ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
ГКП на ПХВ «Талдыкорганский высший медицинский колледж»
«Бекітемін»
Директордың оқу тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Құмарова А.Б._________
«____»________2020 ж.
СИЛЛАБУС
Пәні: «Химия»
Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі», біліктілігі 0302043 «Жалпы тәжірибе мейіргері»
Курс: I
Семестр: II
Бақылау түрі: Сараланған сынақ
Барлығы__120/4__сағат/кредит KZ
Аудиториялық сабақтар _120___сағат
СӨЖ ______сағат
ОСӨЖ ______сағат
Симуляциялар __сағат
Клиника _____сағат
Талдықорған - 2020 ж.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК
ГКП на ПХВ «Талдыкорганский высший медицинский колледж»
«Келісемін»
ШЖҚ «Талдықорған қалалық
емханасы» МКК
директоры Толеуханова Л.О.
______________________
«____»________2020 ж.
|
«Бекітемін»
Директордың оқу тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Құмарова А.Б._________
«____»________2020 ж.
|
СИЛЛАБУС
Пәні: «Химия»
Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі», біліктілігі 0302043 «Жалпы тәжірибе мейіргері»
Курс: I
Семестр: II
Бақылау түрі: Сараланған сынақ
Барлығы__120/4__сағат/кредит KZ
Аудиториялық сабақтар _120___сағат
СӨЖ ___-___сағат
ОСӨЖ __-____сағат
Симуляциялар -__сағат
Клиника ___-__сағат
Талдықорған - 2020 ж.
Пән/модуль бойынша силлабусты құрастырған оқытушылар:
1.Ахмеджанова Ирина Токеновна
2.Сыртанова Роза Дарыпкановна
0302000 «Мейіргер ісі» мамандығының 0302043 «Жалпы тәжірибе мейіргері»
біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған.
№ 2 циклдық әдістемелік комиссия отырысында қаралды,
№___хаттама ________20___ ж.
№ 2ЦӘК төрайымы __________________Калкеева Б.Н.
(қолы ) (аты-жөні)
Колледж Әдістемелкі кеңес отырысында қаралып келісілді,
№___хаттама ________20___ ж.
Колледжәдіскері__________________Дуванбекова Г.С.
(қолы ) (аты-жөні)
Оқытушылар туралы мәлімет
№
р/с
|
Аты-жөні
|
Ғылыми дәрежесі
|
Қызметі
|
Электронды
мекен-жайы
|
1.
|
Ахмеджанова Ирина Токеновна
|
жоғары санатты
|
Биология химия пәні оқытушысы
|
ahmedzhanova.srs @mail.ru
|
2.
|
Сыртанова Роза Дарыпхановна
|
Биология ғылымдарының магистрі, жоғары санатты
|
Биология химия пәні оқытушысы
|
roza.darypkanovna.83mail.ru
|
2.Бағдарлама.
2.1 Кіріспе
Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).
"Химия" пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
"химия" оқу пәнін тереңдетіп оқытатын жаңартылған мазмұн бойынша стандартта 120 сағат қарастырылған.
Оқыту міндеттері:
1) практикалық-бағытталған білімді, ұғымдарды, химия ғылымының теориясы мен заңдарын меңгеру;
2) табиғатта, зертханада, өндірісте және күнделікті өмірде болатын химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру іскерліктерін меңгеру;
3) Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, практикалық сабақтарда заттармен және зертханалық жабдықтармен жұмыс істей білуді дамыту;
4) Химиялық эксперимент жүргізу барысында білім алушылардың танымдық қызығушылықтары мен интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, химиялық білімді өз бетінше алу қажеттілігін қалыптастыру;
5) жаратылыстану және жалпы адамзаттық мәдениет элементінің іргелі компоненттерінің бірі ретінде химияға қарым-қатынасты тәрбиелеу;
6) химияның қоғамдық маңыздылығын, гуманистік бағытын, адамзат алдында тұрған мәселелерді шешудегі оның өсіп келе жатқан рөлін ашу;
7) алынған теориялық білімді химиялық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін түсіндіру үшін, оларды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалану, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін құбылыстардың алдын алу үшін пайдалану;
8) адам қызметінің объектілеріне немесе құралдарына құндылық және сыни қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру, оның қоршаған ортаға қатысты көрінісі, қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемаларын шешуге ықпал ететін негізгі және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Химияны оқыту барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
Биология-микро -, макроэлементтердің (металдар мен металл еместердің) биологиялық рөлі; көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың, аминқышқылдардың биологиялық және тағамдық құндылығы; гендер, тұқым қуалаушылық, ДНҚ және РНҚ рөлі, гендік инженерия туралы түсінік; тірі организмдердің химиялық құрамы; медицина және экология саласындағы биотехнологияның, Биохимияның заманауи ашылуы; тұрмыста әртүрлі заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі;
География-пайдалы қазбалардың, көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орны; табиғи шикізат ресурстары және Қазақстан мен әлемдегі негізгі металлургиялық, химиялық және қайта өңдеу өндірістері, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық маңыздылығы; минералдық ресурстарды ұтымды пайдалану;
Достарыңызбен бөлісу: |