Білім беру деңгейі



Дата27.01.2024
өлшемі18.61 Kb.
#490030
МОДУЛЬ 2


2.1-тапсырма Бастауыш білім беру деңгейі мен негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде грамматиканы оқыту ерекшеліктерін анықтаңыз, әр деңгей бойынша өз ойыңызды тұжырымдаңыз.

Білім беру деңгейі

Ерекшеліктері

Тұжырым

1-4 - сынып

Грамматика оқыту кезінде оқушылар түсіне отырып таңдау жасау жаттығулары; орнын алмастыру жаттығулары, трансформациялық жаттығулар; сөйлемдерді толықтыруға арналған жаттығулар; аналогияға арналған жаттығулар; стандартты түрдегі сөйлемдерді қолданылатын жаттығулар; нұсқаулыққа сәйкес сұрақтарға жауап беру; сұраққа қарама-қарсы жауап беру; берілген сөздермен сөйлем құрастыру.

Имитативті жаттығулар. Лексикалық бірліктерді, грамматикалық модельдерді бекіту және оларды сөйлеуде автоматтандыру үшін, яғни фонетикалық, лексикалық және грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады

5-9 - сынып

Оқушылардың тілдік грамматикалық дағдыларды меңгерту үшін тапсырмалар іс жүзінде сөйлеу жағдаяттарымен байланысты және нақты коммуникативтік бағытта болуы міндетті.Жаттығу түрлері ретінде сөйлемдегі бос орынға қажетті сөздерді қою ,жалғауларды дұрыс жалғау ,орны ауысқан сөздермен сөйлем құрау ,жабық тест тапсырмалары.

Грамматикалық бірлікті үйрету барысында белгілі бір категорияға баса назар аударылады, жаттықтырылады,бекітіледі,сол үйреткен категория бағаланады.

10-11 - сынып

Оқу мақсаттары бойынша дағдыны қалыптастырудың кезендерін жоспарлайды,лексикалық тақырыптар аясында материалдарды іріктеп,оқушының тәжірибеде өздігінен білім алуына , ізденуіне мүмкіндік береді



Оқу процессінде оқушының нақты қызығушылығын анықтауға мүмкіндік беретін жаттығуды пайдалану керек.


2.2-тапсырма. 1-4 сынып«Тілдік нормаларды қолдану» бөлімінен оқу мақсатын таңдап, тапсырма әзірлеңіз.

Сынып:

4 сынып



Оқу мақсаты:

4.​5.​1.​2* көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану



Бағалау критерийі

 Мәтінді оқиды,сөздіктің көмегімен аударып, түсініп алады. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды.






Тапсырма:



Мәтінді оқы, сөздіктің көмегімен аударып, түсініп ал.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
А. Құнанбайұлы – ұлы ақын. Ол – қазақ халқының мақтанышы.
Абай атаның қолжазбалары – бізге
жеткен мол байлық және маңызды мәдени мұра.
Абай атамыз адамгершілік, достық, мейірімділік, білім, табиғат туралы көп жазды. Біз бұл туралы музейде сақталған құжаттардан білеміз. Біз Абай атаның өлең, әндерін ата-әжелерімізден көп естиміз.


Дескриптор:
Мәтінді оқиды -1б
Сөздіктің көмегімен аударып, түсініп алады.2б
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды. 4б




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет