«Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбындағы Ақтөбе облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі
РЕЗОЛЮЦИЯСЫ
Ақтөбе облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысушылар, яғни оның ішінде 500-ден астам білім беру ұжымының басшылары, мұғалімдер, тәрбиешілер, колледж оқытушылары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, ата- аналар қауымдастығы, мемлекеттік басқару органдары білім беру жүйесінің жаңаша дамуын жан- жақты талдап, әр қилы сұрақтарды қамти отырып, оның жаңару жағдайына сәйкес болу мәселелерін тыңдап және талқылап осы резолюцияны қабылдайды:
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауында көрсеткен білім беру жүйесіндегі жаңашылдық бастамасын, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық басылымын үлкен ықыласпен қабылдады;
- білім беру жүйесінің жаңғыруы - барлық қазақстандық білім берудің жаңа мазмұндық және сапалық деңгейге щығуының шынайы механизмі болып табылатындығын мойындады;
- жыл сайын облысымызда «2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қазақстандық білім беру жүйесінің жарқын жетілуінің негізі болатындығын атап көрсетеді;
- педагогтарды материалдық және моральдық жағынан ынталандырудағы, мұғалім абыройын көтеру және облыстық стратегиялық ресурстың негізі ретінде білім беру жүйесін қолдаудағы оң өзгерістер атап өтіледі;
- өздерінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін біздің мемлекетіміздің отандық білім беру саласын дамытудағы стратегиялық міндеттерін шешуге бағыттауға ұмтылыстарын білдіре отырып,
ҰСЫНАДЫ:
1. білім беруді жүйелі жаңғыртудың кең көлемде қатысудың қажеттілігі туралы облыс педагогтарына үндеу қабылдау
2. қазіргі тұжырымдамаға, стратегияға, нақты білім беру нәтижесіне бағытталған басқару моделіне негізделген тиімділігі жоғары менеджментті дамыту;
3. мұғалімдердің құрамдық сапасын жаңартудың құралы ретінде, ұстаздық мамандықтың беделін, әлеуметтік статусын жоғарылату;
4. барлық білім беру ұйымдары мен олардың басшыларының қызметтерін аттестаттау шеңберінде бағалаудың критериилерін жасау;
5. білім берудің инновациялық бағдарламалары мен технологияларды жүзеге асыру арқылы сапалы білім берудің қол жетімді болуын жоғарылату;
6. білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеудегі өзекті мәселелер бойынша эксперимент алаңын ашу арқылы инновациялық жұмыстарды күшейту;
7. педагогикалық ұжымдардың күш - жігерін:
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, оның ішінде математикалық сауаттылықты көтерудің облыстық іс – әрекет жоспарын жүзеге асыруға;
- инклюзивті білім беруді кеңінен енгізе отырып, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім сапасын көтеруге;
- білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының тиімді формаларын кіргізе отырып, білім беру ортасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге;
- Ақтөбе облысындағы тәрбие жұмысының 2013-2020 жылдарға арналған бағыт бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағыттау.
8. педагогтардың кәсіби біліктілігін, жинақтылығын үнемі көтеріп отыруға, мұғалімдердің зерттеу жұмысы мәдениетін дамытуға және оқушылар мен оқытушылар арасында ғылыми білімділікті насихаттаудың және таратудың жолдарын жетілдіруге жағдай жасау;
9. психологиялық, педагогикалық және өзіндік жан – жақты талдау жасай алатын және мұғалімдерді дайындау жүйесін жаңғыртудың негізгі міндеттерін көпшілік алдында талқылай алатын мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
10. білім беру мекемелерінің қызметіне ата-аналар қауымдастығын, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық ұйымдарды белсенді қатыстыру.
Ақтөбе облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі, облыс педагогтары өздерінің күш - жігерлерін, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін жоғарыда аталған міндеттерді тиімді шешуге бағыттайды деп сенім білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |