аймағын немесе белгілі бір пәнді оқытуда жинақталған тәжірибелі оқытушылардың оқұыту әдістерін талдаудан құралады. Осы оқыту әдістері арқылы электронды машинаның бір тілде құралған оқыту әдістері жүйесі пайда болады. Мұндағы ескертілетін бір мәселеқалыптасқан дәстүр бойынша оқытушы оқушылар тобын оқытады. Оқытушының бір оқушыны оқытуда оның қабілетін тез байқайтыны белгілі болғанымен, бір оқушыны оқыту біздің елімізде сирек кездеседі. Сол себепті барлық оқушының қабілетін, мүмкіндігін тез айқындау оқытушыға қиынға соғады. Ал, информатикалық оқыту жүйесі бір уақытта әрбір оқушымен жеке, арнайы, “құпия” түрде оқыту программалары арқылы жұмыс істейді және компьютерлердің әрбір оқушымен жеке информация алмасуы оқытушыға қарағанда жүз, мың есе артық.
Осындай зеріттеу жұмыстарының нәтижелері информатциялық оқыту жүйесінің жаңа формаларын құрауға болатынын дәлелдеді және оны үйдегі несие кітапхандағы кампютерлердің жұмыс үстелінде оқыту программаларын мысалы, ағылшын тлін үйрену, физика, химия, матиматика, информатика, т.б. пәндері меңгерумен қатар, тігу мен пішу, бау-бақшамен айналысу, т.б. мәселелерде көмек беруді қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, компьютерді – “электронды оқытушы” ретінде де пайдалануға болатындығы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |