Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет67/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары



  1. Құрама жем түрлеріне талдау жасаңыздар

  2. Құрама жем өндірісінің шикізат базасына қойылатын талаптар қандай?

  3. Құрама жем өнеркәсібінің жаңа технологиясына түсінік беріңіздер

  4. Құрама жем зауыттараның типтерін атаңыздар


Практикалық сабақ № 12
Тақырып Астық тазартуға арналаған астық тазарту машиналары.
Қабылданатын астықты тазарту тәсілдері.


Мақсаты: Қабылданатын астықты тазарту тәсілдерімен студенттерді таныстыру.
Жоспар:

  1. Астықты тазарту

  2. Бөлу белгілері

  3. Астық тазартатын жабдықтардың қысқаша сипаттамасы

Кез келген астық массасында, астық тапсырушылардан келіп түсетін органикалық және минералды заттар болады. Органикалық қоспалар арасында әсіресе физиологиялық қатынаста жабайы өсімдіктердің тұқымдары ұрылған, соған және дифект астық белсенді болып келеді. Олардың тыныс алу интенсивтігі негізгі астық дақылынан әлдеқайда жоғары. Бұл сақтау кезінде астық массасының тұрақтылығына ықпал етеді. Зиянды органикалық қоспалар (улы өсімдіктер тұқымы) адам мен жануарларды уландыру мүмкін. Жабайы өсімдік тұқымдары, соның ішінде карантинді өсімдіктер де топыраққа енген кезде осы өсімдіктердің таралуына себеп болуы мүмкін. Минералды және металломагнитті қоспалардың бар болуы астық өнімдерінің тұтнушылық құндылықтарында айтылады, оларды тағамға қолдану мүмкін емес. Мұндай қоспалары бар астық партияларын өңдеу мүмкін емес, себебі олар ұсату машиналарын қиратуға әкеледі немесе жұмыс орнында ұшқып тұрады, нәтижесінде жарылысқа өртке әкелуі мүмкін.
Тәжірибеде кең қолданылатыны келесілер:

  • ені бойынша - дөңгелек саңылаулы елеуіштерде;

  • қалыңдығы бойынша сопақша саңылаулы елеуіштерде;

  • ұзындығы бойынша ұяшықты беткі жағында;

  • пішіні бойынша - фасонды саңылаулы елеуіштерде (мысалы үшбұрышты) немесе иілімді майда бетті;

  • аэродинамикалық қасиеттері бойынша - пневмосерататорлайтын каналдарда; прішіні және беткі жағының күйі бойынша иілімді жазықтықта;

  • серпімділігі және созу үйкелісінің коэффициенті бойынша вибросоғылысты сепарирлеу; магниттік сепарирлеу бойынша - магниттік сепарирлеу;

  • тығыздығы және үйкеліс коэффициенті бойынша вибралы орын ауыстыру; тығыздығы бойынша - коникалық беткейінде өздігінен сұрыпталу;

  • мөлшері, үйкеліс коэффициенті, тығыздығы бойынша қозғалмайтын иілімді елеуіштерде.

Жұмыс органдарында астық тазарту машиналарының көп түрі бар. Мысалы електі сепараторлар (елеуіштерде); ауалы елеуіш сепараторлары (елеуіштер және каналдарда пневмосұрыптау); триерлер (ұяшықты беткейде); аспирационды бағандар, ауа сепараторлары (аэродинамикалық қасиеттері бойынша) вибропневматикалық тастан айыру машиналары және сұрыптау үстелдері (вибрациялы орып ауыстыру); тастан айыру машиналары (ауытқымалы коникалық беткейлер) сұрыптаушы горкалар (қозғалмайтын иілімді елеуіштерде) магниттік сепараторлар және т.б.
Технологиялық линияда кептірер алдында сепараторларда немесе қауыздан айырғыштарда тазарту қарастырылады, астықты керекті кондицияға дейін жеткізу үшін ауалы - елеуішті сепараторларда бірретті немесе екіретті тазарту қарастырылады ( кептіруден кейін). Егер бұл жеткіліксіз болса, тазартылатын астықтағы қоспаларпдың мөлшері мен құрамына байланысты триерлерді, аспираторларды, пневмосұрыптау үстелдерін, тастантазартқыштарды және басқа машиналарды қолданып қосымша тазартуды жүргізеді.
А1-БИС және А1-БЛС астық тазарту сепараторлары ауа -елеуіштерге жатады. Мұнда астық өзінен ені және қалыңдыңы бойынша ерекшеленетін қоспалардан тазартылады. А1 - БИС-12 сепараторы жабық елеуішті кузовтан және блоктан тұрады. Кузовтаені ІІ жұмыс секциялары бар, әрбіреуінде екі ярус орнатылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет