Сабақ Қоршаған ортаны оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны



Дата26.09.2023
өлшемі15.65 Kb.
#478694
түріСабақ
1 тәжірибелік сабақ


№1 тәжірибелік сабақ

  1. Қоршаған ортаны оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны

Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесінің объектісі жаратылыстану негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен данелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдіс – тәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады.
Дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі. Дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін “ Дүниетану” пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады. Дүниетануды оқыту әдістемесі – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.



  1. Қоршаған ортаны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері

Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ мұға-
лімдерге арнайы мектептегі “Қоршаған айналаны” пәнінің теориялық 
негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал 
«Қоршаған айналаны» пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, 
табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат 
арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып 
білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. 
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мек-
теп мұғалімін мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу 
бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және техно-
логиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады. 
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері: 
оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен 
байытылған дүниенің ғылыми бейнесі); 
оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, 
ойын, қарым-қатынас т.б.); 
дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы 
білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық 
бағытта жан-жақты дамыту болып табылады. 
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі – оқу пәні ретінде оқыту 
әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық 
әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі таби-
ғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолда-
нылады.

  1. Қоршаған ортаны оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы

Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәні жоғары сыныптарда өтілетін физика, химия, биология, география, астрономия сияқты пәндердің алғы шарттары. Бастауыш сыныпта алынған осы ғылымдар төңірегінде алған білімдері жоғары сыныптарда дамытылады. Бұл оқу пәнін өзінің дидактикалық ерекшеліктері бар, оны мектеп курсының өзге пәндерінен ерекшелейді. Табиғат жайлы ғылымдардың барлығы айнала дүниенің даму барысын түсіндіру, табиғаттың даму заңдылықтарын ашу негізін қарастырады. Табиғат құбылыстарының қарапайым байланыстарын және өзара тәуелділігін анықтайды. Тірі және өлі табиғат арасындағы айырмашылықтарды, байланыстарды түсіндіреді. Табиғат құбылыстарының сырын түсіндіре отырып материалистік көзқарас, яғни дұрыс дүниетанымдық көзқарас қалыптастырады. Мұғалім көмегімен айналадағы табиғатты зерттеу (бақылау) арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны қорғауға деген ықыласын тудыра отырып, өздері тұрған жердің табиғат айырмашылықтарын, олардың себептерін анықтайды. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ “ Дүниетану” пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет