Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Оқушылармен амандасу және түгендеу.
(W) Мұғалім оқушыларға тақырыпты, оқу мақсатын және бағалау критериилерін таныстырады. Ары қарай тапсырма береді.
|
(I) Тапсырма 1. Алдыңғы сабақтағы біліміңізді пайдаланып, төменде көрсетілген терминдердің ішінен белгісіздерін табыңыз.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Оқушыларға тілдік терминдер бойынша тапсырма жауабы мен кері байланыс береді.
|
Оқушылар жанындағы көрсшісімен алмасып, бірін бірі бағалайды.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
(P) Тапсырма 2. Жұпта келесі терминдерге анықтама беріңіздер.
Оқушылардың аталған тақырыпта терминдерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін осы тапсырма беріледі және мұғалім барынша дұрыс анықтама болуын қадағалайды. Жауаптарымен салыстырылады. Жұптар өзара баға береді.
|
Тотығу - ..........................................
Тотықсыздану - ..........................................
Тотықтырғыш - ..........................................
Тотықсыздандырғыш - ..........................................
Тотығу - – атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі.
Тотықсыздану - атомның, молекуланың, ионның электрон қосып алу процесі.
Тотықтырғыш - электрон қосып алушы бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).
Тотықсыздандырғыш - электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).
|
|