Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі



бет1/2
Дата31.03.2023
өлшемі48.5 Kb.
#471469
  1   2
Сауаттылық деңгейі - оқу дағдысы сапасы. 123doc


Шәкірт сауаттылығындағы
«Әліппе кезеңінің» орны


Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы
Ақтоған орта мектебі директоры
С.Ә. Өскенбаев
мектеп директорының бастауыш
сыныптардағы оқу ісі жөніндегі
орынбасары Н.Молдамұратов

«Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі...


Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек.» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында» атап өтіп, мемлекетіміздің білім беру жүйесі алдына келелі міндеттер қойды. Бұл міндетті орындау білім жүйесі жұмыс қағидасының бұрынғы «Өмірлік білім беруден» «Өмір бойғы білім берумен» ауысуымен басталды. Білім жүйесі алдында іргетасы енді қаланып жатқан егемен еліміздің болашағын, оның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын жан-жақты құзіреттілік иесі, өз ойын еркін тұжырымдап, нәтижелі еңбек ете алатын білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсаты тұр.
Еліміздің болашақ азаматтарының даму деңгейі мен білімінің сапасы оның сауаттылығына тікелей тәуелді. Сауаттылық бастауы оның әліппені қандай сапалық деңгейде меңгергеніне байланысты: оның әріпті тануынан бастап буындап, тұтас сөзбен, сөйлемдеп оқуы шеберлігінің, түсініп оқу деңгейінің қалыптасуына байланысты. Осы тұрғыдағы сауаттылық деңгейінің соңғы уақытта төмендеп кеткені өтірік емес. Себебі көркем әдебиетті мүлдем оқымайтын оқушылардың саны күрт артып келеді. Оны ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен интернет желісінің жиі қолданысқа ене бастағанымен ақтауға болар еді. Бірақ негізгі түйінді мәселе - оқушылардың сауатты оқу дағдыларының төменгі сапалық деңгейде қалыптасуында болса керек. Сауатты оқу дағдыларының негізі қалыптасатын кезең – бала санасының дамуы қуатты жүретін құнды да маңызды, қайталанбайтын кезеңі – бастауыш сатыдағы білім беру кезеңі. Соның ішінде әліппе кезеңі. Бұл кезеңде шәкірттерге әліпби әріптерінің графикалық бейнесі меңгертіліп, сәйкестілік, жүйелілік, қол жетімділік және қарапайымнан күрделіге өту ұстанымдарымен анықталған бірізділікпен әріптер енгізіледі де, дауысты дыбысқа бағдарлай отырып, дұрыс, түсініп, сөзді бірқалыпты буындап, тұтастай оқу мен логикалық екпін, кідіріс, интонацияны сақтай отырып саналы түрде мәнерлеп оқу дағдылары қалыптастырылады.
Әліпбидегі 42 әріпті меңгеру мен балалар әдебиетінен шағын, 1-2 беттік, көркем шығармаларды оқу, оның сюжеттік мазмұнын айтып беру, шығарма кейіпкерлерін сипаттай білумен қатар, әліппе кезеңінде шәкірттен бас әріп пен кіші әріп кескінін ажырата білу, көшіріп жаза білу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін ажырата білу және мәнерлі жаза білу, каллиграфиялық нормаларды меңгеру талап етіледі.
Ал барлық білім бастауы болатын сауаттылық негіздерін қалыптастырудағы осындай маңызы зор ауқымды жұмыстарды іске асыруға оқу бағдарламасында қарастырылған сағаттар саны жеткілікті ме ? Атап айтқанда, 1-сыныптағы «Әліппе кезеңіне» бөлінген сағаттар жеткілікті ме ? Не нәрсенің болсын сапасын анықтау салыстырудан, басқаша айтқанда анализден, саралаудан басталатындығы белгілі. Салыстыратын болсақ, 1982-1983 оқу жылында сол кездегі үш жылдық бастауыш сыныптар бағдарламасында «Әліппе кезеңіне» 144 сағат, 1987-1988 оқу жылында сол кездегі төрт жылдық бастауыш сыныптар бағдарламасында «Әліппе кезеңіне» 144 сағат бөлінсе, бүгінгі күні «Әліппе кезеңіне» 98 сағат бөлінген. Ал енді, қолымызға тиген 12-жылдық жалпы білім беретін бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламаларында «Әліппе кезеңіне» 112 сағат бөлінген. Кезінде 144 сағат уақыт бөлінген әліпбидегі 42 әріпті қазіргі уақытта 98 сағатта, болмаса 112 сағатта сапалы деңгейде меңгерту қиындық туындатып отырғаны анық. Бұл сағаттар саны бойынша айырмашылық, ал бұрынғы кезде сабақтағы сағат 45 минутпен өлшенсе, қазір ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 224 қаулысымен 35 минут уақытпен шектелетіндігін ескеріп, минутпен есептесек, бұрын «Әліппе кезеңіне» 6480 минут уақыт (әр әріпті меңгеруге орташа алғанда шамамен 154 минуттай) бөлінсе, 12-жылдық жалпы білім беретін бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламаларында «Әліппе кезеңіне» 3920 минут (әр әріпті меңгеруге орташа алғанда шамамен 93 минут) бөлінеді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіштер сәйкесінше 3430 және 82 минутты құрайды.
Көрнекі және түсінікті болуы үшін төмендегі кестеге назар аударайық:



оқу жылы


апталық жүктеме



«Әліппе кезеңіне» бөлінген сағат саны

сабақ
ұзақтығы
(минутпен)

«Әліппе кезеңіне» бөлінген барлық уақыт «минутпен)

1982 – 1983

9

144

45

6480

1987 – 1988

9

144

45

6480

2009 – 2010

7

98

35

3430

12 жылдық мектеп

7

112

35

3920

Қарсы уәж айтатындар «Даярлық кезең», «Әліппеге дейінгі кезең», «Әліппеден кейінгі кезеңдерге» бөлінген сағаттарды ауызға алады. Қалай болғанда да , әлипбиіміздегі нақты 42 әріпті танытуға бөлінген, яғна «Әліппе кезеңіне» бөлінген сағаттар жайы осындай.


Қазіргі таңда қалыптасқан жағдайдан орта білім беру ұйымдарының базистік оқу жоспары беріп отырған мүмкіндіктерді пайдаланып шығып отырмыз. Атап айтқанда, оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен «Сиқырлы әріптер әлемі», «Әріптер патшалығы» мен «Суретті әліппе» курстары берілді. Қолдағы 12-жылдық жалпы білім беретін бастауыш білім беру деңгейінің базистік оқу жоспары мұндай мүмкіндікті шектеп отыр. Оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі 2 сағатты түгелдей «Сауат ашуға» бөлген күнде «Әліппе кезеңіне» бөлінетін жалпы сағат саны 144-ті, минут саны 5040 құрап, әр әріпті меңгеруге орташа алғанда 120 минуттан айналады. Бұл әрине 154 минут емес, сонда да болса дәтке қуат. Тығырықтан шығудың тағы бір жолы: 12-жылдық жалпы білім беретін бастауыш білім беру деңгейінің базистік оқу жоспарына өзгеріс енгізіп, ең болмағанда оқу жылының бірінші жартысында «Дене шынықтыру» мен «Жаратылыстану. Адам және қоғам» білім салаларынан бір-бір апталық сағаттардан алып, «Тіл және әдебиет» саласына берілсе сағат саны да, минут саны да жоғарыдағыдай болар еді.
Әрі тартып бері тартып жатпай 12-жылдық жалпы білім беретін бастауыш білім беру деңгейінің базистік оқу жоспарында 1 сыныптар үшін «Тіл және әдебиет» саласына оқу жылының бірінші жартысында 10 апталық сағат бөлініп, жалпы сағат саны 160-қа, минут саны 5600-қа, ал әр әріпті меңгеруге бөлінетін уақыт орташа алғанда шамамен 133 минутқа жетсе сауатты оқу дағдыларының сапасы көтерілері анық.
Ал, ендігі әңгіме «Әліппе кезеңін» қалай оқытып жатырмыз және оқыту әдістемелігіндегі күттірмес мәселелер төңірегінде болмақ.
«Әліппе кезеңін» оқыту сапасы оның негізгі құралы «Әліппе» пәні оқулығының құрылымына байланысты екендігін уақыт көрсетіп берді. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі бар дыбыстық құрамын ажыратуда, таңбалауда, ең бастысы оны оқушыға танытута «Әліппе» оқулығын жасақтаудың орны бөлек. Себебі, бұл жерде оқытудың қарапайымнан күрделіге тәрізді дидактикалық ұстанымдарымен қатар, тілдің дыбыстық құрамы, оның өзіндік ерекшеліктері (фонемдік, флексалық т.б.) ескерілуі керек. Оған қазақ тіліндегі буындардың ауыр-жеңілдігін ескеру қажеттігін қосыңыз. Яғни, «Әліппе» оқулығының сапасы ондағы сауат ашу материалдарының, дыбыс белгілерінің - әріптердің берілуі мен буындарды үйрету ретінің қаншалықты үйлесімді екендігінде. ХХ ғасырдың 60 –шы жылдарынан бастап бастауыш сыныптарда сауат ашу әдістемесі бойынша көптеген жұмыстар атқарылған екен. Солардың ішінен «Әліппе кезеңінің» өзін үш кезеңге бөліп оқытуды ұсынған Ғ.Бегалиев пен М.Жұбанова еңбектеріне үңілсек, олардың І кезеңде

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет