Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет63/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Ұн кенесі(Tyrogluphus farinae L.). Ұн кенесібарлық жерге тараған, алайда алғаш рет ұннан табылғандықтан да осы атқа ие болған. Басқа түрлерге қарағанда астық қорында бұлар жиі кездеседі. Кене денесінің ұзындығы 0,35-0,70 мм сопақ, ақшыл түсті, үсті жылтыр, басы мен аяқтары қызғылт немесе қоңыр. Түгі мен тікенектері қысқа. Арт жағында екі қос ұзын тікенегі болады. Еркек кененің алдыңғы аяқтары жуан, орта тұсынан сыртқа қарай қисық жаралған. Кене баяу қозғалады.


Бақылау сұрақтары:



  1. Бізтұмсықтардың (Curculionidae) түрлері.

  2. Кеміргіштердің түрлері.

  3. Көбелектердің (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera) түрлері.


Практикалық сабақ № 10
Тақырып: Астықтың ылғалдылығы және оны анықтау тәсілдері


Сабақтың мақсаты: Ылғалдылық ұғымымен және оны анықтау тәсілдерімен танысу.Қойма зиянкестерінің түрлерімен, олардың астықты зақымдау жолдарымен және оны анықтау тәсілдерімен танысу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: дән үлгілері, БИС-1, таразы, лабораториялық диірмен, тор елегіштер, СЭШ-ЗМ кептіргіш шкафы, бюкстер, эксикатор, т.б.және зиянкестермен зақымданған әр түрлі астық дәндері, ажыратқыш тақта, үлкейткіш әйнек, шыны ыдыстар, таразы, 1% -дықкалий қышқыл марганец ерітіндісі, тор ыдыстар, ПООК-1, қосымша таратқыш материалдар, т.б.
Астықтың ылғалдылығы дегеніміз -алынған өлшемніңқұрамындағы гигроскопиялық (бос немесе байланысқан) судың пайызбен берілген қатынасы. Астықтың ылғалдылығы міндетті түрде анықталуға тиісті негізгі сапалық белгі болып табылады.
Өнім құрамындағы су сол өнімді өңдегенде, ұзақ уақыт сақтағанда оныңсапасына әсер етеді. Әрбір өнім өзінің құрамындағы кұрғақ заттың мөлшері бойынша бағаланады. Оны сатқанда (сатып алғанда) осы белгісі бойынша құнына болмаса салмағына кеміту немесе үстеме жасалады.Сақтау барысында бұл көрсеткіш үнемі кадағаланып отырылады.
Астық массаларын олардың түрлеріне және ылғалдылығына байланысты:

  • құрғақ;

  • орташа құрғақ; - ылғалды;

  • сулы деп төрт топқа бөледі .

Өнім құрамындағы ылғалдың мөлшері базистік және шектеулік кондициямен беріледі. Негізгі астық дақылдарында өсіру аймағына байланысты базистік кондиция 14,5%-ды, ал шектеулік кондиция 19%-дықұрайды.
Астықтың ылғалдылығын анықтау тәсілдері шартты түрдетуражәнежанама болып екіге бөлінеді.
Тура тәсілге салмағы 25-50г болатынөлшемнен арнайы құралмен (2.1-сурет) құрамындағы суды бөліп алу (дистиляция) жатады. Ол үшінүлгіні 0,1г дәлдікке дейін өлшеп алады да, оны колба ыдысына салыпүстінен техникалық сұйық май құйып қыздырады. Дән құрамындағы су бу болып көтеріліп, салқындатқыш арқылы жинағышта шоғырланған судың салмағын өлшеп, оны өлшем салмағына пайыздық қатынаспен беру арқылы ылғалдылығын анықтайды.
Астықтың ылғалдылығын анықтауда тәжірибеде кеңінен қолданылатын тәсіл - жанама тәсіл. Бұл тәсіл өз кезегінде екі топқа бөлінеді. Олар:

  • термостатты-кептіріп анықтау;

  • электр ылғал өлшегіштің көмегімен анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет