Регламенті Жалпы ережелер «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»



Дата16.07.2016
өлшемі197.42 Kb.
#202094
түріРегламент
      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің 2014 жылғы
      14 наурыздағы № 60 қаулысымен
      бекітілді
«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
      1. «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру осы регламенттің 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсыну не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің басталу негізі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мыналарды ұсыну болып табылады:
      іс жүзінде өнім өткізуге субсидиялар алу үшін:
      1) осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімдер мен құжаттар топтамасын;
      құс фабрикалары өтінімдерін «Қазақстанның құс өсірушілері одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келіскеннен кейін ұсынады;
      жемшөптердің құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алу үшін:
      2) осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімдер мен құжаттар топтамасын;
      Көрсетілетін қызметті алушылар түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.
      Көрсетілетін қызметті беруші олар бойынша субсидиялар алу үшін негіздер пайда болған сәттен бастап үш айдан артық емес уақыт өткен өтінімдерді қабылдайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына мынадай рәсімдер (іс-әрекеттер) кіреді:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінім мен құжаттар топтамасын он бес минуттан аспайтын уақыт ішінде қабылдайды.
      Күн және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді.
      Көрсетілетін қызметті алушының өтінімі мен құжаттар топтамасын осы регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген тиісті ауданның, облыстың маңызы бар қаланың бөліміне (бұдан әрі - бөлім) жібереді.
      2) Бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес өтінім алған сәттен бастап бес жұмыс күн ішінде құжаттар топтамасын және көрсетілетін қызметті алушыны өлшемдер мен талаптарына, шарттарына сәйкестігін тексереді. Мына жағдайларда көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына барады:
      жеке бағыт бойынша алғаш өтінім бергенде;
      өндіріс деңгейін арттырғанда;
      жеке бағыт бойынша мәлімделген көлем өткен айдағы өтінімнен жиырма пайыздан артық асқанда.
      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе өлшемдер мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, бөлім ұсынылған құжаттарды көрсетілген қызметті алушыға қайтару себебін көрсетіп, дереу қайтарады. Көрсетілген қызметті алушы түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта беруге құқылы. Ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес келген және өтінімді қабылдамау негіздері болмаған жағдайда, бөлім екі жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайттарындағы заңды тұлғалардың дерекқорында, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жүйесінде (бұдан әрі – АШЖБ) малдарды тіркеу туралы көрсетілген қызметті алушымен ұсынған өтінімінде деректерді тексереді.
      Көрсетілген қызметті алушының белгілі бір деңгейдегі сәйкестігін анықтап, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі бекітетін бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актін жасайды және өтінімдер болған жағдайда екі аптада кемінде бір рет «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – басқарма) ұсынады.
      Бөлім бес жұмыс күн ішінде Басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта ұсынады, ал мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға қайтару себептерін көрсетіп, өтінімді қайтарады.
      3) Басқарма басшысы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін тіркеу журналына тіркеп, үш жұмыс күн ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілер «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың өлшемдер мен талаптарға, шарттарға сәйкес келуін қарайды.
      Сәйкес келмеген жағдайда Басқарма оларды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, аудандар ұсынылған жиынтық актілерді бөлімге пысықтауға қайтарады;
      Басқарма басшысы аудандар, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актілерді Солтүстік Қазақстан облыстық мал шаруашылығын субсидиялау мәселесі жөніндегі облыс комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына жібереді.
      4) Комиссия отырыс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға тиесілі субсидиялар көлемін көрсетіп, облыс бойынша жиынтық акт жасайды. Комиссия төрағасы үш жұмыс күн ішінде облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді.
      5) Басқарма қызметкері аумақтық қазынашылық бөлімшеге үш жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем шоттары тізілімін ұсынады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі, мынадай рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалуының басталуы негізі болады:
      1) өтінімді құжаттар топтамасымен қабылдау, өтінім мен құжаттар топтамасын бөлімге (кеңсе қызметкеріне) тапсыру туралы тіркеу;
      2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін, өтінім мен құжаттар топтамасын пысықтауға (бөлім қызметкеріне) қайтару;
      3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін журналда (басқарма) тіркеу туралы белгілеу немесе ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін пысықтауға (басқарма қызметкеріне) қайтару;
      4) облыс бойынша жиынтық актіні бекіту және оны Басқармаға тапсыру (Комиссия);
      5) төлем есепшоттарының тізілімі және оны аумақтық қазынашылық бөлімшесіне (басқарма қызметкері) тапсыру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) бөлім қызметкері;
      3) басқарма қызметкері;
      4) Комиссия;
      6) аумақтық қазынашылық бөлімше.
      8. Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің өтінімі мен құжаттар топтамасын қабылдау, талон беру (кеңсе қызметкеріне) – отыз минут;
      2) өтінім мен құжаттар топтамасын тіркеу, құжаттар топтамасының және көрсетілетін қызметті алушының Қағида талаптарына сәйкестігін тексеру, ал заңды тұлғалардың (бөлім қызметкері) дерекқорында көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеру – бес жұмыс күн;
      3) өлшемдер мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінімді құжаттар топтамасымен бірге қайтару (бөлім) – екі жұмыс күн;
      4) бюджеттік субсидияларды алушылардың аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі бекітетін жиынтық актін жасап, басқармаға ұсыну (бөлім қызметкері) - екі аптада кемінде бір рет;
      5) аудан, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актін тіркеу, оларды қарау, оны Комиссияға жіберу (басқарма қызметкері) – үш жұмыс күн, жиынтық акті сәйкес келмеген жағдайда пысықтауға қайтару – үш жұмыс күн, облыс бойынша жиынтық акт жасап, оны Комиссия төрағасына ұсыну;
      6) облыс бойынша жиынтық актті бекіту (Комиссия төрағасы) – үш жұмыс күн;
      7) аумақтық қазынашылық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем есепшоттар тізбесін ұсыну (басқарма) - үш жұмыс күн.
      Әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өтуін сүйемелдейтін блок-схемасы көрсетілген рәсімдердің (іс-әрекеттердің) сипаттамасы осы регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.
      «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі
      мен сапасын арттыруды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсететін облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары



Уәкілетті органдардың атауы

Заңды

мекенжайы



Байланыс
телефоны

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі,

58


8-7152-46-36-35

Петропавл қаласының әкімдігі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23

8 -7152-46-92-31,

46-23-93


Мамлют ауданы Мамлют қаласының әкімдігі

Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 10-1

8-715-41-21-1-03

Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының әкімдігі

М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Пушкин көшесі, 16

8-715-31- 2-14-46

Тайынша ауданы Тайынша қаласының әкімдігі

Тайынша ауданы Тайынша қаласы, Центральный көшесі, 2

8-715-36-22-6-05

Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының әкімдігі

Шал ақын ауданы

Сергеевка қаласы



Победа көшесі, 9

8-715-34-2-19-21

Айыртау ауданының әкімдігі

Айыртау ауданы,
Саумалкөл ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі,
44

8 (71533) 2-11-02,
2-16-66, факс: 2-11-02,
2-16-66

Ақжар ауданының әкімдігі

Ақжар ауданы, Талшық ауылы,
Целинная көшесі, 15

8 (71546) 2-14-41,
2-12-67, факс:
2-11-24,2-17-98

Аққайың ауданының әкімдігі

Аққайың ауданы, Смирнов ауылы,
Народная көшесі, 50

8 (71532) 2-12-64,
факс: 2-12-77,2-11-75

Есіл ауданының әкімдігі

Есіл ауданы, Явленка ауылы,
Ленин көшесі, 20

8 (71543) 2-15-01,
2-11-67, факс: 2-15-01,
2-11-65

Жамбыл ауданының әкімдігі

Жамбыл ауданы, Преснов ауылы,
Дружба көшесі, 10

8 (71544) 2-12-32,
2-12-06, факс: 2-12-33,
2-15-62

Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі

М. Жұмабаев ауданы,
Булаев қаласы,
Юбилейная көшесі, 56

8 (71531) 2-15-57,
2-00-10, факс: 2-01-26,
2-13-88

Қызылжар ауданының әкімдігі

Қызылжар ауданы,
Бескөл ауылы,
Гагарин көшесі, 11

8 (71538) 2-12-01,
2-11-70, факс: 2-12-01,
2-29-06

Мамлют ауданының әкімдігі

Мамлют ауданы, Мамлют қаласы,
С. Мұқанов көшесі, 12

8 (71541) 2-15-90,
2-19-75, факс: 2-17-88,
2-19-75

Ғабит Мүсірепов атынд. ауданның әкімдігі

Ғ. Мүсірепов атынд. аудан,
Новоишимское ауылы,
Абылай хан көшесі, 28

8 (71535) 2-13-07,
2-16-36, факс: 2-11-48,
2-13-71

Тайынша ауданының әкімдігі

Тайынша ауданы,
Тайынша қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 197

8 (71536) 2-16-65,
2-14-70, факс: 2-16-65,
2-11-54

Тимирязев ауданының әкімдігі

Тимирязев ауданы,
Тимирязев ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі,
1

8 (71537) 2-00-03,
2-15-33, факс 2-00-03,
2-14-74

Уәлиханов ауданының әкімдігі

Уәлиханов ауданы,
Кішкенекөл ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі,
85

8 (71542) 2-12-44,
2-18-21, факс: 2-17-84,
2-12-71

Шал ақын ауданының әкімдігі

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы,
Победа көшесі, 35

8 (71534) 2-12-41,
2-03-84, факс: 2-12-48,
2-07-16

«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі


      мен сапасын арттыруды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      2-қосымша
_________________________облысы
_________________________ ауданы
__________________________бөлімі
Субсидиялар алуға арналған өтінім
      1. Тауар өндіруші: __________________________________________________________
      (тауар өндірушінің атауы)
      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
      ____________________________
      (жеке /заңды тұлға үшін)
      3. Тауар өндірушінің мекенжайы:
      __________________________________________________________
      4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болса)
      ________________________________________________________
      5. Сатылған көлемі (керегін толтыру):



Өнім түрі

Сою/өң-
деу жөніндегі кәсіпо-
рынның есептік нөмірі

Өнімді сатып алушы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

Дең-
гейі

Өл-
шем бір-
лігі

Өндіріл-
ген және сатылған көлемі, бірлік

Бір бірлік үшін субсидиялар нормативі, теңге

Субсидиялардың жиы-
ны, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

Сиыр еті







килограмм







Қой еті







килограмм







Жылқы еті







килограмм







Шошқа еті







килограмм







1

2

3

4

5

6

7

8

Құс еті







килограмм







Күркетауық еті







килограмм







Жұмыртқа







дана







Сүт







килограмм







Қымыз







килограмм







Шұбат







килограмм







Биязы жүн







килограмм






      Өтінімге мыналар қоса беріледі:


      1) өнімді сатқанын және сатып алушының өнімді 100% төлегенін растайтын құжаттар;
      2) сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан сатылған немесе сойылған малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі емес кәсіпорынның қызметтерін пайдаланған кезде малдарды сою және бастапқы өңдеу жөніндегі көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың (шарт, шот-фактура, төлем құжаты) көшірмелері;
      4) өнімді сатуға арналған тауар-көліктік жүкқұжаттар тізілімі, өнімді жеке меншік қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе цехтарға берген жағдайда өнімнің жүкқұжат көшірмелері;
      5) банктен банктік есепшоттың болуы туралы анықтама.
      Кәсіпорын басшысы _______________________________ 20__жылғы «__»____
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, мөрі)
      «Растаймын»
      Бөлім бастығы________________________облысы _________________ ауданы
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы, мөрі)
      Құс фабрикалары өтінім берген кезде келісіледі
      «Келісілді»
      «Қазақстан құс өсірушілер Одағы» жеке және заңды тұлғалар бірлестігі
_______________________________________ 20____ жылғы «____ » _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, мөрі)
«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі
      мен сапасын арттыруды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      3-қосымша
_________________________облысы
_________________________ ауданы
__________________________бөлімі
 
Субсидиялар алуға арналған өтінім
      Ірі қара малдың аналық басын азықтандыру үшін пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың құнын арзандату
      1. Тауар өндіруші: __________________________________________________________
(тауар өндірушінің атауы)
      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________
(жеке /заңды тұлға үшін)
      3. Тауар өндірушінің мекенжайы:
      __________________________________________________________
      4. Шаруашылықтың есептік нөмірі (болған кезде)
      ________________________________________________________
      5. Аналық мал басы саны _________________________бас
      6. Иелігінде азықтарды өндіруге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы: егістік______________гектар, шабындықтар мен жайылымдар _______________гектар.
      7. Азықтарды сатып алу шартының болуы: сүрлем пішендеме___________тонна, пішен________тонна.
      Өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасынан үзінді көшірме;
      2) заңды тұлға нысанындағы тауар өндірушілер үшін есеп көшірмесі немесе 24-аш статистикалық есептілік нысанынан үзінді;
      3) шаруа қожалықтары (фермерлік шаруашылықтар) үшін – сиыр басы санын растау үшін шаруашылық кітабынан үзінді көшірме;
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге берілген мемлекеттік актінің көшірмесі;
      5) банктен банктік есепшоттың болуы туралы анықтама.
      Кәсіпорын басшысы _______________________________ 20__жылғы «__»____
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, мөрі)
      «Растаймын»
      Бөлім бастығы________________________облысы _________________ ауданы
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы, мөрі)
«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі
      мен сапасын арттыруды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      4-қосымша
Аудан және облыстық маңызы бар қала бөлімдерінің тізбесі



Рет



Атауы

Заңды мекенжайы, электрондық почта адресі

Телефон нөмірлері

1.

Солтүстік Қазақстан облысы "Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституцисы көшесі, 23.

pred.gor@sko.kz



8(7152)

46-92-31,

46-23-93


2.

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Айыртау ауданы,
Саумалкөл ауылы,
Д. Сыздықов көшесі, 4.
аirtauosh@mail.ru

8 (71533)
2-19-71

3.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақжар ауданы,
Талшық ауылы,
Целинная көшесі, 13.
celhoz_2009@mail.ru

8 (71546)
2-12-87,
2-12-67

4.

«Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аққайың ауданы,
Смирнов ауылы,
Народная көшесі, 37.
akksh@mail.ru

8 (71532)
2-11-75, 2-16-54

5.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл ауданы,

Явленка ауылы,


Ленин көшесі, 10.
esilsh@mail.ru

8 (71543)
2-11-67,
2-18-09

6.

«Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жамбыл ауданы,
Преснов ауылы,
Дружба көшесі, 6.
dsh14@mail.kz

8 (71544)
2-15-62

7.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

М. Жұмабаев ауданы,
Булаев қаласы,
Юбилейная көшесі, 56.
mzh-osh@sko.kz

8 (71531)
2-19-33,

2-00-10


8.

«Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кызылжар ауданы,
Бескөл ауылы,
Гагарин көшесі, 11.
Kyzylzhar-selhoz@sko.kz

8 (71538)
2-15-49

9.

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауданы,
Мамлют қаласы,
А. Құнанбаев көшесі, 5.
maml-osh@mail.ru

8 (71541)
2-19-75

10.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ғ. Мүсірепов ат. аудан,
Новоишимка ауылы,
Абылай хан көшесі, 28.
Osh-gm@sko.kz

8 (71535)
2-23-26

11.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тайынша ауданы,
Тайынша қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 197.
osh.tainsha@sko.kz

8 (71536)
2-14-70

12.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тимирязев ауданы,
Тимирязев ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі, 1.
timiryazevo-osh@mail.ru

8 (71537)
2-15-33

13.

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Уәлиханов ауданы,
Кішкенекөл ауылы,
Жамбыл көшесі, 76.
botagoz_h@mail.ru

8 (71542)
2-20-34

14.

«Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шал ақын ауданы,
Сергеевка қаласы,
Победа көшесі, 35.
dshshlk@mail.ru

8 (71534)
2-03-84

«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі


      мен сапасын арттыруды субсидиялау»
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
      5-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет