Кіріспе жұмыстың жалпы сипаты



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата11.05.2023
өлшемі0.57 Mb.
#473523
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кіріспе ж мысты жалпы сипаты




 
КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың жалпы сипаты. Кез келген әдебиеттің арғы беттерінде 
жатқан фольклор мұралары әр халықтың жемісі. Қазақ әдебиеті, соның ішінде 
ауыз әдебиетінің кейінгі жеткен еңбектеріне қарап, үлкен тәрбиелік мән, елдің 
елдігі үшін күрескен тарихи-шындықтардың куәсі боламыз. Зерттеуге алып 
отырған еңбегіміздің де мәні осында жатыр. 
Жанр дегеніміз бұрыннан келе жатқан типологиялық құбылысқа 
жататын, тарихи қалыптасқан құбылыс емес. Бұлардың құрылымы мүлдем 
басқа арнада болғанымен, белгілі бір жанр туындысы ретінде көрініс береді. 
Мысалы, роман секілді, комедия секілі, элегиялы жанрдың өздеріне ортақ 
құндылығы не? Ал бұған жауап алу үшін шығарманың өзіне үңілген дұрыс. 
Айтпағымыз, шығармадағы автордың өз ойын нақты беру тәсілін жанрлық 
бірлік құрайды.
В.Г.Белинский еңбектерінде былай дейді: «Әдебиет идеяны сыртқы 
көрініске, рухани тіршілікті нақтылы, пластикалы образға айналдырады. Ішкі 
сыр түгелдей сыртқы көрініске айналып, ішкі мен сыртқының жігі білінбей 
екеуі біте қайнасып келіп, дербес бір шындық – оқиға болады. Ондайда 
автордың өзі тасада қалады да, біздің көз алдымызда өздігімен өсіп-өніп 
жатқан өмір ғана тұрады. Автор сол өмірдің жай-жапсарын айтып беруші ғана 
тәрізді. Эпикалық жанр деп осыны айтамыз». 
Ал отандық ғалымдардың бірі Қ.Жұмалиев : «Эпос – көркем әдебиеттің 
негізгі жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда 
эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың 
араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір құбылысын 
суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты баяндаса да, не 
олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса да, жазушы өзінің оларға қалай 
қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші, бақылаушы, біреулерден естіп, сол 
естігенін, объективтік қалыпта суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. 
Міне, осы әдіс негізінде берік сақталып жазылған көркем шығармалар,мейлі 
өлеңмен, мейлі қара сөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады» деген 
анықтама береді.
Біз зерттеуге алып отырған тақырып осы эпикалық дәстүр шеңберіндегі 
«Едіге батыр» эпосы.
Қазақ халқының ғана емес бүкіл түркі әлемінің фольклорында ойып 
тұрып орын алатын эпостық жырдың бірі әрі біз зерттеуге алып отырған өзекті 
тақырып – Едіге батыр. 
«Бұрынғы өткен заманда, Хорезмнің жұртында, Тоқтамыс деген бір хан 
болған. Ол ханның мекені Қоңырат елінде екен. Ханның қарауында қырық 
мың үйлі қоңырат, қырық мың үйлі қыпшақ, қырық мың үйлі маңғыт, қырық 



мың үйлі қазақ, қырық мың үйлі қарақалпақ, он мың үйлі қаңлы, қырық мың 
үйлі қытай, қырық мың үйлі Жаумыт, қырық мың үйлі Шаудыр, он мың үйлі 
үйсін, он мың үйлі ұйғыр, он мың үйлі найман т.б. бар екен. Осы айтылған 
рулардың әр қайсысынан бір адам сол ұлы ханның қызметінде болады екен. 
Бірі метр, бірі құсбегі және біреуі шайх, және біреуі наип, және басқалары да 
сондай бір амалда болған. Осы амалдардың ұлысы және замандағы ұлы 
рулардан саналған, тоқсан үйлі тоқмаңғыттан шыққан Тұлымби қожа екен...» 
деп басталатын «Бабалар сөзі» сериясындағы «Едіге батыр» эпосын оқып 
өскен ұрпақтың алдында тек шығармашылық байланыс, сюжеттік көрініс қана 
болмауы керек. Себебі батырлар жыры ішінде, эпикалық дәстүрі тұрғысынан 
бұл эпос үлкен зерттеуді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет