Ұсақ саңылаулы қабаттарда жер асты газ қоймаларын іздестіру, жобалау, құрылысы, құру және пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар



Дата07.07.2016
өлшемі180.5 Kb.
#181987


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2008 жылғы «22» қыркүйектегі

№ 39 бұйрығымен келісілген

Ұсақ саңылаулы қабаттарда жер асты газ қоймаларын

іздестіру, жобалау, құрылысы, құру және

пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар

1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы әдістемелік нұсқаулықтар ұсақ саңылаулы қабаттарда жер асты газ қоймаларын құру және пайдалану жөніндегі ұсыныстарды анықтайды.

2-тарау. Жер асты газқоймаларының классификациясы
1. Жер асты газ қоймалары (әрі қарай-ЖГҚ) негізгі мақсаты бойынша саңылаулы қабаттарда мыналарға бөлінеді:

1) базистік-газ жинау маусымында салыстырмалы тұрақты режиммен сипатталатын, газ тұтынудың маусымдық (бірнеше ай) қалыпсыздықты қамтамасыз ету үшін;

2) пикті-жинау кезінде тәуліктік өнімділіктің едәуір өзгерістермен сипатталатын, газ тұтынудың қысқа уақыттағы (бірнеше тәулік) қалыпсыздықты қамтамасыз ету үшін;

3) газгольдерлік-жинау маусымында қысқа уақытты айдаулармен сипатталатын, газ тұтынудың қысқа уақыттағы (бірнеше тәулік) қалыпсыздықты қамтамасыз ету үшін;

4) стратегиялық-керек жағдайда пайдаланылатын, ұзақ мерзімді газ қорын жасау үшін.

2. Пайдалану объектілері бойынша ЖГҚ бөлінеді:

1) су асы қабаттары;

2) тозған газ, газконденсатты және мұнай кен орындарында.

3. Объектілер саны жағынан ЖГҚ бөлінеді:

1) бір қабатты;

2) көп қабатты.

4. Қабат энергиясына қарай ЖГҚ бөлінеді:

1) газ режиміндегі (тұрақты газбен қаныққан саңылаулы көлем);

2) су қысымы бар режимді (ауыспалы газбен қаныққан саңылаулы көлем).



3-тарау. Жер асты газ қоймасын құру тұжырымдамасы
5. Тұжырымдама ЖГҚ құрудың алғашқы құжаты болып табылады, газбен қамтамасыз етудің бірыңғай компьютерлік жүйесінің бірлескен жұмыс істеу моделінің (әрі қарай-ГБЖ) негізінде орындалады және ЖГҚ 10 жыл мерзімге жасалады (қажет болғанда одан ұзақ мерзімге) және 5 жылда 1 рет нақтыланады. Тұжырымдаманың міндеті газ тұтынудың бір қалыпсыздығын, оның өзгеру перспективаларын бағалау және ГБЖ-да ЖГҚ жүйесін құру есебінен оны реттеу стратегиясын әзірлеу.

6. Тұжырымдамада:

1) ЖГҚ жүйесімен ГБЖ компъютерлік моделінің сипаты және бейімделу нәтижесі;

2) тұжырымдаманың өткен бес жыл мерзімде іс жүзінде орындалуының талдауы;

3) ГБЖ газды тұтынудың бірқалыпсыздығын және альтернативті энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін талдау;

4) ГБЖ маусымдық және тәуліктік газбен қамтамасыз ету бірқалыпсыздығының өзгеру перспективаларын бағалау;

5) жаңа және қолданыстағы ЖГҚ дамыту (барлау мерзімдерін, қолданыстағы қорлардағы геологиялық, геофизикалы, аэрокосмостық мәліметтер негізінде газ сақтауға арналған перспективті объектілердің сыйымдылық параметрлерін бағалау) үшін геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы;

6) жаңа ЖГҚ құру, қолданыстағы ЖГҚ кеңейту және реконструкциялау (құру мерзімдерін, газдың белсенді көлемін, ЖГҚ тәуліктік өнімділігін бағалау) бағдарламасы;

7) бағдарламалардың экономикалық тиімділігін (геологиялық барлау жұмыстар, жаңа ЖГҚ құру, кеңейту, қолданыстағы ЖГҚ реконструкциялау) бағалау;

8) тұжырымдама тиісті сараптамадан өтеді және белгіленген тәртіппен бекітіледі.




4-тарау. Жер асты газ қоймалары үшін

объектілерді іздестіру және барлау
7. ЖГҚ үшін объектілерді іздестіру және барлау ЖГҚ технологиялық жобалау үшін дұрыс бастапқы мәліметтер алу (әрі қарай-бастапқы мәліметтер) мақсатында іске асырылады.

8. ЖГҚ құру үшін құрылым іздестіру және барлау келесі жұмыстарды жүргізуді көздейді:

1) құрылымның сейсмикалық зерттеулері; құрылымдық бұрғылау;

2) ұңғымаларды барлау бұрғылау;

3) кәсіби-геофизикалық, гидродинамикалық (гидробарлау), геохимиялық және басқа да зерттеулер;

4) газды барлау жолымен құю (қажет болған жағдайда техникалық мүмкіндігі);

5) алынған мәліметтерді өңдеу және бастапқы мәліметтерді беру.

9. Барлау жоба негізінде жүргізіледі және ЖГҚ құру үшін объектіні барлау келісіледі, сараптамадан өтеді және белгіленген тәртіппен бекітіледі.

10. ЖГҚ құруға арналған іздестіру және барлау жобасы газдың жобамен сақталатын көлемінен алаңдағы сейсмикалық, бұрғылау жұмыстарының жүргізу алаңы мен көлемін, кәсіби-геофизикалық, гидродинамикалық (гидробарлау), геохимиялық және басқа да зерттеулерді анықтайды және ЖГҚ технологиялық жобалауына арналған қажетті бастапқы мәліметтер тізіміне енгізеді.

11. Барлау ұңғымаларының саны сейсмикалық зерттеулермен анықталған геологиялық құрылысының күрделілігіне байланысты анықталады.

12. Алаңда барлау ұңғымаларын бұрғылауды құрылысының барлық бөлімшелері бойынша керн алу арқылы іске асырылады.

13. Күрделі тектоникалық құрылысы бар объектілерде қақпақтардың герметикалығын, қабат-коллекторлардың таралу сипатын анықтау үшін және нақтылауды талап ететін басқа да мәселелерді анықтау үшін қажетіне және техникалық мүмкіндігіне қарай белгіленген тәртіппен әзірленіп, бекітілетін барлау газын айдау бағдарламасы бойынша барлау газын айдауды жүргізеді.

14. Газ қоймаларының көлемін оның аумағын үлкейту, қосымша қабаттарды, тозған кен орындарында ЖГҚ құруға арналған жеткіліксіз мәліметтерді пайдалану есебінен және тағы басқа өсіру кезінде құру тәртібі мен бекітілуі ЖГҚ құруға арналған іздестіру және барлау жобасына ұқсас әрі қарай барлау жобасына сәйкес аумаққа әрі қарай барлау жүргізіледі.

15. Мұнай кен орындарында қойманың герметикалығын сақтау кезінде газ құрамының өзгеруін және оны конлициялық параметрлерге дейін тазарту мүмкіндігін анықтау үшін барлау газын айдау жүргізіледі.



5-тарау. Жер асты газ қоймаларын технологиялық

жобалауға арналған бастапқы мәліметтер
16. ЖГҚ технологиялық жобалауға арналған су тұтқыш қабаттағы бастапқы мәліметтерді (әрі қарай-бастапқы мәліметтер) электронды түрде есеп беру және бастапқы ақпарат ретінде барлауды іске асыратын ұйым ұсынады.

17. Бастапқы мәліметтер сейсмикалық зерттеулер, ұңғымаларды құрылымдық және барлау бұрғылау, іздестіру және барлау барысында жүргізілген гидродинамикалық, гидрохимиялық, кәсіби-геофизикалық зерттеулер нәтижелері негізінде жасалады.

18. Бастапқы мәліметтерде болады:

1) барлау жұмыстарының ауданы және алаңы туралы жалпы (жерге орналастыру, орогидрография, елді-мекендер және тағы басқа) мәліметтер;

2) сейсмобарлау және барлау бұрғылау жұмыстарының нәтижесі;

3) барланған алаңдар бөлігінде разрездің литолого-стратиграфикалық сипаты;

4) барланатын алаңның тектоникалық құрылысы;

5) барлық су тұтқыш қабаттар коллекторлар мен қабатқақпақтардың литолого-стратиграфикалық сипаты;

6) барлау бұрғылау кезінде алынған кернді зерттеу нәтижелерін талдау;

7) кәсіби-геофизикалық, геохимиялық және бұрғылау нәтижелері;

8) алаңда бұрғыланған ұңғымалар қорының техникалық жағдайы және олардың конструкциясы;

9) қабат-коллекторлардың сыйымдылық және сүзгіштік сипаттарының бағасы;

10) барлау газын айдауды талдау (жүргізілген кезінде).

Есептің қорытынды бөлігінде барлау жұмысы барысында анықталған газды және өнеркәсіп ағындарының тастауларын сақтауға арналған зерделенген объектілерді, сақтау объектісінің герметикалығын, ЖГҚ құру үшін басқа да шектеуші факторларды пайдалану жөніндегі негізгі қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі.

19. Бастапқы мәліметтерге келесі материалдар қоса тіркеледі:

1) ауданның барлау алаңы және газ көлік жүйесінің көрсетілген ситуациялық жоспары;

2) барлау ұңғымаларын бұрғылау нәтижесі негізінде жасалған ұсынылатын газ сақтау объектілері мен бақылау көкжиектерінің шатыр және табаны бойынша құрылымдық картасы;

3) құрылымның жинақты стратиграфикалық разрезі;

4) құрылымдық ұстап қалу бойынша көлденең және тіке төселуінің геологиялық профилі;

5) қабат-коллекторлар, қабат қақпақтар үстіндегі тиімді қалыңдықтар картасы;

6) қабат-коллекторларың саңылаулығы, өткізгіштік, гидроөткізгіштік картасы;

7) ұңғыма разрездерінің көлденең және тіке салыну бойынша корреляция сызбасы;

8) гидробарлау кезінде бақылау ұңғымаларындағы су, су қысымы (деңгей) дебитінің өзгеру графигі;

9) ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу нәтижелері;

10) көкжиектердің стратиграфикалық белгілеулері бар кесте, ұңғыма альтитудасы, олардың өткізгіштігі, саңылаулығы, керн зерттеулері нәтижесі бойынша фракциялық құрамы, үйлесімділігі және қабат суының тығыздығы;

11) қабат суында еріген газ құрамының фонды мәндерінің, минерализациялау, қабат қысым мен температурасының картасы;

12) барлау алаңындағы барлық ұңғымалар бойынша каротажды цифрленген материалдардың стандартты кешені.

20. Алаңның геологиялық күрделігіне және анықталған қабаттардың жатып қалу ерекшеліктеріне байланысты бастапқы мәліметтер тізімі түрі жағынан өзгереді немесе болашақ газ қоймасының геологиялық моделін және оны дамыту перспективаларын нақтылайтын мәліметтермен толықтырылады.

21. Алаңдағы барлы ұңғыма қорын (пайдалану, бақылау, қадағалау, геофизикалық) бұрғылап болғаннан кейін бұрғылау ұйымы белгіленген тәртіппен бекітілетін бастапқы мәліметтерге толықтырулар жасайды.

22. ЖГҚ технологиялық жобасын әзірлеуді іске асыратын ұйым қосымша бастапқы мәліметтерге талдау жасайды және барлау бұрғылау кезінде алынған нәтижелер бойынша алғашқы бастапқы мәліметтерден көп айырмашылықтар болған жағдайда қажетіне қарай технологиялық жобаға түзетулер енгізеді.

23. Тозған кен орындарында ЖГҚ технологиялық жобалауға арналған бастапқы мәліметтерді-тозған кен орнында ЖГҚ құру мүмкіндігіне жүргізілген талдау негізінде ЖГҚ технологиялық жобасын әзірлеуші ұйым жасайды.

24. Талдау болады:

1) кен орыны туралы жалпы мәліметтер;

2) кен орыны алаңында жүргізілген сейсмобарлау жұмыстарының, құрылымдық бұрғылау, барлау бұрғылау, кәсіби-геофизикалық, гидродинамикалық, геохимиялық зерттеулердің нәтижелері;

3) кен орны шегінде разрездің литолого-стратиграфикалық сипаты;

4) кен орнының тектоникалық құрылысы;

5) газ сақтауға және бақылау көкжиектері ретінде қолданылатын барлық қабаттар-коллекторлар геолого-геофизикалық сипаты;

6) қабат-қақпақтардың және кен орындары үстіндегі тығыз жыныстардың литолого-геофизикалық сипаты;

7) кен орнын әзірлеуге арналған технологиялық көрсеткіштердің (газдың бастапқы қоры, газ өндірудің көлемі, қабат қысымының өзгеруі, жатып қалуларды пайдалану режимі) талдауы;

8) ЖГҚ балансына берілетін көмірсутектің қалдық қорын (табиғи газ, конденсат, мұнай) бағалау. (қалдық қорды бағалау кезінде айырмашылықтар болғанда олардың нақтыланған көлемі белгіленген тәртіппен бекітіледі);

9) сақтау объектісінің сыйымдылық және сүзгіштік сипатын және олардың кен орныны әзірлеу кезінде өзгеру сипатын талдау;

10) бұрғыланған ұңғымалар қорының технологиялық жағдайына және оның конструкциясына талдау жасау;

11) кен орнының жер үстіндегі көркейтілуіне және оның ЖГҚ құру кезінде пайдалану мүмкіндігіне талдау;

12) өнеркәсіптік тастаулар жүйесінің жағдайы.

Қорытынды бөлігінде газдық қалдық қорын, бұрғылау қорының және жер үстіндегі қондырғының жарамдылығын, ескере отырып, тозған кен орнында ЖГҚ құру мүмкіндігі туралы негізгі қорытындылар және қажетіне қарай әрі қарай барлау бағдарламасы, жеткіліксіз ақпараттар тізімі жасалып, оны алу этаптары, мерзімдері және әдістері көрсетіледі.

25. Талдауға келесі материалдар қоса тіркеледі:

1) ауданның барлау алаңы және газ көлік жүйесінің көрсетілген ситуациялық жоспары;

2) сақтау объектілері мен бақылау көкжиектерінің шатыр және табаны бойынша құрылымдық картасы;

3) құрылымның жинақты стратиграфикалық разрезі;

4) кен орнының көлденең және тіке төселуінің геологиялық профилі;

5) сақтау объектілері мен бақылау көкжиектерінің тиімді қалыңдықтар, саңылаулылық, өткізгіштік, гидроөткізгіштік картасы;

6) әзірлеу соңына және ағымдағы уақыт мерзімінің изобара картасы;

7) кен орнын әзірлеу барысында қадағалау және бақылау ұңғымаларында газ (конденсат, мұнай, қабат суы) өндіру, қабат қысымының, су қысымының өзгеру графигі;

8) геофизикалық, геохимиялық және кәсіби зерттеулер нәтижелерінің графиктік бейнесі;

9) қабат газының құрамы;

10) кен орнында қолданылатын жер үстіндегі қондырғылардың технологиялық параметрлері.

26. Алаңның геологиялық күрделігіне және анықталған қабаттардың жатып қалу ерекшеліктеріне байланысты талдау болашақ газ қоймасының геологиялық және технологиялық моделін және оны дамыту перспективаларын нақтылайтын мәліметтермен толықтырылады.

27. Талдау нәтижелері қарастырылады және белгіленген тәртіппен бекітіледі.



6-тарау. Жер асты газ қоймаларын технологиялық жобалау
28. ЖГҚ технологиялық жобалау ЖГҚ технологиялық жобалауға арналған құрамында бастапқы мәліметтері бар бекітілген тапсырма (әрі қарай-тапсырма) негізінде іске асырылады.

29. Тапсырмада тұжырымдаманы ескере отырып, құрылатын ЖГҚ талап етілетін параметрлері беріледі:

1) ГБЖ орналасу орны және ЖГҚ мақсаты;

2) ЖГҚ құру этаптары мен мерзімдері (тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану (әрі қарай-ТӨП, 1, 2 кезек);

3) газ таңдау (айдау) мерзімі кезінде ЖГҚ өнімділігінің динамикасы;

4) газ таңдау (айдау) мерзімінің ұзақтығы;

5) белсенді газдар көлемі;

6) технологиялық жобалауға арналған бастапқы мәліметтер.

30. Технологиялық жобалау келесі жұмыстарды жүргізуді талап етеді:

1) алғашқы ақпараттық мәліметтер базасын құру (әрі қарай-АМБ);

2) ЖГҚ геологиялық моделін әзірлеу;

3) ЖГҚ технологиялық моделін әзірлеу;

4) ЖГҚ технологиялық жобасын белгіленген тәртіппен жасау және келістіру;

5) ЖГҚ құрылысының жобасын әзірлеуге бастапқы мәліметтерді және басқа да қажетті құжаттарды жасау, келістіру және беру.

31. ЖГҚ технологиялық жобасы әзірлеген АМБ, газ қоймасын пайдаланудың геолого-технологиялық моделі негізінде жасалады.

32. ЖГҚ құрудың АМБ, геологиялық және технологиялық (геолого-технологиялық) моделін әзірлеу сыналған және сертификацияланған бағдарламалық өнімдер негізінде жасалады.

33. Су тұтқыштарында құрылатын ЖГҚ арналған АМБ бұрғыланған ұңғымалар (конструкциялар, белгілер, көкжиектер, альтитуда, саңылаулылығы, өткізгіштік, су қабатының тұтқырлығы және тағы басқа) бойынша ақпараттар, алаңдағы гидродинамикалық гидрофизикалық және гидрохимиялық зерттеулер мәліметтері және ЖГҚ объектісін іздеу және барлау, ұңғымаларды пайдалану бұрғылауы кезінде алынған басқа да ақпараттар болады.

34. Қолданылған кен орындарында құрылатын ЖГҚ арналған АМБ ұңғыма қоры (конструкциялар, белгілер, көкжиектер, альтитуда, саңылаулылығы, өткізгіштік, су қабатының құрамы, газ қабатының құрамы және тағы басқа) бойынша ақпараттар, ұңғымалардың газдинамикалық, гидрофизикалық және гидрохимиялық зерттеулер мәліметтері, кен орынын әзірлеудің технологиялық параметрлері (газ, конденсат, мұнай және қабат суын өндіру көлемі, газ, су тұтқыш аумақтағы және бақылау көкжиектеріндегі, бастапқы және қалдық газ қоры, тағы басқа) болады.

35. ЖГҚ технологиялық жобасы ЖГҚ геологиялық құрылысын, максимальды газ қаныққан саңылау көлемін (әрі қарай-ГСК), қабат-коллекторлардың сүзгіштік параметрлерінің өзгеру сипатын виртуалды зерделеуге мүмкіндік береді.

37. ЖГҚ технологиялық жобасына келесі бөлімдер енгізіледі:

1) геолого-кәсіби;

2) технологиялық;

3) экономикалық;

4) өнеркәсіптік қауіпсіздік;

5) экологиялық.

38. Геолого-кәсіби бөлімінде мыналар болады:

1) сақтау объектісінің және бақылау көкжиектерінің геологиялық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер;

2) көкжиектердің қысқашы физико-литологиялық, гидрогеологиялық сипаты;

3) ұңғымалардың газогидродинамикалық, геофизикалық, гидрохимиялық және басқа зерттеулерді талдау;

4) барлау газ айдаудың (ол жүргізілген жағдайда) нәтижелері;

5) сақтау объектісінің герметикалық талдауы;

6) кен орнын әзірлеу нәтижелерінің талдауы;

7) қалдық газ (мұнай, конденсат) құрамы бойынша физико-химиялық сипаты;

8) қалдық көмірсутек (табиғи газ, конденсат және мұнай) қорын бағалау, қалдық қорды бағалау кезінде айырмашылықтар болғанда олардың нақтыланған көлемі белгіленген тәртіппен бекітіледі;

9) қолданыстағы ұңғыма қорының жағдайының талдауы, оларды пайдалану мерзімін бағалау және оларды әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар;

10) газ сақтауға арналған қабат-коллектор таңдау, герметикалығын бақылау, өнеркәсіп ағындыларын тастау және қойманы сумен қамтамасыз ету.

39. Технологиялық бөлімде мыналар болады:

1) максимальды қабат қысымының негіздемесі;

2) газды айдау және таңдаудың тәуліктік негіздемесі;

3) газдың активті көлемінің (соның ішінде ұзақ мерзімді резервтен) негіздемесі;

4) газдың буферлік көлемінің негіздемесі;

5) ГСК максимальды бағасы;

6) құрылыс аумағы бойынша газ таралуының максимальды контурының бағасы;

7) насосты-компрессорлық трубалар (әрі қарай-НКТ) диаметрлерінің негіздемесі;

8) пайдалану ұңғымаларының тәуліктік өнімділігінің бағасы;

9) ЖГҚ технологиялық моделдің сипаты;

10) ЖГҚ технологиялық моделінде қолданылатын бастапқы мәліметтер;

11) технологиялық моделдің бастапқы мәліметтер бейімделу нәтижелері;

12) газ сақтау объектілерін құру және циклдік пайдалану кезінде негізгі пайдалану параметрлерінің динамикасын болжамды есептеу нәтижесі;

жалпы, газдың белсенді көлемі;

газды маусымға таңдау көлемі;

пайдалану ұңғымаларының және жалпы ЖГҚ өнімділігі;

қойманың газ қаныққан саңылаулылық көлемі;

сақтау объектілері мен пайдалану ұңғымалары аузындағы температура мен қысым;

газбен бірге алынатын қабат сұйығының мөлшері;

пайдалану ұңғымаларының саны;

13) қоймалар алаңдарындағы қадағалау, бақылау, геофизикалы, жұту ұңғымаларының санының негіздемесі мен сызбасы;

14) компрессорлық станция қуаттылығының бағасы;

15) ұңғымаларды пайдалану, бұрғылау кезіндегі зерттеу бағдарламасы;

16) ЖГҚ ТӨП кезеңіндегі жер қойнауының объектілік мониторингісінің регламенті.

40. Экономикалық бөлімде мыналар болады:

1) газ тұтынудың бірқалыпсыздығы мен энергиямен қамсыздандырудың альтернативті көздерінің талдауы;

2) инфрақұрылым ерекшеліктері;

3) халықтың әлеуметтік топтарын және олардың жұмыспен қамтылуын сипаттау;

4) ЖГҚ құру кезінде жергілікті билік органдарымен және халықпен өзара іс-әрекет жасау жөніндегі шаралар;

5) экономикалық есептердің нормативтік және әдістемелік базасының бастапқы мәліметтері;

6) күрделі салымдар, (соның ішінде инфрақұрылым), ағымдағы есептер бағасы;

7) ЖГҚ жобалық көрсеткіштерімен салыстырғандағы пайдаланудың экономикалық тиімділігінің есептері;

8) ЖГҚ құрудың экономикалық тәуекелділік бағасы.

41. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» бөлімі:

1) газдың сақталу объектісінен көшу мүмкіндігін бақылау жөніндегі шаралар;

2) ұңғымалардағы МКД, газдарды жоғары жатқан көкжиектерге, күндізгі жер үстіне және ұстағыштың сыртына өтуін жою жөніндегі шаралар.

42. Экологиялық бөлім:

1) газдарды жер қойнауына сақталуына әсер ету бағасы;

2) өнеркәсіптік ағындардың негізгі параметрлері және утилизациялау сызбасы.

43. ЖГҚ технологиялық жобасына келесі материалдар қоса тіркеледі:

1) ауданның газ көлік жүйесі, қолданыстағы және жобаланатын қоймаларымен қоса, кен орындары көрсетілген ситуациялық жоспары;

2) ТӨП және ЖГҚ циклдік пайдалану кезінде ұңғымалар қорын және газдың максимальды таралу контуры көрсетілген газ сақтау барлау объектілерінің құрылымдық картасы;

3) қойманың көлденең және тікелей геологиялық профилі;

4) ЖГҚ ситуациялық жоспары;

5) НКТ диаметрін көрсете отырып, әртүрлі технологиялық мақсаттағы ұңғымалар конструкциясының және жер асты қондырғысының сызбасы;

6) ЖГҚ құру кезіндегі негізгі жобалық технико-экономикалық көрсеткіштер динамикасының графикалық және кестелік бейнесі;

7) ЖГҚ циклдік пайдалану кезіндегі негізгі жобалық технико-экономикалық көрсеткіштер.

44. ТӨП және ЖГҚ циклдік пайдалану кезіндегі негізгі жобалық технико-экономикалық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

1) газдың жалпы, белсенді, буферлік көлемі (соның ішінде қалдық қорлар, ұзақ мерзімді резерв);

2) маусым бойына және күнтізбелік жылға ЖГҚ пайдалануға газ таңдау (айдау) көлемі;

3) максимальды ГСК;

4) газ таңдау (айдау) кезінде қойманың өнімділігінің қабат қысымына тәуелділігі;

5) газ таңдау (айдау) мерзімінің уақыты;

6) пайдалану (соның ішінде резервтік), қадағалау, бақылау, жұту, геофизикалық ұңғымалардың саны;

7) сақтау объектісі мен пайдалану ұңғымалырының аузындағы максимальды және минимальды қысым;

8) КС қуаттылығы;

9) ТӨП және циклдік пайдалану көрсеткішінің шығу уақыты;

10) жеке күрделі салым;

11) сақтаудың өзіндік құны;

12) таза түсім;

13) таза дисконтирленген табыс;

14) табыстың ішкі нормасы;

15) өзін өзі ақтау мерзімі.

45. Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер қойманың циклдік пайдалану мерзіміне, Тапсырмада (ТӨП, 1, 2 кезектер) берілген мерзімдерге анықталады.

46. Жобаланатын объектіде бірнеше технологиялық процестер (мұнай, конденсат және басқа өндіру) пайдаланылған жағдайда ЖГҚ технологиялық жобасында бірлескен өндірістің жұмыс істеуі туралы мәселе қаралады.

47. ЖГҚ технологиялық жобасы өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.

48. ЖГҚ технологиялық жобасының әзірлеушісі ЖГҚ құрылысын жобалау тапсырмасына енгізілетін бастапқы мәліметтерді жасайды. Оның тізімі алдын ала ЖГҚ құрылысы жобасының әзірлеушісімен келісіледі.

7-тарау. Газдың жер асты қоймаларында бұрғылау және

ұңғымалар қондырғылары
49. Газдың жер асты қоймаларында бұрғылау және ұңғымалар қондырғылары қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірлеген ұңғымаларды бұрғылау жобасына сәйкес іске асырылады.

НКТ диаметрі және ұңғымалар забойларының конструкциясы ЖГҚ технологиялық жобасында негізделеді. Конструкция газ таңдау және айдаудың қажетті зерттеулерін, профилактикалық (жөндеу) жұмыстарын, жобалық режимдеріне қол жеткізу мүмкіндігін қарастырады.

51. Ұңғымаларды жағалай орналастырылған колонналармен бекіту жөніндегі техникалық және технологиялық шешімдер:

1) сақтау объектісінің герметикалығы және сақтау объектісінен жоғары жатқан көкжиектерге колонналанған кеңістіктер бойынша газдардың ағуын болдырмауды;

2) жағалай орналастырылған колонналар трубаларының қосылу ұзақ уақыт бойы герметикалығын;

3) жағалай орналастырылған трубалар материалдары мен цемент тастарының қабат флюстерінің агресссивті әсеріне және термобаралық әсерлерге ұзақ уақыт бойы төзімділігін қамтамасыз етеді.

52. Қабат-коллекторларды ашу және ұңғыманы аяқтау жөніндегі техникалық және технологиялық шешімдер газ сақтау объектілерінің коллекторлық қасиеттеріне минимальды әсер етеді.

53. Ұңғымаларды аяқтауға арналған жуу сұйығы забойдың бұрғыланған жыныстардың тиімді тазартылуын, забой жанындағы алаңдар өткізгіштігінің сақталуын, бұрғылау және ұңғыма қондырғыларының құрылысы кезінде және ұңғыманың одан әрі құрылысы кезіндегі жұмыс қабілеттілігіне теріс әсерінің болмауын қамтамасыз етеді. Бұрғыланатын ұңғымада сазды минералдар болған жағдайда жуу сұйығының сазды гидратациялау және диспергирлеу кезінде ингибирлеуші әсері болады.

54. Жуу сұйықтары таза, сүзгіштен өткізілген, токсикалық емес, жарылыс-және өрт қауіпсіз. Жуу сұйығының типтері ағымдағы қабат қысымына және өнімді қабаттың минералогиялық құрамына қарай таңдап алынады.

55. Әлсіз цементтелген қабат-коллекторларды ашу ұңғымаларында ұңғыманың забой маңындағы аумағын бекіту жөніндегі шаралар қабылданады.

56. Сүзгіш конструкциясы оның күрделі жөндеу немесе газ қоймасын пайдалану кезінде ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

57. Сүзгіштерді орналастыру кезінде реттеледі:

1) сүзгіш жарықтарының мөлшері;

2) гравиялық-жуу сүзгішін орналастыру әдісі;

3) қолданылатын жер үсті және жер асты қондырғылар;

4) гравияның гранулометрикалық құрамы;

5) гравие ұстаушы сұйық құрамы;

6) құм араластыру және насос агрегаттарының жұмыс режимі;

7) жер үсті қондырғысының байлау сызбасы.

58. Пайдалану ұңғымаларында жағалай орналастыралатын колонналарды электрохимиялық қорғау жөніндегі техникалық шешімдері көзделеді. Қадағалау, бақылау, геофизикалық және жұту ұңғымаларында электрохимиялық қорғанысты қолдану экономикалық есептер негізінде анықталады.

59. Құрылымды барлауды аяқтағаннан кейін барлау ұңғымалары ЖГҚ технологиялық жобасына сәйкес қойманы пайдалану кезінде қолданылуы мүмкін.

60. Алаңда бұрғыланған әрбір ұңғыма бойынша келесі материалдар мен құжаттар болатын істер жасалады:

1) ұңғыма бағаны проекциясының жоспары (жобалық және іс жүзінде);

2) ұңғыманы жабу туралы акті;

3) ұңғыманы бұрғылаумен бастау және аяқтау актісі;

4) бұрғылау кезінде пайда болған қиыншылықтарды жою актісі;

5) геофизикалық зерттеулердің, олар бойынша қорытындылары болатын материалдар;

6) ұңғыманың және забойдың аузының координаттарына қатысты ұңғыманың орналасу орны туралы мәліметтер;

7) саға альтитудасы (бұрғылау кезінде тереңдік өлшеу жүргізілген ротор столының артық болу көрсетілген колонна фланцының фонтан арматурасы);

8) жағалай орналастырылған колонналарды және оларды цементтеу түсіру туралы акті;

9) ұңғыманың жобалық және іс жүзіндегі тереңдігі, болат маркісі және жағалай орналастырылған трубалар қалыңдығы, түсу тереңдігі мен жағалай орналастырылған және лифті трубаларының диаметрі, өнімді салымдарды ашу сипаты, цемент сақинасының биіктігі мен жағдайы, забой қондырғысы, пакер құрылғысының тереңдігі және оған қоса тіркелген құрылғылар тереңдіктері көрсетілген ұңғыма конструкциясы;

10) жағалай орналастырылған колонналардың, цементті көпірлердің сақиналық кеңістіктің колонналар және сағалар алдындағы арматураның артында герметикалығына сынау туралы актісі;

11) бұрғылау және ұңғыманы игеру процесінде зерттеу бағдарламасы, оны орындау жөніндегі мәліметтер мен материалдар;

12) газ ағымын идентификациялау жөніндегі жұмыстар актісі және оларды орындау нәтижелері;

13) жағалай орналастырылған колонналар перфорациясының актісі;

14) белгіленген ұңғыма қондырғысы көрсетіле отырып, лифтілік трубаларды түсіру актісі;

15) бұрғылау процесі және ұңғыманы игеру туралы акті;

16) керндер сипаты (болған жағдайда);

17) сағалар қондырғылары туралы акті;

18) ұңғыма бойынша геологиялық құжаттарды тапсыру туралы акті;

19) жер учаскесін рекультивациялау актісі;

20) ұңғыма құрылысының басталу және аяқталу уақыты туралы мәліметтер.

61. Өнімдер құрамында агрессивті компоненттері артық болатын ЖГҚ ұңғымаларды бекіту тот басуға қарсы орындалудағы жағалай орналастырылған колонналармен жүргізіледі.

62. Ұңғыма құрылысының жобасына сәйкес анықталатын және орнатылатын ұңғымаларлың жер асты және жер үсті қондырғылары, жөндеу және зерттеу жұмыстарын жүргізуді, қысым мен температураны өлшеуді қамтамасыз етеді.

63. Ұңғымалардың жер асты қондырғыларына:

1) клапан-кесуші, пакер, ажыратушы, циркуляциялық және ингибиторлық клапанды және басқа да құрылғысы бар НКТ;

2) сүзгішті орналастыру кезінде қолданылатын қосымша бөлімшелер бар забой сүзгіші.

64. Жер асты ұңғыма қондырғысын конструкциясы пайдаланудың нақты шарттарына байланысты таңдап алынады. Олар қамтамасыз етеді:

1) ұңғымалардың максимальды өнімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін;

2) ұңғымаларды НКТ арқылы пайдалануды;

3) қажетті кәсіби-геофизикалық және зерттеу жұмыстарын жүргізуге;

4) өнімділік қабатынан келетін газды интенсификациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;

5) ұңғыма забойы мен сүзгішіне мерзімді алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

6) НКТ, клапан құрылғыларын, пакерлерді ауыстыруға;

7) жағалай орналастырылған колонналардың мықтылығы мен герметикалығын бұзбай барлық жер асты қондырғыларын шығару мүмкіндігін.

65: Жер үсті қондырғылар;

1) колонна басы бар арматуралы фонтан;

2) байлау трубақұбырлары, сағаларда белгіленетін қысым, температура және басқа да көрсеткіштер;

3) ұңғымаға гидрат құратын ингибиторларды беруге арналған қосымша ғимараттар мен құрылғылар.

66. Ұңғымада құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұрғылаушы ұйымның міндеті:

1) жер рекультивациясын жүргізу;

2) техника қауіпсізідігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарымен көзделген шараларды іске асыру.

67. Ұңғымаларды пайдалануға беру белгіленген тәртіппен іске асырылады.

68. Ұңғымалардың жер үсті қондырғылары бақылауда болады және дұрыс жұмыс істеу қалпында болады. Дұрыс жұмыс істемеуі және газ өткізуі анықталған жағдайда дұрыс жұмыс істемейтін бөлшектер мен детальдарды ауыстыру жөніндегі шаралар қабылданады.



8-тарау. Газдың жер асты қоймаларын тәжірибелік өнеркәсіптік пайдалану
69. ЖГҚ тәжірибелік өнеркәсіптік пайдалану сақтау объектісіне бірінші газды айдаудан басталады және ТӨП жобалық көрсеткіштеріне шыққанға дейін жалғасады.

70. ТӨП кезінде шешілетін негізгі міндеттер:

1) ЖГҚ тәжірибелік өнеркәсіптік пайдалану;

2) қойманың жобалық көрсеткіштерге шығу мүмкінлігін бағалау және оның қауіпсіз циклдік пайдаланылуын қамтамасыз ету;

3) АМБ пайдалануды ағымдағы мәліметтерімен дамыту және толықтыру.

71. ТӨП нәтижелері бойынша ТӨП талдауы жасалады, бұл жерде жүргізілген бақылаулар мен зерттеулер негізінде қойманың әрі қарай дамуы туралы және циклдік пайдаланудың бекітілген жобалық көрсеткіштеріне шығу мүмкіндіктері туралы қорытынды беріледі. Қарсы жағдайда ЖГҚ технологиялық жобасына түзетулер енгізіледі.



9-тарау. Газдың жер асты қоймаларын циклдік пайдалану
72. ЖГҚ циклдік пайдалану қойманың бекітілген жобалық көрсеткіштерге шығуынан басталады және қойманы консервациялаумен (жою) аяқталады.

73. ЖГҚ жер үсті қондырғыларын пайдалану қолданыстағы нормтативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

74. Газ сақтау объектісін пайдалану ЖГҚ технологиялық жобасына, ЖГҚ пайдалану режиміне сәйкес, АМБ болған жағдайда жер қойнауы мониторингін, ЖГҚ геологиялық және технологиялық моделін қамтамасыз ете отырып, іске асырылады.

75. ЖГҚ пайдалану режимін есептеу қойманың технологиялық моделіне сәйкес белгіленген тәртіппен келісілетін және бекітілетін, жоспарланатын газ таңдау (айдау) маусымына жасалады.

76. ЖГҚ пайдалану режиміне енгізіледі:

1) алдағы газ таңдау (айдау) маусымына қойманы дайындау талдауы;

2) жоспарланатын газ таңдау (айдау) маусымына арналған негізгі технологиялық көрсеткіштердің өзгеру динамикасы;

3) қойманың тәуліктік өнімділігінің сақталу объектісіндегі қабат қысымынан тәуелділік графигі.

77. Циклдік пайдалану ЖГҚ технологиялық жобасының ұйымы (әзірлеуші) бекітілген жобалық көрсеткіштерге сәйкес қойманың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге қажетті барлық бақылаулар, тексерулер және зерттеулерді көздейтін өндірістік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген газдың жер асты қоймаларын пайдалану кезінде жер қойнауының объектілік мониторингін қамтамасыз етуді (әрі қарай-қамтамасыз ету) (осы әдістемлік нұсқаулардың 1-қосымшасы) 5 жылда бір реттен жиі емес әзірлейді.

78. Регламентке сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижелері бойынша 5 жылда бір рет ұйым (әзірлеуші) ЖГҚ пайдаланудың талдауын (әрі қарай -талдау) жасайды. Бұл талдауда ЖГҚ технологиялық жобасына сәйкес циклдік пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірленеді.

79. Талдауға келесі бөлімдер енгізіледі:

1) кіріспе, жұмыстарды қою және орындау негіздері, объект жағдайы, орындалған жұмыстардың көлемі мен бірізділігі, негізгі бөлімдердің қысқаша мазмұны мен жауапты тұлғалар көрсетіледі;

2) объектінің қысқаша геолого-гидродинамикалық сипаты, зерделену деңгейін, ұңғымалар қоры, көркем сызбасы және негізгі жобалық және пайдаланудың қол жеткізілген технологиялық көрсеткіштері;

3) ЖГҚ геологиялық және технологиялық моделі адекваттығының талдауы;

4) объекті бойынша жалпы газ таңдау (айдау) іс жүзіндегі көрсеткіштері, қолданыстағы ұңғымалардың, су факторларының, құмды шығару қоры, жер асты және жер үсті қондырғыларының жағдайы;

5) газ таңдау (айдау), ұңғымалардың өнімділігі көрсеткіштері, оларды жобалық немесе осы маусымға бекітілген көрсеткіштермен салыстыру;

6) газ балансын, газды өз технологиялық қажеттіліктеріне (әрі қарай-ӨТҚ) арналған шығындар;

7) герметикалығын бақылау, газ қанығуының өзгеруі, газ қаныққан контурдың таралуы, пайдалану ұңғымаларының су басуы, колоннала артындағы және колонналар арасындағы газ пайда болулары, кәсіби зерттеулер;

8) ЖГҚ жүргізілген геофизикалық, геохимиялық, газодинамикалық және басқа да зерттеулер талдау;

9) АМБ жағдайын бағалау;

10) объектіні әрі қарай пайдалану, АМБ, геофизикалық, пайдаланудың геохимиялық және технологиялық моделін жетілдіру жөніндегі қорытындылар және ұсыныстар, ұсынымдар. Талдау нәтижесі бойынша әзірлеуші ЖГҚ пайдаланудың жобалық және іс жүзіндегі көрсеткіштерінің сәйкес келуін және оны түзету қажеттілігі туралы қорытынды береді.

81. Жер қойнауын пайдаланушы талдауды қарастырады, ал нәтижесі актімен рәсімделеді, сонан кейін қабылданған шешімдерді ЖГҚ енгізеді.

82. ЖГҚ пайдалану кезінде ӨТҚ газ шығынының тұрақты есебі (өлшеу) жүргізіледі, нәтижесі АМБ енгізіледі және сақтау объектісіндегі газ балансын жүргізген кезінде ескеріледі. ӨТҚ газ шығыны аттестацияланған ұйыммен келісілген негізде әдістермен және нормативтік актілермен анықталады.

83. Сақтау объектісіндегі газ балансын жүргізу (ӨТҚ арналған шығыстарды ескере отырып) ЖГҚ геологиялық қызметі іске асырады.

84. ЖГҚ пайдалануына авторлық бақылау жасаушы ұйым технологиялық модель негізінде газ қоймасындағы газ балансына бақылау жасайды және оның қабат арасында жоғалуларын бағалайды.

85. Сақтау объектісіндегі газ көлемінің есептеу және есепке алу мәліметтерінің арасында едәуір айырмашылықтар анықталған жағдайда ауытқулар себептеріне талдау жасалады, оларды жою жөнінде шаралар қабылданып, ЖГҚ газ балансын жүргізу жүйесіне түзетулер енгізіледі.

86. Түзетілген көлемі және қабаттардағы жоғалтулар белгіленген тәртіппен қарастырылады және бекітіледі.

87. ЖГҚ энергияны сақтау ЖГҚ энергияны сақтау тұжырымдамасына және ЖГҚ энергия сақтау бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

88. ЖГҚ пайдалану кезінде энергияны сақтау жөніндегі шаралар жер үсті қондырғыларын пайдалану және газдың жоғалу мүмкіндігінің алдын алу кезіндегі шығындарын қысқартудан тұрады.

89. Жер қойнауын пайдаланушы ЖГҚ энергияны сақтау бағдарламасының орындалуына талдау жасайды, іс жүзіндегі және жоспардағы (келесі пайдалану жылына) ӨТҚ бағалау жүргізеді және бекітілген әдістер мен талаптарға сәйкес ЖГҚ табиғи газ, жылу, электр энергиясы бойынша энергия тиімділігі көрсеткіштерін есептейді. Талдау нәтижелері бойынша алдағы уақытқа арналған энергия сақтау шараларын әзірлейді.

90. Сақтау объектісіндегі герметикалық бұзылу жағдайында қойманы пайдалану, ЖГҚ қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар (әрі қарай-шаралар) әзірленгенге, өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келіскенге дейін тоқтатылады.

91. Шараларда ЖГҚ герметикалықтың бұзылуының мүмкін себептерінің талдауы, газдың ағып кетуі себептерін анықтау жөніндегі қажетті зерттеулер бағдарламасы және ЖГҚ қауіпсіз пайдалану жөніндегі шаралар тізімі келтіріледі.

92. Қойманың әрі қарай пайдалану туралы шешімді өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі болған жағдайда шараларды енгізу нәтижелері негізінде жер қойнауын пайдаланушы қабылдайды.

93. ЖГҚ циклдік пайдалану кезінде геологиялық қызмет қойманың ағымдағы технологиялық параметрлері, жүргізілген зерттеулер мен бақылаулар туралы ақпараттармен АМБ толықтырады.



10-тарау. Газдың жер асты қоймаларының көрсеткіштерін түзету
94. ЖГҚ жобасын түзету (әрі қарай-түзету) келесі жағдайларда жүргізіледі:

1) ЖГҚ пайдалануының технологиялық көрсеткіштеріне әсер ететін геологиялық параметрлерінің өзгеруі;

2) ЖГҚ пайдалануының жобалық және іс жүзіндегі көрсеткіштерінің едәуір ауытқуы;

3) ЖГҚ функционалдық мақсаты өзгерген кезінде пайдалану көрсеткіштерін өзгерту қажеттілігі.

95. Пайдаланудың жобалық және іс жүзіндегі көрсеткіштері ауытқулары себептеріне талдау жүргізілетін және оларды түзету жөнінде шаралар әзірленетін түзетулер ЖГҚ технологиялық жобасына толықтыру болып табылады.

96. Тозған кен орнындағы ЖГҚ пайдалану кезіндегі қалдық қорын бағалаудағы айырмашылықтар болғанда қалдық қорының нақтыланған көлемі белгіленген тәртіппен бекітіледі.

97. Түзетулерде, ЖГҚ технологиялық жобасына өзгертулер енгізуді талап ететін бөлімдер баяндалады.

98. ЖГҚ негізгі көрсеткіштерін түзету кезінде түзетулерді қарастыру, келістіру және бекіту тәртібі ЖГҚ технологиялық жобасына ұқсас.



11-тарау. Газдың жер асты ұңғымаларын пайдалану
99. ЖГҚ газ ұңғымаларын пайдаланудың анықтаудың негізгі көрсеткіші газ жинаушы пунктте өлшенетін және бақыланатын (әрі қарай-ГЖП) тәуліктік өнімділік болып табалады.

100. Пайдалану ұңғымаларының газ жинау (құю) кезіндегі технологиялық режимі гидрогазодинамикалық зерттеулер нәтижесінің негізінде анықталады.

101. Газ қоймасының пайдалану ұңғымалары бойынша ұңғыманың қауіпсіз жұмысын және қоймадан тәулікке берілген газ жинауды (құю) қамтамасыз ететін технологиялық режим белгіленеді.

102. Газ ұңғымаларын пайдаланудың технологиялық режимі ЖГҚ пайдалану процесінде газодинамикалық зерттеулер нәтижесінде түзетілуі мүмкін.

103. Пайдалану газ ұңғымаларын зерттеу қабат-коллектордағы, забойдағы, ұңғыма аузындағы, ГЖП, компрессорлық станцияның кірісі мен шығысындағы (әрі қарай-КС) (газды құю және компрессорлық алу кезінде ), қосу газ құбырындағы және штуцердің әртүрлі диаметріндегі шығынды және тиісті қысымды газды атмосфераға шығармай жүргізеді. Ұңғымаларды зерттеу сақтау объектісінде қабаттардың әртүрлі қысымдары (максимальды, гидростатикалық және минимальды) кезінде 5 режимде жүргізеді. Қойманы пайдаланудың технологиялық моделінің құрамдас бөлігі болып табылатын ұңғыманы және жер үсті қондырғысын пайдаланудың технологиялық моделін әзірлеу жүргізілген зерттеулердің нәтижесі болып табылады.

104. Атмосфераға газ шығара отырып, ұңғымаларды зерттеу оларды игергеннен кейін жол беріледі.

105. Газ қоймасын пайдалану кезінде пайдалану ұңғымаларын зерттеу бірізділігі мен жиілігін қамтамасыз етуді жасау кезінде анықталады (қосымша).

106. Қабат-коллектордың (сұйықтарды, құм шығару, гидраттық тығындар пайда болуы және тағы басқа) өнімділік сипатының өзгеруіне әсер ететін себептерді анықтау мақсатында қажет болғанда қосымша зерттеулер жүргізіледі.

107. Қабат-коллекторда және пайдалану ұңғымаларындағы бағандарда гидрат пайда болуының алдын алу:

1) тиісті технологиялық режимді таңдап алу; қолданыстағы ұңғыма забойына гидрат жасаушы ингибатордың үздіксіз немесе мерзімді берілуі;

2) жағалай орналасқан колонналар мен лифті трубаларының ішкі бетін гидраттардың пайда болуына (эпоксидті смола, полимерлі қабақ және тағы басқа) кедергі келтіретін заттармен жабу.

108. Ұңғыма бағандарындағы гидраттық пайда болуларды жою жүргізіледі:

1) гидратты жанындағы жыныстардың жылуымен бөлшектеп жайылуы мақсатында ұңғыманы алдын ала ұсталған үрлеумен жабық жағдайда ұстау;

2) сағалардағы сальникті тығыздаулар арқылы ұңғымаларға түсетін түтікшелер бойынша ингибатордың циркуляциясы.

109. Егер газда қауіпті күкіртсутегі немесе көмір қышқылы концентрациясы анықталған жағдайда газ сұйық ағынының іс жүзіндегі тот басу агрессивтілігін анықтау жөніндегі алдын ала зерттеулер жүргізіледі.

110. Тот басу қауіптілігі даму кезінде тот басудан қорғанудың рационалды әдістерін әзірлеу және таңдау. Тот басудан қорғану әдісі ЖГҚ технологиялық жобасында негізделген және ЖГҚ пайдалануға дайындалу кезінде жүргізілген.

111. Ұңғыманың жер асты және жер үсті қондырғыларын ішкі тот басудан қорғау шаралары ретінде қабылданады:

1) тот басу ингибаторлары;

2) белгіленген тот басу түрін ескере отырып, қондырғыны термикалық өңдеу.

Газды тот басу-агрессивтік компоненттерден тазарту.

Қорғаныс металл және металл емес жабулар.

112. Ұғымалардағы өнімдердің тот басу белсенділігімен сипатталатын ЖГҚ тот басудан қорғанудың таңдап алынған әдістерінің қолданылуына, олардың тиімділігіне және ұңғымалардың жағдайына жүйелі бақылау жасау.

113. ЖГҚ газ ұңғымаларын пайдалану НКТ бойынша жүргізіледі. Труба артындағы кеңістікті оқшаулау қажеттілігі ЖГҚ технологиялық жобасында анықталады.

114. Газда агрессивті және эрозиялық компоненттердің болмаған кезде жекелеген жағдайларда пайдалану колонналары бойынша ұңғыманы пайдалануға егер өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілетін және белгіленген тәртіппен бекітілетін пайдаланудың осындай әдісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке әзірленген шараларды сақтау шартында рұқсат етіледі.

115. ЖГҚ ұңғымалардың техникалық жағдайын және пайдалануына тұрақты бақылау жасалынады.

Олар:


1) колонна бастарын, бұрандалар мен сағалар байламдарын сырттай қарау; қысым мен температураның өзгеруін бақылау; колонна арасындағы қысымды өлшеу; ағынмен шығатын газ сұйығын өлшеу¸құм мен басқа да қоспалардың шығуына бақылау жасау; газ сынағын және шығарылатын қабат сұйығының сынағын мерзімді алу және талдау жасау;

2) ұңғыманың өнімділігін бақылау;

3) ұңғыма забойы, бағаны және шлейфіндегі қысым кемуін бақылау;

4) арнайы зерттеулердің геофизикалық және басқа түрлері.

116. Пайдалану, бақылауға, тексеру, жұту ұңғымаларында забой маңындағы жағдайды, қабат-коллектормен байланыстың болуын, ұңғыма бағанында ластануды болмауын мерзімді тексеру. Тығындар, қабатпен байланыс төмендеуі баған және ұңғыма маңындағы аумақтың ластануы анықталған жағдайда ұңғымалардың жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.

117. Пайдалану ұңғымаларының технологиялық мақсаты өзгерген жағдайда ЖГҚ пайдалануына авторлық бақылау жасайтын ұйыммен, төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық органмен келісіледі және белгіленген тәртіппен бекітіледі. Технологиялық мақсаттарды өзгертуге жол беріледі:

1) әрі қарай пайдаланудың техникао-экономикалық тиімсіздігі;

2) жобалау көкжиегіндегі ұңғыманы пайдалану мүмкіндігі (техникалық себептер) болмаған жағдайда;

3) ұңғыманы өзінің функционалдық мақсаты бойынша пайдаланудың технологиялық қажеттілігі болмаған жағдайда.

118. Ұңғымаларды басқа көкжиектерге беру ЖГҚ пайдалануына авторлық бақылау жасайтын ұйыммен, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі және белгіленген тәртіппен бекітіледі.

120. Қабат қысымды аномальды төмен ұңғымаларды күрделі жөндеу кезінде жұмыс жүргізу процесінде жұтуды болдырмайтын жеңілдетілген ерітінділер, эмульсиялар мен көбіктер қолданылады.

121. Ұңғыманың ісі ЖГҚ ұңғымалардың барлық түрлері үшін негізгі құжат болып табылады. Ұңғыма істерінің негізгі мәліметтері электронды түрді АМД құрамында қайталанады.

122. Ұңғымалардағы:

1) ұңғыманы зерттеумен;

2) ұңғымалардың ағымдағы және күрделі жөндеуімен;

3) конструциялардың өзгеруімен;

4) пайдалану кезіндегі әртүрлі қиыншылықтармен байланысты барлық жұмыстар ұңғыма ісіне және АМБ енгізіледі.

12-тарау. Газдың жер асты қоймаларын пайдалануға авторлық бақылау
123. Жер қойнауын пайдаланушы қолданыстағы талаптарға сәйкес ұңғымаларды, фонтанды арматураларды және колонна бастарын қайта аттестаттау жөнінде жұмыстар жүргізеді. Тиісті ұйым ЖГҚ пайдалануына авторлық сүйемелдейтін ұйыммен, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілетін және белгіленген тәртіппен бекітілетін әрі қарай пайдаланудың мүмкіндігі және мерзімі туралы қорытынды береді.

124. ЖГҚ технологиялық жобасын бекіткеннен кейін ұйым (әзірлеуші) ЖГҚ пайдалануына авторлық бақылау жасайды.

125. ЖГҚ пайдалануына авторлық бақылау жасау гидрогазодинамикалық, термодинамикалық, физико-химиялық, геохимиялық, кәсіби-геофизикалық, компьютерлік және басқа да, соның ішінде газдың жер асты қоймаларын пайдалану кезінде жер қойнауының объектілік мониторингін қамтамасыз етумен (әрі қарай-қамтамасыз ету) (осы әдістемлік нұсқаманың қосымшасы) анықталатын мамандандырылған ұйымдар орындайтын бақылау және тексеру жүйесімен қамтамасыз етеді және келесі жұмыстарды атқарады:

1) газ қоймасының, бұрғыланған ұңғыма қорының, жер асты және жер үсті қондырғыларының және басқа да технологиялық торабтардың пайдалану көрсеткіштерінің іс жүзіндегі және жобалық көрсеткіштерінің сәйкестігін бағалау;

2) газ жинау (құю) режимін есептеу;

3) жасанды газ жатып қалуларын пайдаланудың технологиялық параметрлерін газдың белсенді және буферлік көлемін, пайдалану ұңғымаларының өнімділік және қажетті мөлшерін нақтылай отырып, оңтайландыру;

4) ЖГҚ пайдалану геологиялық және технологиялық моделінің адекваттылығын талдау;

5) қоймадағы газ қорының аудиті;

6) қамтамасыз етуді әзірлеу;

7) объектінің геологиялық құрылысының детальдарын және анықталған гидродинамикалық ерекшеліктерін, ұңғымалардағы жағдайын және газ көлік жүйесінің мүмкіндіктерін ескере отырып, газ жинау (құю) режимін түзету;

8) сақтау объектісінде газдың басымды таралуының аномальды бағытын белгілеу, максимальды және минимальды газ қанығу аумағына бағалау, құрылымның ұстап қалушы көлемін толтыру процесін реттеу;

9) сақтау объект герметикалығын бағалау;

10) жер қойнауының геодинамикасы;

11) ағымдағы пайдалану ерекшеліктері барысында анықталған ГБЖ өзгерген шарттарында және басқа да бастапқы ақпараттардың ауытқуларында оның ұзақ мерзім жұмыс істеуінде газ қоймасының пайдаланудың технологиялық параметрлерін белгілеу;

12) газодинамикалық зерттеулердің қосымша түрлерін жүргізу;

13) газ жинау (құю) технологиялық процесін интенсификациялау, ұңғымаларды пайдалану қорының пайдалану коэффициентін арттыру;

14) ӨТҚ газ шығынын бағалау және қысқарту;

15) объектілерді энергия сақтау және қалдықсыз пайдалану жөніндегі технологияларды жетілдіру және принципиальды жаңа шешімдерді іздеу;

16) ұңғымалардың техникалық жағдайы туралы қорытынды беру;

17) қойманың ағымдағы жағдайы туралы анықтамалар мен қорытындылар, тапсырыс берушіге және тексеруші органдар үшін жедел материалдар дайындау.

126. Әрбір нақты жағдайда авторлық бақылау жөніндегі жұмыстар көлемі ағымдағы күнтізбелік жылға оларды мақсаттылығы, кезектілігі мен алынатын нәтижелерін ескере отырып анықталады. Жұмыстың жекелеген түрлері өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің шешімдерін, нұсқамаларын орындау мақсатында тапсырыс беруші талап ете алады.

127. Авторлық бақылауды іске асыру нәтижелері бойынша жалпы жағдайда жыл бойында атқарылған жұмыстар көлемі, негізгі нәтижелер мен қорытындылар көрсетіле отырып, қысқаша ақпараттық есеп береді. Жыл соңында орындаушы тапсырыс берушіге күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалған жұмыстар туралы қорытынды бірыңғай есеп береді.



13-тарау. Газдың жер асты қоймаларын консервациялау (жою)
128. Газдың жер асты қоймаларын консервациялау (жою) адам денсаулығы мен өміріне, жер үсті тіршілік объектілеріне қауіпті болған жағдайда және басқа да экстремальды жағдайларда жол беріледі. Қалған жағдайларда ЖГҚ консервациялау жүргізіледі.

129. Консервация (жою) кезінде ЖГҚ ұйым тиісті сараптамадан өтетін, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілетін және белгіленген тәртіппен бекітілетін консервациялаудың (жоюдың) технологиялық жобасын жасайды.

130. Консервациялаудың (жоюдың) технологиялық жобасының мақсаты қойманы консервациялау (жою) себептеріне талдау; максимальды газ жинау және ЖГҚ қауіпсіз консервациялау (жою) жөніндегі шаралар әзірлеу.

131. Консервациялаудың (жоюдың) технологиялық жобасы мыналардан тұрады:

1) консервациялау (жою) себептерінің талдауы;

2) сақтау объектісінен максимальды газ жинау режимі;

3) ЖГҚ ұңғымаларындағы консервациялау (жою) технологиясы;

4) ЖГҚ жер үсті құрылғы консервациялау (жою) жоспары мен тәртібі;

5) консервациялау (жою) кезінде жер қойнауының объектілік мониторингін қамтамасыз ету;

6) консервациялау (жою) кезінде материалдық шығындарды бағалау;

7) қорытындылар мен ұсыныстар.

132. Консервациялау (жою) кезінде ЖГҚ ұйым (әзірлеуші) осы мерзімге әзірленген объектілік мониторингін қамтамасыз етуге сәйкес авторлық бақылауды іске асырады.

133. Ұңғымаларды консервациялау (жою) жөніндегі жұмыстар бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

134. Консервациялау (жою) кезінде ЖГҚ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін барлық қажетті жұмыстарды жүргізеді.

135. Консервациялау (жою) кезінде ЖГҚ геологиялық, маркшейдерлік және басқа да құжаттарды жұмыс аяқталғаннан кейін толтырады және белгіленген тәртіппен сақтауға өткізеді.

136. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесі мен ұйымдар консервациялау туралы актіге қол қойғаннан кейін ЖГҚ консервацияланды (жойылды) деп саналады.


Қолданылған қысқартулар
ЖГҚ-жер асты газ қоймалары;

ГБЖ-газбен қамтамасыз етудің бірыңғай компьютерлік жүйесі;

ТӨП-тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану;

АМБ-алғашқы ақпараттық мәлеметтер базасы;

ГСК-газ қаныққан саңылау көлемі;

НКТ-насосты-компрессорлық трубалар;

ӨТҚ-өз технологиялық қажеттіліктері;

ГЖП-газ жинаушы пункт;

КС-компрессорлық станция

__________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет