Білім беру бағдарламасы Пәннің коды Пәннің атауы Студенттің өзіндікжұмысы (БӨЖ)



бет3/18
Дата20.05.2022
өлшемі43.63 Kb.
#458042
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

Критериалды бағалау: дескрипторларға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау(аралық бақылау мен емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Жиынтық бағалау: аудиториядағы (вебинардағы) жұмыстың белсенділігін бағалау; орындалған тапсырманы бағалау.


1

ЗС1. Қауізсіздік ережелері. Микробиологиялық зертханадағы жұмыс ережесі, микробиологиялық препараттарды дайындау.
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – Микробиология зертханасында жұмыс істеу ережелерін, микроскоптаудың және микробиологиялық препараттар негізгі тәсілдерін зерттеу.
Міндеттері: - Микробиология зертханасында жұмыс істеу ережелерімен, микробиологиялық зертханадағы қауіпсіздік ережелерімен танысу.
- Микроскоптау тәсілдерімен танысу. Микоскоптың құрылысын, микроскоптаудың негізгі тәсілдерін игеру.
1. Микробиологиялық практикум кезінде жұмыс істеу ережелерің Микробиологиялық зертханадағы қауіпсіздік ережелері.
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу кезінде белгілі бір ережелер сақталуы қажет. Сабақ техникалық қаіпсіздік ережелерімен таныстырудан басталады. Зертханаға сыртқы киіммен, бас киіммен кіруге болмайды және бөгде заттарды кіргізуге тыйым салынады. Зертханалық сабаққа халат киіп қана кіру қажет. Бір орында жұмыс жасау қажет және бекінген құрал-жабдықтарды ғана қолдану керек.
Жұмыс істеу кезінде бактериологиялық ине және тұзақ от жалынында микроорганизмдермен жұмыс істеудің алдында және соңында қыздырылады.
Зертханада тамақ жеуге мүлдем болмайды. Сабақ аяқталған соң жұмыс орны дезинфекцияланады, қолданылған материалдар және басқа заттар лаборантға тапсырылады, қолды сабынмен жуады, бөлмені желдетеді (30 мин), УК-шамдармен сәулелендіреді. Зерттеу қорытындылары жазба түрінде жазылынып алынады.
Микроскоп. Микроскоптаудың негізгі ережелері. Микроорганизмдерді микроскоптаудың негізі әдістері.
Микроорганизм клеткаларының морфологиясы және құрылысын зерттеу кезінде клеткаларының мөлшері микрометр (1 мкм = 0,001 мм), нанометр (1 нм = 0,001 мкм), ангстреммен (1 А° = 0,1 нм) өлшенетін клеткаларды өлшеу тек микроскоптың көмегімен ғана жүзеге асады.
Микроскоп зерттелетін нысандарды жүздеген (жарық микроскопы) және ондаған мың (электронды микроскоп) есе үлкейтуді қамтамасыз етеді. Жарық микроскопында кескін нысан мен оның құрылым элементтерінің әр түрлі толқын ұзындықты жарықты таңдамалы жұтуының немесе нысан
арқылы жарықтың өтуі кезінде жарық толқынының фазаларының өзгеруі нәтижелерінде айқындалады.
Микроскоп механикалық және оптикалық бөлімнен тұрады.
Механикалық бөлім заттық стөлі бар штативтен, тубустан, макро- және микрометриялық бұрандалардан тұрады.
Оптикалық бөлім жарықтандырғыш аппараттан, объективтен және окулярдан құралады. Объектив микроскоптың маңызды бөлімі болып табылады. Ол зерттелетін нысанның нақты үлкейтілген және қайтымды кескінін береді. Объектив бірнеше линзалардан тұрады. Ең маңыздысы - сыртқы (фронталды) линза, оның фокусты арақашықтығына объективтің үлкейту күші тәуелді болып келеді. Фронталды линзаның қисықтығы жоғары болған сайын, фокусты арақашықтық қысқа болады да, ал объективтің үлкейтілуі жоғары болады. Объективтің үлкейту күші оның оправасында көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет