«Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1426 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2) 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
1, 5 және 13-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Достарыңызбен бөлісу: |