Курстың академиялық презентациясы
|
Пәннің мақсаты
|
Оқытудың күтілетін нәтижелері (ОН)
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:
|
ОН қолжеткізу индикаторлары (ЖИ)
(әрбір ОН-ге кемінде 2 индикатор)
|
Студенттерге микроорганизмдердің тірі жүйе ретінде олардың құрылысы мен қызметі және экологиядағы рөлі туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру, сонымен қатар систематикасын, морфолого-культуралдық, физиолого-биохимиялық, клеткадағы зат алмасу қасиеттері, физиологиялық заңдылықтары мен өсіру әдістерін қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру.
|
ОН 1- микроорганизмдердің алуан түрлілігін, клетка құрылысын, микроорганизмдердің систематикасын және оларды зерттеу әдістерін біледі;
|
1.1 Әртүрлі систематикалық топтағы микроорганизмдердің жалпы ерекшеліктерін және оларды зерттеу әдістерін меңгереді;
1.2 Микроорганизмдердің морфологиялық алуантүрлілігін, олардың тіршілік ету ерекшеліктерін табиғаттағы рөлін біледі.
|
ОН 2- микроорганизмдердің құрылымдық және функционалды ұйымдастырылуы және табиғаттағы таралуын түсіндіру;
|
2.1. Микроорганизмдердің клетка құрылысын, олардың көбею жән өсу заңдылықтарын, және табиғатта бейімделу жағдайларын, метаболизмін түсінеді.
2.2 микроорганизмдердің генетикасын және зат алмасу үдерісін, табиғаттағы таралуын, оларға биотикалық және абиотикалық факторлардың әсерін сипаттайды.
|
ОН3- микроорганизмдердің метаболизмінің ерекшеліктерін және прокариоттардың бір-бірімен, эукариоттармен байланысын түсіну және прокариоттардың таксономиялық орналасу проблемалары мен прокариоттардың таксономиясындағы негізгі бағыттарды ажырату;
|
3.1 бактериялардың әртүрлі топтарының морфологиясы мен физиологиясын зерттеуде белгілі бір әдістерді қолдана біледі.
3.2 микроорганизмдердің дақылдық, морфологиялық белгілеріне талдау жасайды және оларды сипаттай біледі;
|
ОН4- микробиологиялық зерттеулер жүргізу және микроорганизмдердің әртүрлі топтарын олардың негізгі қасиеттері бойынша саралау.
|
4.1 қоректік ортаны дайындау, микроорганизмдерді егу, дақылдау және микроскопиялық препараттарды дайындау әдістері мен техникасын меңгеру;.
4.2 табиғи нысандардан алынған сынамалардан жиынтықты және таза дақылдарын бөліп алуды әдістерін меңгереді.
|
ОН5- микроорганизмдерді бақылау және зерттеу үшін стандартты микробиологиялық әдістерді қолдану әдістерімен тәжірибие жасау.
.
|
5.1 Микробиологиялық техника мен технологияның қазіргі заманғы проблемалары бойынша зертханалық сабақтарды, эксперименттік жұмыстар мен ғылыми зерттеулерді орындау үшін теориялық білімді қолдану.
5.2 Микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне байланысты жекелеген мәселелер бойынша реферат жазу үшін ғылыми әдебиеттер таңдау және талдау икемділігін меңгереді.
|
Пререквизиттер
|
Гистология және цитология, Ботаника және зоология
|
Постреквизиттер
|
Биотехнология негіздері, Жалпы және молекулалық генетика
|
|