1 қыркүйек Білім күнін және «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу Тұжырымдамасы.
Қыркүйектің бірінші күні білім беру ұйымдарында білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді.
Өңірлік білім басқармалары жаңа 2022-2023 оқу жылын жариялайтын іс- шараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді.
Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын қамтамасыз етеді.
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.
Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі 1.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
өзарақұрметпентүсіністіккенегізделгенмектепмәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
аудан/қала/облыс әкімдері;
бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;
қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
1-сынып оқушысының ата-анасы/заңды өкілі.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аударамыз.
2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылады.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.
1https://www.akorda.kz/ru/official_documents/constitutional_laws/o-gosudarstvennyh-simvolah-respubliki-
kazahstan-1
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
білімалушыларменбіргеқұндылықтардыңадамөміріндегірөлін талқылау;
отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Ұсынылады:
балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулерін талқылау;
заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайн- акциясын өткізу ұсынылады.
Бейнероликті орналастыру күні: 2022 жылғы 1 қыркүйек. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00. Хэштег: Bilim_quni
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:
барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;
Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;
2-4 сынып оқушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым»;
5-8 сынып оқушылары үшін – «Менің саяхатым»;
9-11 сынып оқушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»;
Ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі»;
Сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».
* Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары білім беру ұйымдары және білім басқармаларының
сайттарында орналастырылады.
Тұлғалық ерекшеліктерді қалыптастыру оқу бағдарламаларының мазмұны, оқу-тәрбие және оқудан тыс қызметті ұйымдастыру тәсілдері, тәрбие ортасының мүмкіндіктері арқылы, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың: отбасының, білім беру ұйымының, қоғамның кеңінен қатысуы арқылы іске асырылады.
2022/2023 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын, Роза Бағланованың 100 жылдығын, Қазыбек бидің 355 жылдығын, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығын, сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге және дайындауға ерекше назар аудару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |