Білім беру бағдарламасының коды: 6В01101 «Педагогика және психология»



Дата15.10.2022
өлшемі55.88 Kb.
#462779
түріБілім беру бағдарламасы
Менің арманымдағы Қазақстан Серикова Аружан (1)



М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Педагогикалық психология» кафедрасы
Эссе
Тақырыбы: «Менің арманымдағы Қазақстан»
Қатысушы: Серикова Аружан Маратовна
«Ұстаз» институты
Білім беру бағдарламасының коды: 6В01101 - «Педагогика және психология»
Курсы: 2
Тобы: ПиП 21-1
Байланыс телефоны: 87084843250
Электрондық пошта: aruka_serikova@mail.ru

Тараз қаласы 2022


Әр адамның қиялы мен қалауынан туатын, көкейінде болашаққа деген ізгі ниеті, күтер үміті бейнеленген арманындағы өмірі бар. Ол бір биік шыңмен іспеттес. Санқилы, ойлы-қырлы жолдардан тұратын арманға жету жолында көптеген қиындықтар бар. Қанаты болмаса да аспанға қалықтап ұшқысы келетін адамзат, ешқашан жарқын арманының орындалуынан күдер үзген емес. Мен де армандаймын. Әрбір адам өз ішкі құндылықтарының деңгейінде армандайды. Туған жер – менің әлемімнің үлкен бөлігі, ал мен туған жердің кішкентай ғана бөлігімін. Біздің өмірімізбен тағдырымыз өз туған жеріміздің тағдырына байланысты. Туған жердің тағдыры негізінен өз азаматтарының патриоттық сезімінің тереңдігі мен күшіне байланысты. Сол себепті туған жерге деген сүйіспеншілікті өмірлік философия ретінде қабылдаймын. Біздің еліміз аласапыран, тар жол, тайғақ кешуден өткен батыр халықтың басын құраған қасиетті мекен. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін сезіну үшін басымызға қара бұлт төнген күндерді өткердік. Бізді қиын-қыстау кездерде алға жетелеген тек бір ғана күш бар. Ол-арман. Ата-бабаларымыз біздің жарқын болашағымызды армандады. Еңселі ел болуымыз қайтпас қайсар мінезімізбен алға қарай аянбай жылжуымыздың жемісі. Халық әдебиетіндегі «Армансыз адам – қанатсыз бұлбұлмен тең», — деген нақыл сөзі бекер айтылмаған. 1991 жылы еліміз тәуелсіздігін алды. Өз тіліміз, діліміз, Ата Заңымыз, өз валютамыз қабылданып, іс-жүзінде алға үлкен мақсаттар қойылды. Халық бірікті, ел болды. Алға көптеген экономикалық, саяси, инфрақұрылымдық жоспарлар құрылды. 2030, 2050-стратегиялары еліміздегі көптеген нақты қадамдардың бастамасы болды. Әлем елдерімен пара пар, озық мемлекетке айналу мақсатында көптеген жұмыстар жасалынды. Мемлекеттің болашағы оның ұлттық құндылықтарының сақталуында. Яғни, еліміздің басты қазынасы-тіліміз. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа берілген байлығымыз, халық даналығының айнасы. Тіпті тілді адастырмас Темірқазық деп атауға да болады. Ел дамуының мызғымас бөлігі- білімді жастар. Қазіргі таңда елімізде әлемдік стандартқа сай білім беру жүйесі бар. Барлық салалар толықтай технологиямен қамтамасыз етілген. Менің қиялымдағы Қазақстан қандай болмақ?
Болашаққа әркім әр түрлі көзбен қарайды. Тіпті «Болашақтағы Қазақстан қандай?» -деген сұрақ қойылғанда, біреуі зерделі көзбен қараса, біреуі қиялына ерік те бере алмайды. Кейбіреулері болашақта тек роботтар жұмыс істейтін заман болады деп санайды. Бұл өзгерістің барлығы уақыттың еншісінде. Бірақ тек жорамал жасап ғана қоймай, қиялға ерік бере білу қажет. Түсімізде көретін ғажайып әлемді өңімізде көру үшін еңбек ету керек. Ең алдымен болашақтағы Қазақстанның халық саны қазіргіден едәуір көп. Жерімізде тұратын барлық адамдар, қазақ болсын немесе басқа ұлт өкілдерінің барлығы қазақ тілінде еркін сөйлей алады. Әрбір азаматымыз-Отансүйгіш. Елдің қамын Кенесары хандай қорғай білетін, Әкелері балаларын Құнанбай Абайды тәрбиелегендей тәрбиелей білетін, ақындары Бұқар мен Абайша күңірене білетін, әжелері Зеренің ізін жалғаған ертекшіл,
азаматтары Шаханов Мұхтар секілді өршіл,қыздары Алия мен Мәншүктей абыройын сақтаған, арын сатпаған, азаматтары айбынды ұлт. Салт-дәстүрлер-біздің ұлттық кодымыз. Өкінішке орай ескіріп, ұмытылған салт-дәстүрлердің барлығы дерлік, еліміздің барлық аймақтарында қолданыс тапқан. Еліміздегі ауылдық жерлер урбанизацияланып, халықтың біраз бөлігі қалалық жерде тұрады. Жергілікті жерлердің географиялық ерекшеліктері ескеріліп, емдеу-сауықтыру орындары , шипажайлар , демалыс орындары мол, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұралар жинақталып, қалпына келтірілген. Ішкі туризм дамыған. Қазақстанның барлық өлкесінде осылай жағдай жасалған. Жасыл экономика дамыған. Қазіргі таңда басты проблематикаға айналған халықтың қаржылай, құқықтық сауаттылығы өскен. Өткен жылдары жемқорлық тым көбейген кез болатын. Жемқорлық тамырымен жойылған. Ел басшылығында тек ұлтжанды азаматтар отыр. Халық толығымен 100% Отандық өнімді тұтынады. Республикамызда түгелімен жолдар дұрысталған, аймақтардың барлығы көгалдандырылған. Халықтың көбісі ғылымға ден қойған. Елде ғылыми жаңалықтар ашылып, ешкімге есе жібермеген, езгісіне салғысы келгендерге дес бермейтін ел болдық. Кеше қойдан момын, дұшпанды төбеге көтерген ел болсақ, бүгін ешкімге бағынбайтын тек тәуелсіз ойлайтын, тәуелсіздіктің ұрпақтары дүниеге келді. Олар ешкімге жалтақтамайды,ойы және жасаған іс-әрекеті еркін. Әлемдегі мықты державалардың бірі болдық. Енді білім саласына келер болсақ, мектептер заманға сай құрал-жабдықтар мен жабдықталған. Цифрландыру саясатының арқасында, қағазбастылық мәселесі шешілді. Барлық электронды сайттар адамдарға қолжетімді. Жастарымыз үш тілде еркін сөйлей алады, еліміздің әрбір азаматы өзінің өткен тарихын толық біледі. Әлемдік бестіктің қатарына енген, дәулеті мен сәулеті жарасқан ел.
Мен болашақта дамыған мықты мемлекетті көремін. Біздің еліміз тарихқа, табиғи қазынаға, қазба байлыққа бай. Оны пайдаға дұрыс асыру, елді одан әрмен дамыту жастардың қолында. Қазіргі қолайсыз жайттарды түзеу де өз қолымызда. Болашақ қазіргі кішігірім қадамдардан құралған бүгініміздің айнасы. Ел дамысын десек болашағымыз үшін қызмет етейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет