Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Үй құстары “Балапан”
Мақсаты: Үй құстары туралы түсінік беру
Үй құстарын атауға , айыра білуге үйрету
Үй құстарына деген қамқорлыққа тәрбиелеу
Билингвалды компонент. Құс – птиц. Балапан – цепленок.
Жылулық шеңбері.
“Бала, бала, балапан”
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан?
Саусақтарың әйбат
Былай – былай ойнат.
Топ – топ, топ , топ болайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса – жаса, жарқын күн,
Жаса – жаса, алтын күн!
-
Балалар балапан туралы тақпақ айтамыз
“Шөжелерім” А. Торғаевтың
Шөп – шөп, шөп – шөп, шөжелерім
Сары алтындай балапаным,
Тез жетіңдер, жем беремін,
Дәнге толы алақаным.
Сергіту сәті: “Қаздар”
Қаздар қанат қағады
Қаңқ –қаңқ – деп дауыстап
Ұшып – ұшып алады,
Жем шоқиды
(Балалар өлең мәтініне қарай қимыл – қозғалыс жасайды)
Дидактикалық ойын
“ Балапанын тап ”
Балалар үй құстарының (тауық, қаз, үйрек, балапандарының) суреттеріне қарап, қай балапан қайсынікі екенін тауып , қастарына қояды.
Біз не білдік?
Әтеш, тауық, қаз, үйрек – бұлар үй құстары.
Тауық өздерінің балапандарын қорғайды.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |