«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»



Pdf көрінісі
бет3/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
бастауыш1

қалыптасуы мен дамуы» (1915-1941 ж.ж. материалдар негізінде) деп 
таңдауға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: 1915-1941 жылдарында білім беру жүйесіндегі 
қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуының тәжірибесін зерделеу,
жүйелеу және бүгінгі мектептердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге 
пайдалануға мүмкіндігін қарастыру.
Зерттеу нысаны: 1915-1941 жылдардағы білім беру жүйесі және 
бастауыш мектептердің құрылымдық жүйесі.
Зерттеу пәні: 1915-1941 жылдардағы қазақ бастауыш мектептерінің 
қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер 20-ғасырдың 1915-1941 жылдар 
аралығында Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық бастауыш 
мектептерінің қалыптасуы мен дамуының тарихын жүйелеудің ғылыми-
педагогикалық негізін айқындауға мүмкіндік туғызылса, онда ол оқыту мен 
тәрбие жүйесін жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды және 
зерттеліп отырған мәселенің одан әрі дамытуға болжамдық мәні бар 
мүмкіндіктерді ашып көрсетуге ықпал жасайды.
Зерттеу міндеттері:  
1. Бастауыш білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын тарихи-
педагогикалық тұрғыдан жүйелеу арқылы талдаулар жасау (1915-1941 жж); 
2. 1915-1941 жылдардағы қазақ ұлттық бастауыш мектептерінің
ғылыми-педагогикалық жүйесінің негіздерін кезеңмен айқындау; 
3. Зерттеу кезеңіне енген уақыттағы бастауыш мектептеріне арналған 
оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын ашу және қазіргі 
бастауыш білім берудің педагогикалық үдерісі мен сабақтастығын анықтау
4. ХХ ғасырдың 1915-1941 жылдарындағы бастауыш мектептердің білім 
беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуындағы педагогикалық алғы шарттарын 
ашу. 
Жетекші идея. Қазақ педагогика тарихы даму үрдісінде еліміздегі 
жинақталған тәлім-тәрбиелік жұмыстарды, соның ішіндегі 20-ғасырдың 1915-
1941 жылдарындағы білім беру жүйесінде қазақ бастауыш мектептерінің 
дамуын зерттеп қорытындылау және бағалау, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне арқау 
ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет