7. Оқу-әдістемелік жағынан жабдықталуы
Дәріс 1. CLIL-ға кіріспе / жадта жаңғырту.
Дәріс жоспары:
1. CLIL бойынша кейбір шаралардың үлгісін жасайсыз және олардың неліктен CLIL екенін талқылайсыз.
2. CLIL анықтамасы мен ол туралы түсінігіңізді нақтылайсыз (тереңірек).
Дәріс тезисі.
Үш тілде білім берудің бір бағыты болып жаратылыстану-математикалық бағытының «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология», «Жаратылыстану» пәндерін ағылшын тілінде оқыту болып табылады, ол дәстүрлі әдістер мен оқыту әдістерінен өзгешелерді талап етеді.
CLIL-технологияны пайдалану білім беру проблемаларының айтарлықтай ауқымын шешуге мүмкіндік береді.
Тілдік емес пәндерді бір мезгілде оқыту күтілетін оқыту мақсаттарына жетудің және кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады. CLILды орта білім беру тәжірибесіне енгізу кезінде ықтимал қауіптерді болдырмау үшін мұғалімдер осы әдістемені меңгеруі тиіс. Шығармашылық және сыни ойлауды дамытуға назар аударылады, білім алушыға күрделі жағдайда болу мүмкіндігі жасалады, сонымен қатар оған эмоциялық жағынан оны жеңуге көмек беріледі.
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер (1-8)
Дәріс 2. «Жандандыру бойынша CLIL»
Дәріс жоспары:
Бұрынғы білімді жандандыру және сабақта қолдану туралы жаңа идеяларды меңгеру.
CLIL және оның сипаттары туралы түсініктерді (әрі қарай) айқындау.
Жандандыру бойынша кейбір CLIL жаттығуларын бағалау және тәжірибеде қолдану.
Дәріс тезисі: Оқу процесін оңтайландыру бұл оқушыларды оқытуда ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған барлық ресурстарды, әдістер мен стратегияларды жүйелі түрде жақсарту және тиімді пайдалану.
Оқыту процесін оңтайландыру оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін талдауды және бағалауды, сондай-ақ материалды жақсы меңгеруге, дағдыларды дамытуға және алға қойған мақсаттарға жетуге көмектесетін жаңа әдістер мен стратегияларды әзірлеуді және енгізуді қамтиды.
Жандандыру өте маңызды рөл атқарады, өйткені бұл бізге оқушылардың тақырыпты екі тілде де, зерттелетін пәнде де біледі.
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер (1-8).
Достарыңызбен бөлісу: |