Тамыз кеңесі – 2013 2013 жылдың 21 тамызы күні «Каспиан Ривьера»



Дата11.06.2016
өлшемі41.22 Kb.
#128736
ТАМЫЗ КЕҢЕСІ – 2013


2013 жылдың 21 тамызы күні «Каспиан Ривьера» қонақ үйінде «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбындағы Ақтау қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті.

Кеңес жұмысына Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршин, қалалық маслихат хатшысы М.Молдағұлов, Ақтау қаласының прокуроры Т.Әлібаев, Маңғыстау облысының білім басқармасының, қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері, Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Құрманбаев, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіподақ ұйымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар қатысты.

  Кеңесте Ақтау қаласындағы білім беру саласының жетістіктері туралы көрме ұйымдастырылып, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ балалар өнер мектебі оркестрі өнерлерін ұсынды.







Қалалық ұстаздардың басын қосқан кеңестің пленарлық отырысында Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин құттықтау сөз сөйлеп, кеңес қатысушыларына келер оқу жылында табыс тіледі.



2012-2013 оқу жылы қорытындысының рейтингісі бойынша үздік білім беру ұйымдарының басшылары мен өнегелі оқытушылар қала әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хатымен, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.



Сондай-ақ, бірқатар ұстаздарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің және облыстық білім басқармасының марапаттары табысталды.



Кеңес отырысында Ақтау қаласының прокуроры Т.Әлібаев баяндама жасап, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелері мен олардың алдын алу шараларын жетілдіру жайында айтып өтті. Күн тәртібіндегі тақырып бойынша баяндама жасаған қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Құрманбаев өткен оқу жылында жеткен жетістіктер мен жіберілген кемшіліктер туралы сөз қозғап, бөлімнің  алдағы жоспарлы іс-шараларымен таныстырды. Баяндама соңында соңғы оқу жылындағы жеткен жетістіктерімізді өткен оқу жылдарымен салыстыра отырып, алдағы оқу жылына жаңа міндеттер алды:



  1. Педагог кадрларымыздың сапасын арттыру жұмысын жолға қою;

  2. Қамқоршылық кеңестерін құру жұмысын аяқтау;

  3. Мектепке дейінгі мекемелерді толықтай компьютер сыныбымен жабдықтау жолдарын қарастыру;

  4. Мектепке дейінгі мекемелердегі саиттар жұмысын жолға қою;

  5. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру;

  6. ҰБТ сапасын көтеру үшін іс - шаралар жоспарын жасақтап, жоғары сапаға қол жеткізу.





Бұдан кейін, білім беру саласына жас мамандарды тарту, оларды ынталандыру дәстүрі бойынша жоғары оқу орындарын бітіруші бір топ жас мамандарды педагог қатарына қабылдау рәсімі болып өтті.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Сүгірбай бірқатар ұстаздарға партияның мүшелік куәлігін табыс етті. Ардагер ұстаз Көмек Ыбраев жас мамандарға жылы лебізін білдіріп, бата берді.

Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелері бойынша «Сапаны сыни тұрғыдан бағалау моделі негізінде жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында №21орта мектептің директоры С.Шудабаева, «Мектеп жасына дейінгі балаларға мемлекеттік тілді үйрету» тақырыбында №4 балабақша директоры Г.Шолахова, «Қазіргі заман талаптарына сәйкес ата-аналар қауымдастығы қызметінің тиімділігін арттыру» тақырыбында Экономикалық лицейі ата-аналар қауымдастығының төрағасы Б.Раков және «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың бойында патриоттық сезімді және адамгершілік тәрбиені қалыптастыру» тақырыбында №5 орта мектеп директорының орынбасары А.Құспанова баяндама жасады.

Қала басшысы Е.Жаңбыршин жазбаша және ауызша қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеңес отырысын қорытындылады. Тамыз кеңесі №5, 6, жалпы білім беру орта мектептерінде секциялық отырыстармен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі: http://aktau.gov.kz




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет