Алматы Университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Көлік түрлері және қоғамдағы рөлі.
Тексерген: Алимбеков Айдос
Орындаған: Асетов Турсынбай Бауыржанүлы
Факультет: ОПД 2/4
Көлік түрлері:
1. Автокөлік
2. Теміржол
3. Әуе көлік
4. Су көлігі
5. Құбыр көлігі
Қоғамдағы рөлі:
Қазіргі кездегі қоғамда адамның өте аз қажеттіліктері өндіру мен тұтыну аумақтары арасында географиялық үзіктерді толтыруды қамтамасыз ететін көліктің көмегінсіз қанағаттандырылуы мүмкін. Көліктік қызмет тауарлар мен адамдардың географиялық жағдайларын өзгерту арқылы қоғам қажеттіліктерін қанағаттандырудың дәрежесін өсіруге бағытталған экономикалық қызметтің бір бөлігі болып табылады. Экономиканың сферасы ретіндегі көліктің ерекшелігі сол - өздігінен ол жаңа материалдық өнімді өндірмейді, өндірісті шикізат, материал, жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, оның жасалуына ғана қатысып, дайын өнімді тұтынушыға жеткізеді.
Материалдық өндірістің ерекше саласы ретінде көлік жеке елдер мен тұтастай әлемде бұл үшін ең қолайлы географиялық жағдайларда өндірістің дамуы мен мамандандырылуының жоғарғы дәрежесін мүмкін қылдырды. Көп жағдайда ол экономикалық процестердің белсенділік дәрежесін өсіріп, катализатор ретінде көрінеді. Көлік өндіріс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол жақсы жеке тұрмыс жағдайының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу үшін қажет. Жеке аймақтардың мамандандырылуы мен олардың кешенді дамуы көліктің қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен қатар, әдетте тасымалдауларға деген қажеттіліктердің артуы қоса жүретін жаңа өндірістерді құру жөніндегі шешімді қабылдау, аймақтың көлік инфрақұрылымының даму деңгейі мен сол қажеттіліктерді қамтамасыз етуге деген оның мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады. Яғни, көлік факторы өндірістік күштердің тиімді орналасуына шешуші әсерін тигізеді.
Көлік тізбегінің рөлі сонымен қатар тұтастай экономиканың материалдық балансталуын, әрбір елдің бүкіл шаруашылық кешенінің қалыпты қызметін қамтамасыз етуде баға жетпес. Көлік жергілікті және жалпымемлекеттік нарықтың қалыптасуы мен қызмет етуі үшін жағдай жасайды. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу кезінде көлік жүйесін рационалдаудың мәні айтарлықтай өседі. Бір жағынан, көлік факторына кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі тәуелді болады, ал бұл нарық жағдайында тікелей олардың тіршілікке қабілеттілігіне байланысты, екінші жағынан, нарық тауарлар мен қызметтерді айырбастауды білдіреді. Осылайша, көліксіз нарықтың да болуы мүмкін емес. Осының нәтижесінде көлік нарық инфрақұрылымы мен тұтастай мемлекеттің экономикалық базасының маңызды құрамдық бөлшегі болып табылады.
Нарық инфрақұрылымының жалпы жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде көлік нарық субъектілері арасындағы тауар айналымының міндеттерінің қалыпты, үздіксіз шешілуін қамтамасыз ететін институттардың кешені ретінде танылады. Оның қызметі ұдайы өндіріс процесінде өндірістік қорларды құру мен олардың нарыққа түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Басқа сөзбен айтатын болсақ, көлік өндірушілер, сатушылар мен сатып алушыларды бөліп тұрған уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Экономикалық жағынан ол өндіруші мен тұтынушы арасындағы уақыттық және кеңістіктік алшақтықты жояды. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі көліктің рөлі сөзсіз. Өнімді өндіруді өсіру көбірек шикізатты, нарықтың ауқымды көлемдері мен көліктік жұмыстың үлкен көлемін талап етеді. Сондықтан көлік ұлттық және дүние жүзілік шаруашылықтың сергек барометрі ретінде танылады. Сонымен қатар көлік құралдары, энергия сақтаушылары, құрылыс және басқа да материалдардың ірі тұтынушысы болып, ол жаппай ішкі өнімнің қалыптасуына айтарлықтай әсер етіп, көбіне өндірістік қуаттардың жүктелуін анықтайды.
Көптеген дамыған елдердің жаппай ішкі өнімдегі көліктің үлесі 4-9% ауқымында, халықтың жұмыс бастылығында – 3-8% ауытқиды. Бұл мәліметтерге экономикадағы көлік қызметтерінің мәнін өсіретін жеке және фирма ішіндегі көлік кірмейді. Қазіргі замандағы өндіріс ауқымдарында салмақтық шамадағы өнімнің көлемі орташа бір тұрғынға шаққанда дамыған елдерде жылына 20-25 т., ал тұтастай дүние жүзінде – 10т. жетеді. Сонымен қатар, қоғамдық өнімнің әрбір тоннасы өндіріс сферасында жиынтық (кәсіпорын ішіндегі технологиялық тасымалдарды есептемегенде) және айналым сферасында халықаралық теңіз тасымалын есепке алғанда, көлік жұмысының орташа алғанда 860 ткм, және олардың есебінсіз 550 ткм талап етеді.
Экономикалық дамудағы тасымалдардың жаппай ішкі өнімнің рөлін талдау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады: жүк айналым мен жаппай ішкі өнімнің қатынасы, бір тұрғынға кірісіне қатысты көлікке деген сұраныстың икемділігі. Жүк айналым (тонна-км) мен жаппай ішкі өнімнің қатынасы - өндірістік дамыған елдерде ең аз – жаппай ішкі өнімнің бір долларына жүк тасымалының шамамен 2,4 ткм , орташа даму деңгейлі елдерде – 2,8 ткм, шығысеуропалық мемлекеттерде – 5,3 ткм келеді. Шамамен осындай арасалмақ сұраныс икемділігінде де байқалады. Көрсеткіштердің айырмашылығы айтарлықтай. Олар бірдей экономикалық өсім жоғары дамыған елдерге қарағанда, азырақ дамыған елдерде ауқымды тасымалдарды талап ететінін білдіреді. Бұл бірқатар факторлармен түсіндіріледі, олардың бастылары - өндіріс ерекшелігі (дамып жатқан елдердегі шикізаттық бағыттағы ауқымды көліктік өнімнің басымдылығы), территория масштабтары, көлік инфрақұрылымының даму деңгейі. Көлік жүйесінің дамуындағы мемлекеттің қатысуының қомақты рөлін ерекше атап өту қажет. Көлік ұзақ инвестициялық циклі, физикалық және моралдық тозудың жоғары деңгейі бар шаруашылықтың материалдық және энергиялық ауқымды секторы болып табылады. Көліктің үлесіне негізгі әлемдік қорлардың 20 % келеді.
Негізінен бәсекелестік, техникалық және технологиялық жетілдірулер, тауарлардың тіршілік циклының қысқаруы мен тұтынушылардың сапа мен бағаға қатысты қысымының өсуі өндірушілерді, көлік және қатынас компанияларын өндіріс шығындарын төмендету үшін күш салуға мәжбүр етеді, ал бұл өз кезегінде тарифтердің төмендеуіне әкеледі. Ғасырдың басынан бастап көлік және қатынас тарифтері шамамен 12 есеге төмендеді. Интернационализация процестері тарифтік тосқауылдардың жеңілдеуіне мүмкіндік жасады. Бұл процесс тасымал мен байланыс қызметтеріне бағаның төмендеуімен қатар ішкі және сыртқы нарықтар арасындағы су айрықты кішірейтті, өндіріс шығындары анағұрлым төмен аудандарда кәсіпорындарды орналастыру үшін жағдай жасады. Көліктің әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі мәні де өте зор. Территорияның жақсы дамыған көлік жүйесімен қамсыздандырылуы халық пен өндірісті тарту факторының бірі болып интеграциондық нәтижені құрайды.
Көлік материалдық өнімді өндірмей, тек оны тұтыну пункттеріне жеткізуге ғана қатысқанымен, көліктік шығындар тауар бағасында ескеріледі. Өнеркәсіптің бірқатар салалары бойынша көліктік шығындар айтарлықтай қомақты, мысалы, орман, мұнай өнеркәсібінде, онда олар 50% асуы мүмкін. Ұлан-ғайыр территориясы мен біркелкі орналаспаған қорлары, халқы мен негізгі өндірістік қорлары бар Қазақстан Республикасында көлік факторының мәні ерекше. Сонымен, көлік - әрбір мемлекеттің экономикасының маңызды құрамдас бөлшегі. Көлік жүйесін көліктің әр түрлері қалыптастырады. Айта кету керек, көліктің түрлерге бөлінуі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының салаларға бөлінуінен түбегейлі түрде ерекшеленеді. Көліктің әр түрлері, негізінен, бір өнімді шығарады – жүк пен жолаушылар тасымалын жүзеге асырады. Өнімнің сапалық айырмашылығын негізге ала отырып, көлік өндірісінің тек екі саласын ғана – жолаушы және жүк көлігін бөліп көрсетуге болушы еді. Алайда көліктің барлық түрлері (құбырлықтан басқа) жүк және жолаушы тасымалын жүргізе алады. Сонымен қатар темір жол, су және әуе көлігінде көптеген кәсіпорындар (жолдар, пароход, әуе жолдары) жүк пен жолаушыларды тасымалдайды, яғни, көліктің бірден екі «саласына» жатады.
Көлік түрлері бір-бірінен өз өнімдерінің сапалық ерекшеліктерімен, пайдаланатын шикізаттың түрімен немесе өндіріс сатысымен емес (өнеркәсіп салалары сияқты), табиғи және жасанды қатынас жолдарын пайдалануымен ерекшеленеді. Бұл өзгешеліктердің негізінен географиялық сипаты бар. Көлік түрлерінің табиғи түрде геосфералар бойынша топталуы кездейсоқ жағдай емес (жер үстіндегі су және әуе). Көліктің алты негізгі қазіргі замандағы түрлері бар: теміржол, автожол (автомобильдік), теңіздік, ішкі су (өзен мен көлдегі), әуе және құбырлық. Ғылыми-техникалық прогресс көліктің жаңа түрлері мен ескілерінің жаңа түрлерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады – ауа жастығындағы су және жер үстіндегі көлік, аспалы моно-рельстік және арқандық жолдар, соңында, сусымалы жүктерге арналған құбырлар, ленталық транспортерлер. Соңғылары әзірше тек кәсіпорын ішіндегі тасымал үшін ғана қолданылады (яғни өнеркәсіптік көліктің бір түрі болып табылады). Көліктің ерекше түрі (электрондық) болып, негізінен, электр энергиясын жеткізу желілері де саналады. Көліктің әр түрлері табиғи немесе жасанды орнатылған түрлі қатынас жолдарын пайдаланады. Соңғыларына темір жол мен автомобиль жолдары, құбырлар, теңіздік және ішкі кеме жүзетін каналдар, сонымен қатар, жетілдірілген өзен жолдарының қомақты бөлігі жатады.
Көліктің түрлерге бөлінуімен қатар көлік кәсіпорындары мен олардың жұмыстарының (көлік өнімінің) қызмет көрсететін байланыстарының сипаты бойынша, яғни қатынас түрлері бойынша бөлінуінің үлкен маңызы бар. Осылай, халықаралық және мемлекетішілік қатынастарды бөліп көрсетеді, олар өз кезегінде ауданаралық, ауданішілік және жергілікті, қалааралық пен қалаішілік қатынастар деп бөлінеді. Көліктің ешбір түрі тек халықаралық немесе ішкі, қалааралық немесе қалаішілік қатынастарға қызмет көрсетумен ғана шектелмейді. Көліктің қандай да бір түрін қатынастың белгілі бір түрі үшін басымырақ қолдану туралы ғана айтуға болады. Теңіз (ал көптеген елдерде әуе) көлігі негізінен халықаралық, бірақ айтарлықтай мөлшерде ішкі (аймақаралық) тасымалдарда пайдаланылады. Көліктің барлық басқа түрлері үшін негізгі болып ішкі қатынастар табылады, сонымен қатар, автокөлік қалаішілік және қала маңдық тасымалдар үшін кеңінен пайдаланып келе жатыр. Көліктің әр түрлерінің сыртқы саудалық қатынастарды жүзеге асыру кезінде әлемдік шаруашылықтың жүйелеріндегі рөлі бірдей емес. Оның көрсеткіші - фрахтың экспортталатын / импортталған тауарлардың бағасына қатысын білдіретін көліктік құрамдас бөлшек болып табылады.
Көліктік құрамдас бөлшек халықаралық мамандандыруға және кооперативтік өндіріске белсенді түрде әсер етеді. Қосымша көлік шығындарының көлемі халықаралық мамандандыру мен өндірісті кооперациялаудан алынатын табыстан асып түсетін жағдайда соңғысы тиімсіз болып қалады. Көліктік шығындар құндық жағынан халықаралық жеткізулердің көлеміне қатысы бойынша айтарлықтай шаманы құрайды. Дамыған елдерде фрахт көлемі импорт құнының шамамен 5%, дамып жатқан елдерде – 10%-ға дейін, шығысеуропалық елдерде – 10% астам шамаға дейін жетеді. Көрсетілген арасалмақтар ең алдымен көлік қызметтеріне әлемдік экспорттық баға мен тарифтерінің түрлі динамикасымен, сонымен қатар, шикізат бағасындағы «көліктік құрамдас бөлшектің» салыстырмалы жоғары және дайын өнімдерге салыстырмалы төмен меншікті салмағынан, әлемдік нарықтардың алшақтығының әсерімен түсіндіріледі. Осылай, көлік ішкі тауар айналымды қамтамасыз етуімен қатар, халықаралық сауда-саттықтың көлік инфрақұрылымын құрай отырып, сыртқы экономикалық байланыстарда маңызды рөл ойнайды.
Шетел зерттеушілері көлік шығындарының үдеп бара жатқан төмендеуі көлік құралдарының ауқымды жүк көтермелілікті тасымалдау кезінде меншікті көлік шығындарының қысқаруы алға тартылып отыр) өндірушілердің тауар қозғалысына тиімді бақылауды жүзеге асыра алатын аралықты ұлғайтты деп айтып отыр. Расында да, көлік пен тасымалдау облысындағы алға басушылық халықаралық тасымалдардың ерекшелігіне көпжақты әсерін тигізді. Тасымалдардың өсімі қатынас жолдарының көбеюінен басым келе жатыр. АҚШ-ты мысалға ала отырып экономикалық даму бойында жүк айналымның динамикасына төмендеу, ал жолаушылар айналымына - өсу тән екеніне көзімізді жеткізе аламыз. Осылай, 1940-1985жж. ішінде СЖӨ 4,9 есе, қалааралық жүк айналым – 3,9 есе, ал қалааралық жолаушылар айналымы – 5,6 есе өсті. Барлық көліктердің ішінде тасымалданатын жүктердің көлемі (салмағы) бойынша бірінші орында көліктің автомобильді түрі тұр, одан кейін теміржол, теңіздік, құбырлық, ішкі су мен авиациондық түрлері орналасқан. Автомобильді көлікпен жүк тасымалдарының қарқынды ұлғаюы көліктің басқа, әсіресе, теміржол және ішкі су түрлерімен тасымалдардың қысқаруына әкеліп отыр. Бұл көптеген себептермен, оның ішінде олардың желілерінің анағұрлым аз тығыздылығымен, шамадан артық тиеусіз тауардың «есіктен есікке» жеткізілуін қамтамасыз ете алмайтындығымен түсіндіріледі. Өнеркәсіптік өндірістің шоғырлану процестері өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін темір жолдары мен ішкі су жолдарының интеграциясына мүмкіндік туғызды. Өндірістің үзіктілігі, сұраныстың диверсификациясы мен бұйым номенклатурасының ұлғаюы автомобильдік көлік рөлінің өсуіне әкеледі. Темір жол көлігі үйінді және салмақты жүкті тасымалдауларға тәуелді болады.
тасымалдарының 80% келеді, ал тас көмір мен ауылшаруашылық өнімдері сияқты жүктер сәйкесінше 38 және 12% құрайды. Көліктің жеке түрлерінің әлемдік жүк айналымдағы приоритеттері де өзгеріп отырады. Жүк айналымның көлемі бойынша (ткм) теңіз көлігі алда келе жатыр, оның үлесіне әлемдік аумақтың 60% келеді. Жүк айналымында теңіз көлігінің алып отырған бірінші орны тауар айналымның едәуір дамуымен де, теңіз тасымалдарының 7 мың км. асатын орташа қашықтығымен түсіндіріледі. Жүк тасымалдарының құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. 50-70ші жылдары құйылмалы жүктердің тасымалдары озық қарқынмен өсіп келе жатты. 1962ж. олар алғаш рет теңіз тасымалдарының барлық көлемінің жартысынан асып, ол деңгейден 1980ж. дейін төмен түскен жоқ. 1980-ші жылдары мұнай шығару географиясындағы өзгерістерге байланысты құрғақ жүктердің үлесі ұлғайды. Бұл өзгеріс танкерлі флоттың кенет қысқаруы мен негізгі жүктерді тасымалдауға арналған кемелердің шамамен сондай көлемдегі ұлғаюына әкелді.
Магистральді және жергілікті көліктің қарқынды дамуы көп түрлі көлік құрылымының қалыптасуына және оның жеке түрлерінің арасындағы өзара әрекеттестіктің күшеюіне әкелді. Зор дәрежеде бұл контейнерлік тасымалдарды ұйымдастырумен жеткізіледі. Контейнерлерге жүктелген тауарлар, түрлі кезеңдерде тасымалдар көліктің әр түрлерімен жүзеге асырылып отырса да, жіберушіден алушыға аралық қоймалық операцияларынсыз тікелей жеткізіледі. Сонымен қатар, контейнерлік тасымалдарды пайдалану көлікті қолданудың тиімділігін айтарлықтай көтеруге, еңбек өнімділігін кенет өсіруге мүмкіндік жасады. Контейнеризация процесі мен алдыңғы қатарлы көлік технологияларын енгізу аралас халықаралық тасымалдардың (мультимодальдық, интермодальдық, комбинацияланған) пайда болуы мен дамуына әкелді. Көліктің әр түрлерінің қатысуымен жұмыстары қатаң үйлестіріліп, өзара байланысқан интеграцияланған көлік жүйелері құрылды. Аралас тасымалдар қарқынды дамыды, ол туралы теңіз контейнерлік тасымалдардың көлеміне қарап топшылауға болады. 1980-ші жылдары олар жылына орташа алғанда 9%ға астам өсіп отырды.
Аралас тасымалдар көлік компанияларын өздерінің сегменттік бытыраңқылығын жеңуге итермеледі және барлық көлік индустриясының тік интеграциясы процесіне мүмкіндік туғызды. Басқа себептермен қатар олар өз қызметтерін тек тасымалға ғана емес, көптеген ілеспелі операцияларға да тарататын көптүрлі немесе жалпы (тотальды) көлік компанияларының пайда болуына әкелді. Бұл компаниялар енді аймақтықтан бастап дүниежүзілікке дейінгі кеңейтілген географиялық негізде әрекет етуде. 1980-ші жылдардың ортасында тайваньдық «Инвергрин лайн» және американдық «Юнайтед Стейтс лайнз» жалпыәлемдік контейнерлік тасымалдарға көшті. Халықаралық тасымалдардың жүйесінде үлкен орынды транзит – жолаушылар мен жүктерді аралық пункттер арқылы бір пунктіден екіншісіне тасымалдау алады. Транзитті халықаралық қатынастарды орнату экспорттық және импорттық ұйымдарды артық жүктен және жүктерді қайта жіберуден, құжаттарды қосымша ресімдеуден және шекаралық пункттер мен порттарда тасымалдар үшін есептесуден босата отырып, оларға қолайлылықты қамтамасыз етеді. Жүктер мен жолаушылардың транзиті үшін тек теміржолдық, автомобиль, әуе жолдары мен құбырлары ғана емес, порттар да, сонымен қатар асулық құрлықтағы пункттердің көлік құралдары да қолданылады.
Әлемдік көліктің экспорт пен импортқа қатысуы оның экономика үшін мәнін күшейтеді, көлік құралдары мен жүйелерінің ары қарай дамуына мүмкіндік туғызады. Қазақстан Республикасында көліктің барлық негізгі түрлері ұсынылған: теміржол, автомобиль, авиациялық, құбырлық, теңіз және өзен. Көліктік кешен - өндіргіш күштерді территориалдық ұйымдастыруда басты орынды иемденетін күрделі салааралық жүйе. Көлікті экономикалықгеографиялық жағынан зерттеу көлік жүйесінің қызмет етуінің территориалдық ерекшеліктерін ашуға бағытталған. Бұл жағдайда көлік жүйесінің жеке бөлшектерінің де, бір-бірімен көлік арқылы әрекеттесетін түрлі халықшаруашылық объектілердің де көліктік-географиялық жағдайының бағасы ерекше мәнге ие болады. Көлік жүйесінің құрамында көліктің әрбір түрінің ең алдымен пайдалану шығындарының деңгейіне, қажетті капиталдық салымдарға, отын мен энергияның меншікті шығынына, жүк және жолаушылар ағындарының қуатына, тасымалдың қашықтылығына, жүктердің түріне байланысты болатын өздерінің ұтымды пайдалану сфералары болады. Мысалы, теміржол көлігі салмақты жүктердің тасымалын, теңіздік – құрлықаралық тасымалдарды үлкен қашықтықтарға, сонымен қатар, көлемді және аз каботажбен жүзеге асырады.
Соңғы уақытта жалпы жүкайналымдағы Қазақстанның теміржол көлігінің үлесі төмендеді, бірақ ол елдің көлік кешеніндегі өзінің жетекші мәнін сақтап отыр, бұл ең алдымен жер үстіндегі көліктің басқа түрлерінің алдындағы техникалық-экономикалық артықшылықтарымен және бас магистральдардың негізгі көліктік-экономикалық қатынастарға сәйкестілігімен қамтамасыз етіледі. Су жолдары барлық жерде оларға сәйкес келе бермейді. Сонымен қатар, қыс айлары көптеген өзен және теңіз жолдарындағы кеме жүруді ұзақ мерзімге тоқтатады. Республика жүк айналымында өзен көлігінің меншікті салмағының қысқаруы ең алдымен көліктің басқа анағұрлым нәтижелі көлік түрлерінің – құбыр және автомобильді түрлерінің болуымен түсіндіріледі. КСРО-ң ыдырауы мен халықаралық экономикалық байланыстарды кеңейту халықаралық экономикалық қатынастардың өсуіне және сәйкесінше жүк пен жолаушылар айналымында теңіз көлігі үлесінің өсуіне әкелді. Құбырлық көліктің рөлі күннен-күнге артып келеді, алайда ол шикі мұнай, оны қайта өңдеу өнімдерін және табиғи газды тасымалдауды жүзеге асыратын тар мамандандырылған болып алып отыр. Теміржол көлігі жолаушылар айналымы бойынша автокөлікке жол береді. Автокөліктің меншікті салмағы әсіресе қалаішілік тасымалдарда жоғары. Оның рөлінің артуы заңды нәрсе, себебі жолаушылар тасымалының үлкен бөлігі тура теміржол байланысы жоқ елді - мекендердің арасындағы маршруттарға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |