Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы



Дата01.10.2023
өлшемі14.41 Kb.
#479372
Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы СРС


Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы
Қазақстанда білім беруді жаңғырту - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, заманауи білім беру, түрлі жаңа технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты - еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі заман талабы - көптілді оқыту және көптілді меңгерген маман дайындау. Бұл бағыт бойынша да жұмыстар басталып, жүргізілуде. Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты ұзақ мерзімді стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. Жолдауда еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде білім беру саласы қарастырылған екен. Бұл маңызды құжатта ұсыныс ретінде 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. Еліміздегі білім жүйесін дамыту - дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы да айқындап берді.
Сол себепті Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі - ол бүгінгі күн талабы. Педагог кадрларының біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең - бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Сондықтан бүгінгі таңда педагогтардың алдында білім беруде түйінді құзыреттілікті меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Екінші жағынан, еліміздің халықаралық экономикалық қауымдастыққа енуі білім беру саласындағы өзгерістерге байланысты жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті педагог қызметкерлердің кәсіби құзыретіліктерін дамытуға бағытталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз керек» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, заманауи технологияны тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - педагог кадрлардың басты міндетінің бірі болып отыр. Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Соған орай білім берудің жаңа философиясы қалыптасып, модернизация қарқынды жүріп келеді. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет — сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын дамыту.
Қорыта келе, қазіргі талаптың басты міндеті - педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Адамның жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаттығымыздың алдаспаны.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет