Білім беру порталы



Дата25.04.2016
өлшемі34.55 Kb.
#89163
УДК 004

БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ


Каракулов Е.М., Талғатқызы А.


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.
Ғылыми жетекші – к.п.н., доцент Аңдасова Б.З.
Бүгінгі таңда Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Интернетке қосылу арқылы, басқа коммуникация құралдарымен салыстырғанда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Интернет қолданушылары қызығушылықтары ұқсас адам қоғамдастықтарының бір бөлігі болғанын қалайды. Портал қолданушылары өздерін қызықтыратын тақырыпта әңгімелесіп, ақпарат алмасып, сұрақ қойып оған жауап ала алуы тиіс.

Бұл жобаның негізгі мақсаты білім беру барысын ақпараттық және әдістемелік түрде қамтамасыз ету, сонымен қатар портал пайдаланушыларына интерактивті қарым-қатынасқа мүмкіндік беру болып табылады.

Портал оқушыларға, студенттерге, мамандарға арналған.

Жоба міндеттері: оқушылар мен студенттер, студенттер мен мамандар арасында сайт арқылы жылдам байланыс орнату; студенттердің оқу материалын қолдануын қамтамасыз ету; университеттер туралы мағлұматтар беру; жұмыс берушілермен байланысқа шығуға мүмкіндік беру.

Порталда келесідей мүмкіндіктері бар:



  • Блогтар жазу;

  • Әр түрлі тақырыптағы форумдар құру мен оларға қатысу;

  • Қоғамдастықтар;

  • Жеке мағлұмат, резюме;

  • Тақырыптан тыс ауып кетпес үшін барлық блогтар мен қоғамдастықтардың түбірлі категорияларының болуы;

  • Мәліметтерді іздеудің кеңейтілген түрі (аты-жөні, аумағы, мамандығы, мектебі, жоғарғы оқу орны бойынша);

  • Тақырып бойынша материалдарды іздеу (оның ішінде электронды оқулықтар);

  • Түрлі акциялар мен конкурстар өткізу;

  • Пайдаланушылар арасында хатпен алмасу;

  • Бонустық жүйе (қолданушылар мотивациясы үшін);

Оқушыларға мамандық таңдауға көмек беру мақсатында оқу орындарымен таныстырып, ондағы мамандықтар туралы мағлұмат береді. Ал студенттерде өз кезегінде жұмыс берушілермен байланыс орнатып, бос жұмыс орны туралы ақпарат алуға мүмкіншілік болады.

Техникалық және бағдарламалық құралдарды таңдау.

Жоба ASP.NET MVC технологиясы бойынша C# тілінде жасалады. ASP — ірі масштабталатын Web-қосмшалар құрастыратын, Web-өңдеушілерге арналған, қуатты құрал. ASP www.microsoft.com және www.deli.com, сонымен қатар басқа да үлкен және кішкентай сайттар сияқты Web-түйіндерде үлкен табыспен пайдаланылды. Кейіннен ASP.NET — жаңа нұсқасын Microsoft корпорациясы ұсынды. Бұл технологияда көптеген жаңа функциялар пайда болып, «классикалық» түріндегі қызметтері бірталай жетілдірілді.

Келесі жаңартылған нұсқа ASP.NET MVC деп аталды. Model-View-Controller (MVC) архитектурасында қосымшаны үш компонентке бөлу қарастырылады: модель, ұсыныс және контроллер.



Модельдер. Модельдер объектісі қосымшаның деректер доменінің логикасын жүзеге асыратын қосымшаның бір бөлігі. Көп жағдайда модельдер объектісі модельдің жағдайын алып деректер қорында сақтайды. Мысалы: өнім объектісі деректерді қордан алып, оларды өңдеп, кейін жағартылған деректерді SQL Server серверіндегі өнімдер кестесіне жазуға болады.

Ұсыныстар. Ұсыныстар- қосымшадағы қолданушы интерфейсін бейнелеуге арналған компонеттер. Әдетте қолданушы интерфейсі модельдер деректеріннің негізінде құрылады. Мысал ретінде өнімдер кестесіне түзетулер енгізуді айтсақ болады. Мұнда тесттік өрістер, өнім объектісінің сол кездегі жағдайына байланысты ашылатын тізімдер мен жалаушалар көрсетіледі.

Контроллерлер. Контроллерлер — бұл қолданушымен арақатынасты, модельмен жұмысты және қолданбалы интерфейс бейнесін ұсынуды таңдауды қамтамасыз ететін компоненттер.

SQL Server, Web-серверлер бүкіл сайтты немесе бөліктерін оңай қорғауға мүмкіндік береді. Деректер базасын қолдану пайдаланушылардың парольдері мен аттарын сақтауға, пайдаланушылардың аутентификациясын жылдам жүзеге асыруға, пайдаланушыларды қосуға, жоюға және пайдаланушыларға паролін өзгертуге мүмкіндік береді.

Қазіргі Интернет желісінің дамыған кезеңінде осы портал оқушы-студент-маман арасында тығыз байланыс орнатып, білім алып, оын ары қарай жүзеге асыру жөнінде таптырмас көмекші құрал болып табылады.


Әдебиеттер

  1. Марко Беллиньясо. Разработка Web-приложений в среде ASP.NET 2.0: задача-проект-решение. – М. : ООО «И.Д.Вильямс», 2007, 457 с.

  2. Г.Бучек. ASP.NET. Учебный курс. – СПб.: Питер, 2002, 17 с.

  3. Роберт Вийера «Программирование баз данных Microsoft SQL Server 2005»

  4. Фаронов В. Создание приложений с помощью C#. -М.:Эксмо, 2008,576c.

  5. Абрамян М. Visual C# на примерах. -БХБ-Петербург, 2008 ,375c.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет