Электр монтаждаушының жобалық және нормативтік құжаттары



бет1/2
Дата05.09.2023
өлшемі17.25 Kb.
#476612
  1   2
Лекция №1 ЭО-20о


Электр монтаждаушының жобалық және нормативтік құжаттары

Күштік және жарықтандырғыш, орта және ірі кәсіпорындардың желілік цехына арналған электр жабдықтарының жұмыс жоспары негізгі бес бөлімнен тұрады.


1. Техникалық материалдар мен түбегейлі сызбалар (сызбалар, есептер, қосалқы станциялар мен желілік трассаларды жайғастыру жоспары, түсіндірме жазбалар және т. т.), электр жабдықтар сипаттамасы.
2. Ірі блокты жинақтама электр жабдықтарын және желі элементтерін (мысалы, ток өткізгіштер) дайындау үшін зауыттарға арналған сызба-тапсырмалар.
3. Электртехникалық құрылғылардың құрылыс бөлшектерін, ойықтары, салмалы бөлшектерін және жұмыс сызбаларын (қосалқы станциялар ғимараттары, туннельдер мен кабельдерге арналған эстакадалар, трансформаторларға арналған іргетастар және т.т.) жасауға арналған сызба-тапсырмалар
4. Құрылыс нысандары мен монтаждау-дайындама шеберханаларының өндіріс жұмыстарына арналған электр монтаж сызбалары, ұсақ салмалы бөлшектерді орналастыруға арналған сызбалар, жаб58дықтар мен материалдардың сипаттамасы.
5. Құрылыс шығынын айқындайтын сметалар.
Нормативтік құжаттар жобалауда, инженерлік іздеулер, жаңа құрылыс жұмыстарында құрылыс және монтаж жұмыстарын атқару, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, ғимараттар мен монтаж жұмыстарын жасау, сондай-ақ құрылыс құрылымдары, бұйымдар мен материалдар құрылысының өндірісінде жобалауда міндетті ережелерді орнықтырады. Талаптарды, ережелер мен нормаларды сақтау ғимараттарды пайдалану ыңғайлылығы, ұзақтығын, техникалық деңгейін, сапасын, үнемділігін қамтамасыз етіп, құрылыс мерзімін қысқартуға ықпал етеді. Ережелер мен нормалардың бұзылуы адамдардың электр тогынан, апаттан, өрттен, жарылыстан зақымдануына әкеліп соғады. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстардың құжаттамасы СНиП 11-01 — 95 и СП 11-101 — 95 талаптарына сәйкес жасалды. 2008 ж. 1 шілдесінен бастап РФ Үкіметінің 2008 ж. 16 ақпандағы № 87 «Жобалық құжаттама бөлімдерінің құрамы және олардың мазмұны туралы» (өзг. мен тол.) қаулысына сәйкес, жобалық құжаттама бөлімдерінің техникалық регламентін анықтайды. Электр монтаждау кезінде монтаж және электртехникалық құрылғыларды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен өндіру ережелерін, СНиП 3.05.06 — 85 «Электр техникалық құрылғылар» электрқұрылғыларын орнату ережелерін білуі және сақтауы тиіс. СНиП пен ПУЭ нормативтік құжаттары жалпы ресейлік болып саналады. Оны барлық министрліктер мен ве¬домствалар, сондай-ақ ведомстволық қатыстылық пен меншік түріне қарамастан ұйымдар, мекеме және кәсіпорындар орындауға міндеттеледі. СНиП 3.05.06 — 85 белгісі былай жазылады: СНиП — құрылыс нормалары мен ережелері; 3 — СНиП 3-бөлім «Жұмысты ұйымдастыру, өндіру және қабылдау»; 5 — топта 5-ші СНиП 3-бөлім; 6 — аталған құжаттың реттік нөмірі топта 5-ші СНиП 3-бөлім;
85 — құжат бекітпесінің соңғы саны жылдың белгісі — 1985. Электр монтаждау жұмыстарын жүргізуде ведомстволық (салалық) құрылыс нормалары, электр жабдықтарының жеке түрлерін монтаждау мен электр жабдықтарын өндіруші-кәсіпорынның техникалық құжаттамасында көрсетілген талаптары сақтаулы тиіс. Безопасность труда электр монтаждау жұмыстарының қауіпсіздігі көбінесе «Электр жабдықтарын пайдалану бойынша еңбекті қорғаудың салааралық ережелері» мен МЕМСТ 12.3.032 — 2001 «Электр монтаждау жұмыстары. Жалпы қауіпсіздік шаралары» талаптарын сақтауға байланысты. Бұл жерде: 12 — еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің шифрі (ССБТ); 3 — қосалқы жүйе шифрі; 032 — қосалқы жүйенің реттік нөмірі; 2001 — стандартты бекіту жылы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет