Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған



Дата17.07.2016
өлшемі134.5 Kb.
#205063


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы «20» маусымдағы

№ 235 бұйрығына

5-қосымша
«Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған

қосымшаның телнұсқасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында берілген лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысымен бекітілген «Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.



  1. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара

іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге электронды сұранысты беруі негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:

1) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру:

1-процесс – 1 (бір) жұмыс күні ішінде порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) тіркеу және сұранысты өңдеу;

2-процесс – 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі;

3-процесс – 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағында көзделген лицензия беру негіздеріне сәйкес келмеуіне байланысты сұраныс түскен қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; не көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкес келуіне байланысты көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қалыптасады.

2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:

1-процесс – 1 (бір) жұмыс күні ішінде порталда электрондық құжатты (қызмет алушының сұранысын) тіркеуі және сұранысты өңдеу;

2-процесс – 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі;

3-процесс – 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының лицензияны қайта ресімдеу талаптарына және негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және Стандарттың 10-тармағында көзделген лицензия беру негіздеріне сәйкес келмеуіне байланысты сұраныс түскен қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; не көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкес келуіне байланысты көрсетілетін қызмет нәтижесін қалыптастыру. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қалыптасады.

3) лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру:

1-процесс – 4 (төрт) сағат ішінде порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) тіркеу;

2-процесс – 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің лицензияның бар екендігін тексеруі;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптасады.

6. Келесі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің нәтижесі:

1) тіркелген өтініш;

2) электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында берілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

3) лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер қатысады:

1) кеңсе қызметкері;

2) лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкері;

3) лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы;

4) төраға орынбасары;

5) төраға.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:

1-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және төрағаға жолдайды;

2- рәсім – 2 (екі) сағат ішінде төраға қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын төраға орынбасарына жолдайды;

3-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде төраға орынбасары қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысына жолдайды;

4-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;

5-рәсім – лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді, 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағында көзделген лицензия беру негіздеріне сәйкестігін тексереді және шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; лицензия және/немесе оған қосымша) және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;

6-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы шешімді тексереді және келісу үшін төраға орынбасарына жолдайды;

7-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қою үшін төрағаға жолдайды;

8-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.

2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:

1-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және төрағаға жолдайды;

2- рәсім – 2 (екі) сағат ішінде төраға қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын төраға орынбасарына жолдайды;

3-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде төраға орынбасары қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысына жолдайды;

4-рәсім – 2 (екі) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;

5-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкері құжаттардың толықтығын тексереді, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қызмет алушының лицензия қайта ресімдеу негіздеріне сәйкестігін тексереді және шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша) және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;

6-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы шешімді тексереді және келісу үшін төраға орынбасарына жолдайды;

7-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қою үшін төрағаға жолдайды;

8-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.

3) лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру:

1-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және төрағаға жолдайды;

2- рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын төраға орынбасарына жолдайды;

3-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға орынбасары қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысына жолдайды;

4-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;

5-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасы қызметкері лицензияның бар болуын тексереді және шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары) және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды;

6-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы шешімді тексереді және келісу үшін төраға орынбасарына жолдайды;

7-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қою үшін төрағаға жолдайды;

8-рәсім – 1 (бір) сағат ішінде төраға шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды.

9. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) рәсімдерді (өзара іс-қимылдарды) жүргізу реттілігі сипаттамасының блок-схемасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы 0№ 235 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Порталдың функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылының блок-схемасы




2 (екі) сағат ішінде кеңсе қызметкері электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) порталда тіркейді және төрағаға жолдайды





2 (екі) сағат ішінде төраға қарар жазады және көрсетілетін қызметті алушының сұранысын төраға орынбасарына жолдайды






2 (екі) сағат ішінде төраға орынбасары қарар жазады және көрсетілетін қызмет алушының сұранысын лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысына жолдайды





2 (екі) сағат ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды






Лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді, 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін тексереді және шешім қалыптастырады (электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; лицензия және/немесе оған қосымша) және шешімді тексеру үшін басқарма басшысына жолдайды





1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасының басшысы шешімді тексереді және келісу үшін төраға орынбасарына жолдайды





1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға орынбасары шешімді тексереді және қол қою үшін төрағаға жолдайды





1 (бір) жұмыс күні ішінде төраға шешімді тексереді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып қол қояды

«Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Порталдың функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


















«Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


2 сағат ішінде басқарма басшысының жауапты орындаушыны тағайындауы

2 сағат ішінде электрондық сұранысты тіркеу



2 сағат ішінде Электрондық сұраныспен танысу және жолдау


2 сағат ішінде электрондық сұраныспен танысу және жолдау




1 күн ішінде бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру






1 күн ішінде шешімді тексеру және келісу



1 күн ішінде шешімді тексеру және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қою




бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру


Лицензияны және оған қосымшаны әзірлеу



1 күн ішінде шешімді басқарма басшысының тексеруі




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет