Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01602-Тарих, 6В01511-Георгафия-тарих Пән циклы атауы және коды



бет1/4
Дата09.12.2019
өлшемі152.38 Kb.
#447673
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
6. Силлабус Археология ДОТ каз (3)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Тарих факультеті

Тарих және дінтану кафедрасы

«Бекітемін»

ОӘЖжҚББО жетекшісі

________ Кадиркулова А.Н.

« »___________ 20__ ж.


SYLLABUS


Даярлау бағытының коды және атауы

6В016-Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау

Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры

6В01602-Тарих, 6В01511-Георгафия-тарих

Пән циклы атауы және коды

БП ЖК Arh 1202 Археология

Оқу формасы

Күндізгі, Қашықтықтан білім беру технологиясы

Академиялық кредит

5

Академиялық сағат

150

Оқыту тілі

қазақ

Оқу жылы / семестр

2019-2020/ 1

Білім деңгейі

бакалавр


Ақтөбе, 2019 ж.

Студентке арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS) пәннің оқу бағдарламасы (15.01.2019.) негізінде құрастырылды.

Құрастырушылар:

1. Пән оқытушысы: Бекназаров Р.А.

Кафедра мәжілісінде қарастырылды

№1 хаттама, 02.09.2019 ж.

Кафеда меңгерушісі __________________ Избасарова Г.Б.
Факультеттің Әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданды

№1 хаттама, 02.09.2019 ж.



Әдістемелік кеңес төрағасы _________________ Айдарова А.З.

1.КУРС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:

Пән оқытушысы: Бекназаров Р.А.

Кабинет №207 Тарих және дінтану кафедрасы
2. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:

Негізгі тарихи пәндердің арасына археология да кіреді. Бұл ғылым адамзаттың тарихын жан-жақты қамтиды. Қалған ғалымдарға қарағанда, археология, адамзаттың тарихын, адамның пайда болғанын, қоғамдық сана сезімнің шығуын, толығырақ зерттейді. Біздің уақытқа дейін көне дәуірлерден қалған жазба деректер өте аз сақталған. Заттай деректерді бәрі де жерде кездеседі. Заттай деректерді зерттеу әдістері жазба деректерде зерттейтін әдістерден өзгеше болып келеді. Осыны дәлелдегесін ғана, археология негізі тарихи ғылымдардың біреуі болып есептеле бастады. Археология - тарих ғылымының негізгі бір саласы, негізінде заттай деректерді зерттеу арқылы, адамзат тарихының дамуын және осы дамуын және дамуының заңдылықтарын зерттейді. Археологияны күрек пен бірге жүретін ғылым деп атайды.
3. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

Курс




Семестр

Дәріс

Практикалық.

Семинар

Зертхана

ОСӨЖ

СӨЖ

Бақылау формасы

1




1

15




45




30

60

Компьютерлік тест







Барлығы 150 сағат


4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Жалпы білім берудің мақсаты: Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары тарихшы даярлау.
5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • 6В01602-Тарих, 6В01511-Георгафия-тарих мамандықтары бойынша білім бакалавры негізгі оқу жоспарында қарастырылған міндетті модульдерге енетін Қазақстан тарихы, философия, экология және тұрақты даму, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі ережелерін білуі;

  • Мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдете меңгеруі;

  • Басқару құралы ретінде техникалық және жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі;

  • Базалық пәндерді оқу барысында педагогика, психология және адам дамуы, жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі және т.б. пәндердің негізгі бөлімдерін білуі.

Қолдана білуі:

  • 6В01602-Тарих, 6В01511-Георгафия-тарих мамандықтары бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;

  • 6В01602-Тарих, 6В01511-Георгафия-тарих мамандықтары бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, кәсіби қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;

Біліктілігі:

  • Зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;

  • Ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігі;

  • Жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігі;

  • Өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;

Құзіреттілігі:

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.



6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

(бакалавриат деңгейі бойынша)



Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері (ОН)

(МББ-ғы пәнге сәйкес ОН көрсетілуі керек)

нақты қандай іс-әрекетті көрсетуі керек, мысалы терминдерді, негізгі фактілер және т.б білуі және түсінуі

нақты практикалық жағдайлар мен жағдаяттарда оқыған материалды қолдана білуі

оқу материалдар- ының құрамдас бөліктерін жіктей білуі

элементтерді қосу, жаңаша құрастыру- эссе, аналитикалық баяндамалар,мәнжазбалар жазу, жоспар құру

курс бойынша материалдың маңызын, қорытындылар сәйкестігін бағалау бағалай білуі


7. ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: Қазақстанның Ежелгі және Орта ғасырлар тарихы, Ежелгі және Орта ғасырлар Дүниие жүзі тарихы.

8. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: Қазақстанның Жаңа және Қазіргі заман тарихы, Жаңа және Қазіргі заман Дүниие жүзі тарихы.

9. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ - Оn-line, Off-line режимдері
10. СӨЖ кестесі:



СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Орындалу мерзімі

1

Археология пәніне кіріспе.

Реферат

2 апта

2

Қазақстанда археология ғылымының тарихы

Баяндама

3 апта

3

Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері

Жоба

4 апта

4

Палеометаллдарды игеру, энеолит

Конспект

5 апта

5

Қола дәуірлері

Реферат

6 апта

6

Ерте темір дәуірінің ескерткіштері

Баяндама

7 апта

7

Скиф, сак тайпаларының мәдениеттері

Жоба

8 апта

8

Сарматтардың мәдениеті

Конспект

9 апта

9

Ғұндардың археологиялық ескерткіштері

Реферат

10 апта

10

Үйсін және Қаңлы археологиялық ескерткіш

Баяндама

11 апта

11

Ортағасырлардағы көшпелілердің ескерткіштері. Көне түркілер мәдениеті.

Жоба

12 апта

12

Ортағасырлардағы көшпелілердің ескерткіштері. Қимақтар мен қыпшақтар.

Конспект

13 апта

13

Ортағасырлардағы көшпелілердің ескерткіштері. Моңғол дәуірі.

Реферат

14 апта

14

Ортағасырлық қалалар. VI – XV ғғ.

Баяндама

15 апта

15

Ортағасырлық қалалар. XV – XVIII ғғ.

дайындау

15 апта















11. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

11.1 Дәрістер
Тақырыбы №1. Археология пәніне кіріспе.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

  1. Археология ғылымының мақсат міндеттері

  2. Зерттеу объектісі тарих ғылымында алатын орны.

  3. Археологиялық ескерткіштердің түрлері

  4. Археологиялық зерттеудің әдістері, археологиялық мерзімдеу.

Дәріс тезисі*

Негізгі тарихи пәндердің арасына археология да кіреді. Бұл ғылым адамзаттың тарихын жан-жақты қамтиды.Қалған ғалымдарға қарағанда, археология, адамзаттың тарихын, адамның пайда болғанын, қоғамдық сана сезімнің шығуын, толығырақ зерттейді. Біздің уақытқа дейін көне дәуірлерден қалған жазба деректер өте аз сақталған. Заттай деректерді бәрі де жерде кездеседі. Заттай деректерді зерттеу әдістері жазба деректерде зерттейтін әдістерден өзгеше болып келеді. Осыны дәлелдегесін ғана, археология негізі тарихи ғылымдардың біреуі болып есептеле бастады.Археология-тарих ғылымының негізгі бір саласы, негізінде заттай деректерді зерттеу арқылы, адамзат тарихының дамуын және осы дамуын және дамуының заңдылықтарын зерттейді. Археологияны күрек пен бірге жүретін ғылым деп атайды.

Археологиялық ескерткіш-жан-жақты қамтитын түсінік.Олардың қатарына тұрғын үйлердің қалдықтары, зираттар, оттың іздері жатады. Археологиялық ескерткіштер көп және әр-түрлі болып келеді. Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зерттейді..Яғни,адамның іс-әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді.Оның бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан археологтар деректерді негізі түрлерге бөлген. Археологиялық деректер барлық жерде табылмайды.Олар негізінде адамдар қоныстанған жерлерде,немесе адамдардың іс-әрекетіне байланысты жерлерде табылады. Ондай жерлер көп емес. Олардың негізі түрлері: тұрақтар, қалашықтар, қорымдар, қоныстар, шеберхана, рудниктер, архитектуралық құрылыстар, тасқа салған суреттер және т.б. Археологияда тұрақ деп тас және қола дәуірінің уақытша қоныстарын атайды. Бірақ, археологияда қазіргі кезде бұл терминді қате деп есептейді.Сондықтан тұрақтарды қоныс деп атауға болады. Қалашық деп бекініс пен қоршалған қоныстарды атайды.

Қорымдар археологиялық ескерткіштердің негізгі бір түрін құрайды.Ең алғашқы зираттар тас дәуірінде пайда болған. Зираттарды екі негізгітүрде бөледі.Ол:Қорғандар және қорымдар.Төбесінде тастан немесе топырақтан құралған үйіндісі болса, онда қорған деп атайды.Қорғандар әр-түрлі болады.Үйінділерінің биікиігі бірнеше сантимертден бірнеше метрге дейін жетеді. Мысалы: түркі дәуірінің кейбір қорғандарының биіктігі 30-35м.дейін жетеді.



Археологияны оқытудың өзектілігі және ерекшеліктері

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар археологтардың зерттейтін негізгі деректері болып келеді. Осы факт археология ғалымның өзгешілігін құрайды. Археологтар зерттейтін заттар негізінде көне зираттарда немесе ежелгі заманында адамдар қоныстанған жерлерде табылуы мүмкін. Ол дүние өмірге сенгендіктен, адамдар, бұл дүниеден кеткен адамдарды қасына кейбір заттарды қойып жерлейтін. Сондықтан археолгтар қабірлерді зерттеген кезде сүйектердің қасына ыдыс-аяқ, темірден, қоладан, мыстан жасалған заттарды табады. Адамдар тұрмаған жерлерде заттар табылуы мүмкін емес .Алғашқы қоныстанған адамдар өздеріне үй салатын. Үйлерінен күл-қоғыс, тамақтың қалдықтарын, бұзылған бүлінген үй тұрмыстық заттарды шығарып тастайтын. Бұл заттардың үстіне шаң түсетін. Біраз уақыттан кейін жердің деңгейі көзге көрінбей көтерілді. Осылай адамдардың қоныстары жердің астында қалып кетеді археолгтар табылған заттарды, көне заманның тарихын көз алдында келтіреді. Археолгтардың зерттейтін заттары әртүрлі: еңбек құралдар, қару, әшекей бұйымдар, ыдыс –аяқ ,тыйындар, ежелгі мөрлер, үйдің қалдықтары, шеберханалар, бекіністер, заттардың үстіндегі жазбалар және т.б. сонымен, археологияның зерттейтін пәнін ,материалдық мәдениетін де көрсетілген адамзаттардың тарихы құрайды .

Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зеріттейді. Яғни, адамның іс әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді . Оның бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ . Сондықтан археолгтар деректерді негізгі түрлерге бөлінген. Археологиялық деректер барлық жерде табылмайды. Олар негізінде адамдар қоныстанған жерлерде, немесе адамдардың іс-әрекетіне байланысты жерлерде табылады.Ондай жерлер көп емес . Сондықтан археолгтар деректерді екі түрге бөлген. Олар: қоныстан табылған заттар және қабірлерден табылған заттар. Яғни, оларды қоныс және қорым деп қоюға болады. Сонымен археологияның зеріттейтін обьектісі болып археологиялық ескерткіштер табылды.

Мәдени қабат

“ Мәдени қабат” терминінің түсінігі.

Жазба деректердің сақталатын және зерттелетін орны архив болып табылады. Заттай деректер өте аз. Археологиялық ескерткіштердің сарқылмайтын қоры –жер. Мәдени қабат деп. аталатын нәрсе –археологтың архивы болып табылады. .

Мекенжайларды қазу барысында мамандар ежелгi адамдардың тiршiлiк iздерi сақталған қабат – мәдени қабатқа тап болады. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқаны мен оның қалыңдығы аса маңызды. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқанына және одан табылған заттарға қарап, бұл жердi адам баласы қашан және қанша уақыт мекендегенiн анықтауға болады. Мысалы темiр ғасырының мекенжайлары жердiң бетiне жақын орналасса, тас дәуiрiнiң тұрақтары әдетте жердiң бетiнен едәуiр тереңдiкте сақталған. Кейде бiр мекенжайдың орнында әртүрлi археологиялық кезеңдерге жататын бiрнеше мәдени қабат кездесуi мүмкiн. Мекенжайдағы тiршiлiк үздiксiз ұзақ уақыт жалғасқан жағдайда мәдени қабат бiрiнiң үстiне бiрi түседi. Оларды құрамында ешқандай археологиялық артефактiлер кездеспейтiн, құмнан немесе топырақтан түзiлген аралық қабат бөлiп жатуы мүмкiн. Бұндай жағдайда мекенжайдағы тiршiлiк белгiлi бiр уақыт аралығында үзiлiп, араға белгiлi бiр уақыт салып қайта жалғасқан деуге болады.

Археологиялық мәдениет түсiнiгi: бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi археологиялық заттардың кешенiн қамтиды. Кейде археологиялық мәдениет өздерiнiң шаруашылығы мен рухани дамуы жағынан бiр-бiрiне жақын, шығу тегi, тiлi, материалдық және рухани мәдениетi ортақ бiр этникалық адамдар қауымдастығына тән болуы мүмкiн. Археологиялық мәдениеттер әдетте шартты түрде алғаш зерттелген жердiң атымен (Атбасар, Андрон, Беғазы-Дәндiбай т.т.), немесе археологиялық ерекше белгiлерiне қарай (Катакоба, Бесшатыр, Тасмола т.т.) аталады. Археологиялық мәдениет заттай деректердi жiктеу (классификация) мен жүйелеудiң (систематизация) негiзi болып есептеледi. Барлық археологиялық заттар мәдениеттiң қайсы бiр түрiне жатады.

Адамның іс- әрекеті нәтижесінде,жер бетінде материалдық заттармен, құрылыстармен және т.б. түрінде көрсеттілген іздері сақталады.Солардың ішінде көбісі уақыт өткеннен кейін жердің астында қалып кетеді.Мысалы,ескі үйдің орнында жаңа үй салынған кезде, оның астында ескі үйдің қалдықтары қалып кетеді.(фундамент,қабырғаның төменгі жақтары).Осылай, біраз ғасырлар өткеннен кейін қатпарлар пайда болады.Осы қатпарларды тастап кеткен қоғамдардың мәдениетінің деңгейін, қабаттарда табылған заттар көрсетеді.Сондықтан осылай пайда болған жердің қабатын “мәдени қабат”деп атайды.Сонымен,мәдени қабат дегеніміз адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған, тарихи құралған қатпарлардың жүйесі.

Мәдени қабаттың қалыңдығы әртүрлі болып келеді.Мысалы,Москваның шет жақтарында мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Ал орталығында 8 м. дейін жетеді. Навгородтың мәдени қабатының қалыңдығы 9м.-ге дейін жетеді.Әлемде ең қалың мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Әлемде ең қалын мәдени қабат Месопотамияда –20м. және Орта Азияның кейбір қалашықтарында –34м. дейін барады.

Археологиялық кезеңдеу және хронология

Адам қоғамының тарйхын олардың негiзгi еңбек құралдарының қандай материалдан жасалғандығына қарай археологиялық кезеңдеу қалыптасқан. Осы кезеңдеуге орай бүкiл адамзат тарихы тас, қола және темiр ғасырларына бөлiнедi. Өз кезегiнде бұл ғасырлардың әрқайсысы жеке кезеңдер мен мәдениеттерден тұрады. Созылған уақытының ұзақтығы мен өзiндiк даму ерекшелiктерiне қарай бұл ғасырлар әркелкi. Мәселен тас ғасыры басқаларына қарағанда едәуiр ұзақ уақытқа созылған. Осы ұзақ мерзiмге созылған тас ғасыры кезiнде тас еңбек құралдары үздiксiз дамып, оларды жасау әдiстерi де жетiлiп отырды. Осыған орай адамның өзi де өзгерiп, тәжiрибесi артты. Сондықтанда тас ғасыры ғылымда палеолит (көне тас), мезолит (орта тас) және неолит (жаңа тас) болып, үш кезеңге бөлiнедi. Олардың әрқайсысынан аймақтық (территориялық) және мерзiмдiк (хронологиялық) тұрғыдан ерекшеленетiн энеолит (мысты тас) тас пен қола ғасырларының ортасындағы аралық кезең болды.

Қола ғасыры мыс пен қалайының қосындысынан алынатын қоланы адамның игерген уақытынан басталады.

Бұл ғасыр оңтүстiк аудандарда б.э.д. үшiншi мыңжылдықтан басталса, солтүстiк аудандарда кiшкене кешелдеп қалыптасты. Ақыр соңында темiр өндiрудiң қыры мен сырын жаппай меңгерген шақ б.э.д. 8 – ғасырдан бастап, адам баласы темiр ғасырына қадам басты.

Сонымен археологиялық кезеңдеу негiзгi еңбек құралдарының эвалюциясымен оларды жасау әдiсi негiзiнде құрылды. Археологиялық деректердiң өзiндiк ерекшелiктерiне сай заттар мен мәдениеттердiң мерзiмiн (хронологиясын) анықтау арнайы әдiс пайдалануды қажет етедi. Осыған орай археологиялық мерзiмдеуде нақты және салыстырмалы мерзiмдеу деген екi түрлi әдiс қолданылады.

Салыстырмалы әдiс – кез келген мәдениетке, немесе кезеңге тән заттарды олардың жасалу әдiсi мен материалына қарай бұрын ғылымда жасы анықталған заттармен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Нақты мерзiмдеу жаратылыстаму ғылымдарының әдiс – тәсiлдерi арқылы жүзеге асырылады. Мысалы кали – оргонды (радиоактивтi элементтердiң ыдырау мерзiмiне қарай), геохронологиялық (жер қыртысының жылдық қатпарларын есептеу арқылы), дендрохронологиялық (ағаштың жылдық сақинасына қарай). Әдетте нақты мерзiмдеу үшiн бiрнеше әдiстер қорытындысының жиынтығы алынады.

Тарих ғылымында уақытын анықтайтын екі жүйе бар. Хронология және кезеңге бөлу Хронология болған оқиғаның уақытын анықтайды,ал,кезеңге бөлу сол оқиғаларды кезеңімен орналастырады.

Адамзат тарихының кезеңге бөлудің ғылымда бірнеше түрлері бар.Соның бірі-арнайы археологиялық ғылымның негізгі деректері заттай деректер болып есептеледі. Яғни, адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қалып кеткен материалдық көрінетін заттар. Лукреций Кар адамзат тарихын тас,мыс және темір дәуірлерге бөлетін.

Әдебиет.


  1. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980

  3. Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011

  4. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.

  5. Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.

  6. Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.

  7. Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010

Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).
Тақырыбы №2. Қазақстанда археология ғылымының тарихы

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

  1. Археология ғылымының қалыптасуы

  2. Кеңес дәуірі кезіндегі археологияның дамуы.

  3. Қазіргі кездегі археологиялық зерттеулер (1991-2006 жж)

Дәріс тезисі*

«Археология» ұғымы әр заманда түрліше мағына берді. Грек философы Платон б.з.б. ІҮ ғ. археологияны барлық ежелгі дүниеге қатысты деп түсіндірсе, қайта Өрлеу дәуірінде археология тек антик дәуірінің тарихын ғана зерттейді деп саналды. Ежелгі рим ойшылы ақын Лукреций Гесиод сияқты заттық мәдениетттің дамуының негізгі кезеңдерін анықтауға тырысты, ол жазба шыққанға дейінгі тарихты тас, мыс, қола, темір деп бӨліп қазіргі ғылыми негіздеуге жақын болжам ұсынды. Ерте орта ғасырлық кезеңде археологиялық ізденістер баяу жүрді. Қайта Өрлеу кезеңінде ХҮ– ХҮІ ғғ. антикалық мәдениетке қызығушылық арта түсті. СӨйтіп антикалық дүние ескерткіштерін іздеу жұмыстары жүргізіледі.

Археологиялық зерттеулер Ресейде және шет елдерде ХҮІІІ ғ. қарқынды жүргізіліп, археология ғылым саласы ретінде дами түсті. ХҮІІІ ғ. Ресейде археологиялық деректерді мемлекеттік қорғау басталды. Бұған негіз болған 1718 ж. жарық кӨрген І Петрдің жарлығы еді. Оның жарлығында былай делінеді: «Егер кімде – кім жерден немесе судан қандайда бір ескі зат тауып, маған әкелсе, затына қарай сыйлық алады» . Ал екінші жарлықта тек ескі заттарды ғана емес, «сонымен бірге заттың табылған жерін дәл кӨрсетіп, сызбасын сызу» талап етілді.

Еуропада археология Ағартушылық дәуірінің Өткенді тану қажеттілігінен туған ғылым ретінде пайда болды. ХҮІІІ ғ. басында 79 жылы Везувий жанартауынан жоқ болған Помпей мен Геркуманум қалалары зерттелді. Қазба кезінде Помпейдің 1600 жыл бұрын Өмір сүрген адамдардың

Өмірі туралы алғашқы мәліметтер жиналды және қазу жұмыстарын жүргізген ғалымдар тұрмыстық заттарды зерттеудің маңыздылығын ұғынды.

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтерді орта ғасырлық қытай араб, парсы тарихшылары, географтары және саяхатшылары қалдырды. Олар Өз еңбектерінде Өздерінің кӨзімен кӨрген немесе біреулердің әңгімелері бойынша құрылыстар мен қираған қалалар іздерін, бейнелер мен бұйымдар туралы айтады. Ресейдің Сібірмен Қазақстанды игеру мақсатында жүргізілген жұмыстары нәтижесінде жарық кӨрген тобыл бояры С. Ремезовтің «Сібірдің сызба кітабы» еңбегінде алғаш рет Қазақстанның даласының археологиялық ескерткіштері туралы деректер кездеседі. 1733 ж.

ХІХ ғ. ортасынан бастап императорлық археологиялық комиссиясы, Тарихи музей, Мәскеу археологиялық қоғамы және т.б. Ресейдің Орталық ғылыми мекемелері қазақ даласын зерттеуді жандандыра түсті. Ш.Ш.Уәлиханов еңбектері. Орыс шығыстанушысы П.И.Лерх Түркістан Өлкесін, Сырдарияның бойында орналасқан Сауран, Сығанақ, Жанкент қалаларын зерттеді. В.В.Бартольд, Н.Н.Пантусов, В.А.Каллаур т.б. зерттеулері. ХХ ғ. басында археологиялық зерттеулерге Орынбор мұрағаттык комиссиясы белсене араласты. Оның мүшелері ескерткіштерді қорғау және оларды есепке алуды жүргізді. И.А.Кастанье 1910 жылға дейін белгілі болған Қазақстанның археологиялық ескерткіштерді жіктеп, тізбесін жасайды.

Қазан тӨңкерісінен кейін мемлекеттік негіздегі археологиялық зерттеулер жүргізді. 1919 ж. Санкт-Петербургте материалдық мәдениет тарихының Академиясы құрылды, 1920 жылы Ташкентте Ескі ескерткіштерді қорғау және мұражай істері туралы Түркістан комитеті құрылды. (Туркомстарис)



В.В. Бартольд ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында Түркістанның археологиялық картасын жасайды. П.П.Иванов, М.Е. Массонның Сайрамды қазып, В.Д.Городецкий Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Талас аңғарында зерттеулер, А.Н.Бернштам жетекшілікжасаған Жетісу археологиялық экспедициясы кең аумақты қамтыған қазба жұмыстарын жүргізді. Қазақстанның жекелеген облыстарында Археологиялық пункттер құрылды.

    • ғ. 20-40 жж. аралығы Қазақстан археологиясының зерттеулер дамуының екінші кезеңі болып табылады. 1946 ж. Қазақстандағы ғылым академиясының құрылуымен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих. Археология және этнография институтының кӨптеген зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ә.Х.Марғұлан басқарған археологиялық бӨлімі қалыптасты. БӨлімнің зерттеулеріне Е.И.Агеева, Г.Н.Сенигова, А.Г.Максимова, кейін К.А.Ақышев, Г.В.Кушаев, А.М.Оразбаев, М.К.Қадырбаев қатысты.

  • кезең – 1946 – 1960 жж. аралығы. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуына байланысты археологиялық жұмыстардың кӨпшілігін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты жүргізеді. Осы кезден бастап археологиялық зерттеулер орталығы Алматыға ауысады, археология бӨлімі ашылады, оның алғашқы жетекшісіболып Ә.Х. Марғұлан тағайындалады. Археолог зерттеушілердің қатарына Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова, А.Г.Максимовалар қосылады. А.Н.Бернштам және Е.И. Агеева басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицисы (ОҚАЭ) екінші ірі экспедиция болды. Экспедиция Отырар даласындағы, Шу-Талас Өзендері аралығындағы, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі, Сырдария алқабындағы қалалар мен қоныстарды зерттеп, картаға түсіру және хронологиясын анықтау жұмыстарын жүргізеді. Республиканың басқа Өңірлерінде археологиялық қазбалар жүреді. «Археологическая карта Казахстана» жинағы жарияланды. ІҮ кезең – 1960 – 1970 жж. аралығы, бұл кезде зерттеулер кең қанат жайып қоймай, кӨп жылғы тәжірибеге сүйене отырып, қойылған мәселелер туралы зерттеулермен сипатталады. Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жетісу аумақтарында кӨптеген археологиялық жаңалықтар ашылады. Бесінші кезең, 80 жылдардан басталады және ұйымдастыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуімен сипатталады. Ғылыми еңбектер, мақалалар, конференция, симпозиумдар т.б. ұйымдастырылды. Жер Өңдеуші Өркениет пен кӨшпелілердің мәдениетіне байланысты мәселелері т.б. кӨптеген тақырыптар кӨтерілді. Қазақстан Республикасының мәдениет және тарихи ескерткіштерінің тізбесі жинақталды.

1991 ж. бастап Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің алтыншы кезеңі басталды. Тәуелсіздігімізді алумен бірге Қазақстан археологиясында тың жаңалықтар ашылып, қазбалар қарқынды жүргізіліп келеді. А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының құрылуы, 2002 ж. Мәдениетті қолдау жылы болып жариялануы, 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүргізлуі археологиялық зерттеу жұмыстарына жаңа серпін беріп, кӨптеген тарихи мәдени мұраларымыз қазылып, зерттеулер мен қалпына келтіру шаралары іске асуда. ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония «Отырар қалпына келтіру және сақтау» т.б. «Алтын Адам және Қазақстанның ертедегі қазбалары» бағыттарындағы жұмыстар да Өз нәтижелерін беруде.

Әдебиет.

  1. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980

  3. Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011

  4. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.

  5. Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.

  6. Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.

  7. Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010

Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).
Тақырыбы №3. Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

  1. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Ежелгі палеолит.

  2. Мезолит дәуірі.

  3. Неолит дәуірі. Дәуірдің ескерткіштері

  4. Энеолит дәуірі.

Дәріс тезисі*

Жер шарында алғашқы адамдар сүрген кезең 2 млн. жылдан астам уақыт бұрын басталған. Қазақстан аумағында ежелгі гоминидтердің пайда болуы болған уақыты геологиялық- географиялық кезең – ерте плиоценге сәйкес келеді. Ең ертедегі гоминидтердің Африка құрлығынан бастап қазіргі қуаң Өңір мен Сібір аумағына дейінгі кең байтақ жерде қоныстанғандығын дәлелдейтін іздері анықталды. Бұдан 1,5 - 1 млн. бұрын Каспий маңы ойпатының ашық кеңістіктерінде, Тұран далаларында, Солтүстік Қытайда гоминидтердің тұрақтары болған. Климаты жағынан Өте қолайлы аймақтың бірі – Қаратау жотасы болды. Қаратау жотасының қолайлы жағдайы жоғарғы плиоценнен бастап сақталып келген. Мұны неоген кезінен сақталған кӨптеген Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дәлелдейді.

Сонымен ежелгі адам Өзінің дамуында бірінен кейін бірі келетін кезеңдерден Өтті. Олардың негізінде тасты Өңдеу техникасының жетілдірілуі және соған байланысты еңбек Өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениетінің Өсуі жатыр. Археологияда бӨлген кезеңдерге сәйкес Адамзаттың ертедегі тарихы тас, қола, темір дәуірлеріне бӨлінеді. Тас ғасыры Өз кезегінде палеолит, мезолит, неолитке бӨлінді. Палеолит дәуірі (ежелгі тас) адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ғылымда белгіленгендей ежелгі палеолит классикалық үлгі бойынша үш кезеңге: ерте - олдувэй, ашель; орта палеолит – кейінгі ашель мен мустье; кейінгі палеолит – ориньяк, солютре мен мадлен болып бӨлінеді. Соңғы жылдары ғалымдар мустье мен кейінгі палеолитті бір кезеңге алып, палеолитті ежелгі және кейінгі деп бӨледі. Сонымен палеолиттің дошелль немесе олдувэй мәдениеті деп аталатын ең ежелгі кезі шамамен 2,5 млн. жылдардан 800 мыңжылдықтарға дейін созылды. Ежелгі палеолиттің кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Орта палеолит (кейінгі ашель мен мустье) б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар, кейінгі палеолит шамамен 40-10 мыңжылдықтарға сәйкес келеді.

Ежелгі палеолиттегі құралдардың түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер. Ауыр салмақты тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылды. Олар Кеңірдек елді мекенінен, Қаратау жотасы Арыстанды Өзенінің жоғары жайылмасынан табылды. Ашельдік кезеңге жататын БӨріқазған және Тәңірқазған тұрақтарынан табылған құралдар тӨрт топқа бӨлінеді. Орталық Қазақстаннан ашель дәуірінің ескерткіші ҚұдайкӨл тұрағы, Семізбұғы мекені, Обалысай тұрағы, Шығыс Қазақстаннан Қозыбай тұрағы аршылды. Мустье дәуірінде тас Өңдеудің жаңа техникасы ойлап табылды. Мустьелік кезеңге жататын Ш.Уалиханов атындағы кӨп қабатты тұрақтан 6 мәдени қабат зерттелінді. Батыс Қазақстанда орналасқан Шақпақата, Өнежек қоныстарынан теңіздің шақпақ тастарынан жасалған еңбек құралдар табылды. Соңғы палеолитте нәсілдер мен нәсілдік топтар қалыптасып, материалдық және рухани мәдениет жетіле түсті.

Келесі кезең - мезолит дәуірі - климаттық Өзгерістермен ерекше болды. Еңбек құралдар дайындау техникасында жаңа Өзгерістер болды. Мезолит кезеңінің маңызды Өнер табысы - садақ пен жебе және микролиттер (тас тілікшелер) пайда болды. Мезолит дәуіріне жататын 50 –ге жуық ескерткіштердің орны анықталған. Олардың арасында: Маятас, Жаңашілік-1-3 тұрақтары (Оңтүстік Қазақстан Отырар жазирасы), Ордабасы ауданындағы БӨген (су қойма маңы), Бүркітті, Шахантай мен СоркӨл-1-2 кешендері (Қаратау Өңірі), Қарағанды-15, Әкімбек, ТалдыӨзек-21(Орталық Қазақстан), Қарсы, Шәуші ескерткіштері (Батыс Қазақстан), Тұз, Дүзбай-6, Евгеньевка-1, Мичурин, Қарасор-5-6 (Торғай даласы мен солтүстік Өңірлер) т.б. тұрақтар. Мезолиттен кейін неолит пен энеолит дәуірлеріне мал Өсіру, егіншілік қалыптасып, балық аулау, аңшылық дамыды.

Неолит дәуірінің маңызды белгілері, Өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы. Кен кәсібі қанат жайып, қыш құмыра ісі мен тоқымашылық дамыды. Қараүңгір тұрағы т.б. ескерткіштері. Неолит дәуірінде рулық қауым қалыптасты. Неолиттік ескерткіштер Қаратау жотасынынан, Арал маңынан, Орталық және Батыс Қазақстанан аршылды, Шығыс Қазақстанның Ертістің жоғарғы Өңірінде зерттелді. Неолит дәуіріне жататын Келтеминар мәдениеті– Ақшадария атрабы, Үзбой, Сарықамыс атрабы, Әмударияның сол жағалауы, Қызылқұмның ішкі бӨлігі, Сырдарияның тӨменгі ағысы, Заравшанның тӨменгі Өңірін қамтиды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында неолиттік Ойықты мәдениеті, ТӨлес мәдениеті, Атбасар мәдениеті, Маханжар мәдениетттерін ерекше атап Өтуге болады.



Қазақстан жерінде шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда адам Өміріне мыс құралдар ене бастады. Шамамен мың жылдай уақытқа созылған бұл Өтпелі кезең – энеолит (мысты тас) дәуірі адамзат тарихында маңызды рӨл атқарды, адам баласы Өз дамуында жаңа сатыға кӨшті. Материалдық мәдениеттің жаңа үлгілері пайда болды. Ботай мәдениеті. Солтүстік Қазақстанның энеолиттік ескерткіштері. Қазақстан жерінде шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда адам Өміріне мыс құралдар ене бастады. Шамамен мың жылдай уақытқа созылған бұл Өтпелі кезең – энеолит (мысты тас) дәуірі адамзат тарихында маңызды рӨл атқарды, адам баласы Өз дамуында жаңа сатыға кӨшті. Материалдық мәдениеттің жаңа үлгілері пайда болды. Ботай мәдениеті. Солтүстік Қазақстанның энеолиттік ескерткіштері Қазақстан жерінде шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда адам Өміріне мыс құралдар ене бастады. Шамамен мың жылдай уақытқа созылған бұл Өтпелі кезең – энеолит (мысты тас) дәуірі адамзат тарихында маңызды рӨл атқарды, адам баласы Өз дамуында жаңа сатыға кӨшті. Материалдық мәдениеттің жаңа үлгілері пайда болды. Ботай мәдениеті. Солтүстік Қазақстанның энеолиттік ескерткіштері. Қазақстан жерінде шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда адам Өміріне мыс құралдар ене бастады. Шамамен мың жылдай уақытқа созылған бұл Өтпелі кезең – энеолит (мысты тас) дәуірі адамзат тарихында маңызды рӨл атқарды, адам баласы Өз дамуында жаңа сатыға кӨшті. Материалдық мәдениеттің жаңа үлгілері пайда болды. Ботай мәдениеті. Солтүстік Қазақстанның энеолиттік ескерткіштері. Қазақстан жерінде шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда адам Өміріне мыс құралдар ене бастады. Шамамен мың жылдай уақытқа созылған бұл Өтпелі кезең – энеолит (мысты тас) дәуірі адамзат тарихында маңызды рӨл атқарды, адам баласы Өз дамуында жаңа сатыға кӨшті. Материалдық мәдениеттің жаңа үлгілері пайда болды. Ботай мәдениеті. Солтүстік Қазақстанның энеолиттік ескерткіштері. Қазақстан жерінде шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда адам Өміріне мыс құралдар ене бастады. Шамамен мың жылдай уақытқа созылған бұл Өтпелі кезең – энеолит (мысты тас) дәуірі адамзат тарихында маңызды рӨл атқарды, адам баласы Өз дамуында жаңа сатыға кӨшті. Материалдық мәдениеттің жаңа үлгілері пайда болды. Ботай мәдениеті. Солтүстік Қазақстанның энеолиттік ескерткіштері. Қазақстан жерінде шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда адам Өміріне мыс құралдар ене бастады. Шамамен мың жылдай уақытқа созылған бұл Өтпелі кезең – энеолит (мысты тас) дәуірі адамзат тарихында маңызды рӨл атқарды, адам баласы

Әдебиет.

  1. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980

  3. Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А. 2011

  4. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А, 1993.

  5. Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2012.

  6. Генинг В.Ф. Предмет и объект науки в археологии. Киев. 2014.

  7. Гинзбург В.В. Палеоантропология Средней Азии М., 2010

Өткізу форматы: (дәстүрлі дәріс, лекция дискуссия, лекция тоқтаулармен, лекция-әңгіме).
Тақырыбы №4. Палеометаллдарды игеру, энеолит

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары.

    1. Ботай мәдениеті.

    2. Терсек мәдениеті.

Дәріс тезисі*


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет