«Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі7.97 Kb.
#11200
«Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1426 қаулысы



Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талап­тарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулы­сына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2) 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
1, 5 және 13-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет