Күршім ауданының білім бөлімінің 2013-2014 оқу жылында білім бағытының басты мақсаты етіп, мемлекет басшысының халыққа жолдауы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» «білім саласының барлық сапалық көрсеткішін арттыру» бағытының қорытындысы.
-
Білім беру саласын қаржыландыру
2014 жылы ауданның білім беру саласына 2411,3 млн. теңге қаржы бөлінді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 212,4 млн.теңгеге артық немесе 9,8 %-ға өсті. Республикалық бюджет есебінен 492,1 млн.теңге бөлінді, 2013 жылмен салыстырғанда 300,7 млн. теңгеге артық . Республикалық бюджет қаражаты білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ғимараттарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені жүзеге асыруға , т.б мақсаттарға бағытталған.
Республикалық бюджеттен «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 2010-2013 жылдар аралығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 475 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылса, ағымдағы жылы 20 орынға тапсырыс беріліп, Теректі ауылындағы балабақшадан қосымша 1 топ ашылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 495 орынды ұстауға 2014 жылы республикалық бюджеттен барлығы 86,1 млн.теңге қаржы бөлінді.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап ауданда 2 мектеп, атап айтқанда Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі мен Қалжыр орта мектебі жан басына қаржыландыру пилоттық жобасына енген. 2014 жылы аталған жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 206,1 млн.теңге қаржы бөлінді.
-
Білім беру мекемелерінің желісі мен құрамы
Ауданның білім беру саласында 45 жалпы білім беретін мектепте (2012ж- 48) 4612 оқушы білім алды. ( 2012ж – 4923). 2013 жылы мектептер саны 2012 жылмен салыстырғанда 3 бірлікке , оқушылар саны 311 оқушыға азайды.
3.Материалдық –техникалық жабдықталуы
2013-2014оқу жылында аудан бойынша жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталған мектептер саны негізгі және орта мектептердің жалпы санынан 47,0 % құрады (2012ж- 40,8), өсім – 6,2%. Жалпы кабинеттер саны 85. Оның ішінде:
- физика кабинетімен жабдықталған – 23 мектеп- 53,5%;
- химия кабинетімен жабдықталған – 16 мектеп- 37,2%;
- биология кабинетімен жабдықталған – 16 мектеп- 37,2%;
- мультимедиялық кабинетпен жабдықталған – 27 мектеп- 60,0%.
2014 жылы республикалық бюджеттен 3 химия кабинетін сатып алуға 12,3,0 млн теңге, жергілікті бюджеттен 2 биология кабинетіне 5,0 млн.теңге қарастырылған. 2014 жылы салынып жатқан 3 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.Ағымдағы жылдың соңында жаңа модификациялы кабинеттер саны 102-ге жетеді деп жоспарлануда. 2020 жылға дейін мектептерді 100% жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтауға тағы 71 кабинет кабинет сатып алу үшін 340,8 млн.теңге қаржы қажет.
2014 жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 31,9 млн.теңге жоспарланған ( оның ішінде 12,3 млн. теңге республикалық , 19,6 млн.теңге – жергілікті бюджеттен). Аталған мақсатқа 2013 жылы 29,5 млн.теңге бөлініп, өсім 8,1 %-ды құрады. Қаражат негізінен кабинеттер, оқушылар тасымалдауға көлік сатып алуға , сынып парталары мен тақталарын жаңартуға, асхана жабдықтарын алуға жұмсалады.
Барлық мектептерде асханалар жұмыс істейді. Мектептердің 28,8%-ы технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Асхана жабдықтарын жаңартуға 2014 жылы жергілікті бюджеттен 0,6 млн.теңге қаржы жоспарланған (2013 жылы- 0,5 млн.теңге), 2013 жылмен салыстырғанда 0,2 млн.теңгеге артық.
2014 жылы оқулықтар мен әдістемелік құралдар сатып алуға жергілікті бюджеттен 8,2 млн.теңге қарастырылған.
Мектеп құрылысы және жөндеу жұмыстары.
2008 жылдан бері салынған мектептер:
-
Теректібұлақ ОМ- Теректібұлақ ауылы – 2009 жыл,
-
Барақ батыр НОМ – Барақ батыр ауылы -2010 жыл,
-
Күршім мектеп гимназиясы – Күршім ауылы – 2011 жыл,
-
Қарашілік НОМ – Қарашілік ауылы – 2013 жыл,
2012 жылы салынып басталған орта мектептер:
-
Үшбұлақ ОМ, Үшбұлақ ауылы, 167,7 млн тг.
-
Ақжайлау НОМ, Ақжайлау ауылы, 163,00 млн тг.
-
Шеңгелді НОМ, Шеңгелді ауылы, 336 млн теңге.
-
Ақсаут ОМ, Ақсуат ауылы, 336 млн теңге.
-
Жаңаауыл НОМ, Жаңаауыл ауылы, 327 млн теңге.
-
Қойтас ОМ, Қойтас ауылы, 350 млн теңге.
2014 жылы 4 млн теңге 140 орындық балабақша құрлысының сызбасын әзірлеуге бөлінді.
Боран – 50 орындық, Теректі -90 орындық, Күршім -200 орындық интернат құрлысын әзірлеу жоспарлануда.
2014 жылда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 85.970 мың теңге қаржы бөлінді.
4. Педагогикалық қызметкерлердің сапалық құрамы
Аудан мектептерінде 2013-2014 оқу жылында барлығы 905 мұғалім қызмет атқарды. (2012-2013 оқу жылында – 926). Оның ішінде жоғары білімді -770, арнаулы орта– 126, жалпы орта білімді – 9. Жоғарғы санатты – 79 (8,7%) (2012-2013 оқу жылы -68), бірінші санатты – 320 (35,3%), (2012-2013 оқу жылы -296) (32,7%), екінші санатты – 277 (30,6%) (2012-2013 оқу жылы - 234), санатсыз – 229 (25,3%) (2012-2013 оқу жылы -219).
Өткен оқу жылына қарағанда бірінші және жоғарғы санатты педагог қызметкерлердің жоғарғы квалификациялық өсу деңгейі байқалады. 2014 оқу жылында бірінші және жоғарғы санатты алуға барлығы 223 өтініш түсті, 2013 жылы 63 (өсу деңгейі 17,8%).
Барлығы
|
Білімі
|
Санаттық көрсеткіш
|
Жоғары
|
Арнаулы орта
|
Жалпы орта білімді
|
Жоғарғы
|
Бірінші
|
Екінші
|
Санатсыз
|
905
|
770
|
126
|
9
|
79 (8,7%),
2013 оқу жылы -68
|
320 (35,3%),
2013 оқу жылы -296) (32,7%
|
277 (30,6%),
2013 оқу жылы - 234
|
229 (25,3%),
2013 оқу жылы -219
|
4. Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың Кембридждік бағдарламаның деңгейлік курстары бойынша:
№
|
Деңгеймен қамтылған мектептер
|
1
|
|
Орта мектеп
|
Негізгі орта мектеп
|
2
|
1 деңгеймен
|
7
|
|
3
|
2деңгеймен
|
7
|
|
4
|
3деңгеймен
|
20
|
9
|
5
|
басшы кадр
|
1
|
|
|
Барлығы
|
20
|
9
|
№
|
Пәндер бойынша:
|
2013
|
2014
|
Барлығы
|
1
|
Қазақтілі мен әдебиеті
|
12
|
7
|
19
|
2
|
Орыстілі
|
7
|
1
|
8
|
3
|
Биология
|
3
|
3
|
6
|
4
|
ағылшын
|
11
|
3
|
14
|
5
|
тарих
|
9
|
1
|
10
|
6
|
информатика
|
7
|
|
7
|
7
|
химия
|
3
|
1
|
4
|
8
|
физика
|
1
|
1
|
2
|
9
|
бастауыш
|
7
|
4
|
11
|
10
|
бейнелеу ,сызу
|
1
|
|
1
|
11
|
география
|
1
|
1
|
2
|
12
|
математика
|
13
|
4
|
17
|
13
|
өзін-өзітану
|
|
1
|
1
|
14
|
басшы кадр
|
|
1
|
1
|
15
|
Барлығы
|
75
|
29
|
104
|
Аудан бойынша «Аруна» желілік қауымдастығы құрылған. 3 орта мектеп жетекші мектеп болып алынды. Олар Күршім МГ№3, Күршім №1, Күршім №4. Осы аталмыш әр мектепке 10 мектеп бөлініп берілді. Мұндағы негізгі мақсат аудан мектептеріндегі деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің жұмыстарын орталықтандыра отырып, бір-бірімен тәжірибе алмасу, оқымаған ұстаздар қауымын бір бағыттық оқыту жүйесіне қарай бағыттау. 2014 жылдың II жарты жылдығынан бастап 1 басшы кадр Астанада оқуда. Ал 1 деңгейге-4 мұғалім «Шығыс» ӨО «Өрлеу» Біліктілікті арттыру орталығы» АҚ, 2 деңгейге -5 мұғалім, 3 деңгейге-8 мұғалім барады. 2015 жылға 48 мұғалім тапсырыс беріп отыр.
12-жылдық білім беруге көшу үшін мектеп директорлары 9 айлық курсатан өту керек. Бүгінгі күні 1 мектеп директоры курстан өткен, 1 мектеп директоры өту үстінде.
№
|
Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша
|
1
|
Жылдары
|
Орта мектеп
|
Негізгі орта мектеп
|
2
|
2014
|
1
|
|
3
|
2015
|
1
|
1
|
4
|
2016
|
2
|
1
|
5
|
2017
|
2
|
2
|
6
|
2018
|
1
|
1
|
5. Білім сапасы
2013-2014 оқу жылы аудан бойынша орта мектепті 324 оқушы бітірді. (2012-2013 оқу жылында 11 сыныпты бітірушілер саны -402, соның ішінде 286 (71,14%) оқушы ҰБТ-ке қатысты.)Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы» ережеге сәйкес ҰБТ қатысуға 236 мектеп бітіруші өтініш тапсырды. Бірақ тестілеу пункітіне 221 оқушы тесілеуге келді. Бұл мектеп бітірушілердің 68,2 пайызы. ҰБТ-ға негізгі қатыспаушылық себебі оқушылардың колледжге оқуға түсуге құштарлығы, 4 халықаралық ғылыми сайыстардың жүлдегерлері. Қорытындысында орташа көрсеткіш 76,48 балды құрады, 2013 жылы 76,11 балл болған. 2014 жылы 87,12 баллмен №2 Теректі орта мектебі (директоры Ермекова З.Қ.) көш бастаса, 85,5 балл жинаған №1 Теректі орта мектебі (директоры Үркімбаев Ж.Қ) екінші, 83,62 баллмен №3 Күршім гимназиясы (директоры Шакерова Г.С) үшінші көрсеткіш көрсетті. Сонымен қатар Аксуат орта мектебі (директоры Кабдыкеш Е) 62,8 балл, Үшбұлақ орта мектебі (директоры Хамин Е) 63 балл, Қойтас орта мектебі (директоры Қабдығалиев М) 65 балл жинап не төменгі көрсеткішті көрсетті. Тестілеу кезінде №1 Теректі орта мектебі мен Қ Нұрғалиев атындағы гимназияның мектеп бітірушілері өткен жылмен салыстырғанда дайындықтарының жақсы екенін көрсетті, ал Ақсуат, Қойтас орта мектебінің мектеп бітірушілері керісінше төмендеп кетті.
Аудан бойынша ең жоғарғы 115 бал, ең төменгі 34 балды алды.
2013 жылы 72 түлек шектеулі деңгейді (50 балл) ұстамаса, 2014 жылы 36 мектеп бітіруші болды.
2013 жылы 12 түлек «екілік» алған. Атап айтқанда, Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия (5 оқушысы орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, биология және физика пәндерінен) , Қаратоғай орта мектебінен (2 оқушы математика пәнінен) , №1 Күршім орта мектебі ( 2 оқушы математика және орыс тілі), №5 Күршім (1 оқушы -қазақ тілінен), №3 Күршім гимназиясы (1 оқушы орыс тілінен), Құйған орта мектебі ( 1 оқушы физика пәнінен) осындай төменгі нәтиже көрсетті.
2014 жылы ҰБТ кезінде (барлығы 18 оқушы бір пәннен) орыс тілінен 3 оқушы екілік баға алды ( №3 Күршім гимназиясы- мұғалімі: Малдыбаева Раушан, Ақсуат орта мектебі- мұғалімі: Кадролдинова Роза, Алғабас орта мектебі- мұғалімі: Ерменова Бакыт), математика пәнінен 15 оқушы екілік баға алды ( Қалжыр орта мектебі(5 оқушы)- мұғалімі: Базарбекова Айнур Базарбековна, Қарой орта мектебі(2 қушы)- мұғалімі: Аплатонов Марат, Қаратоғай орта мектебі- мұғалімі: Құмарғалиева Айгүл, Сарыөлең орта мектебі- мұғалімі: Уранов Ленхан, Қойтас орта мектебі-мұғалімі: Ақзамова Бақыт, №4 Күршім орта мектебі- мұғалімі: Нұрахметова Жанар, Теректібұлақ орта мектебі- мұғалімі: Сейташимова Шеризат, Төсқайын орта мектебі- мұғалімі: Туротауова Сауле Жумадиловна, №3 Күршім гимназиясы- мұғалімі: Мухаметуалиева Алтын, Үшбұлақ орта мектебі- мұғалімі: Калелова Айнаш)
Аудандағы 14 «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерден екеуі (14,3%), атап айтқанда, Ақиев Ақжан (Қалжыр ОМ), Акудашев Сұңғат (№1 Теректі ОМ) білімдерін дәлелдеп шықса, Қожабаева Анар (№3 Күршім гимназияся), Қапталова Әдемі (№5 Күршім ОМ) «Үздік аттестат» иегерлігін орындады. №3 Күршім гимназиясының 5 үміткері,Қ Нұрғалиев атындағы гимназияның 3 үміткері, №5 Күршім орта мектебінің 2 үміткері,Қалжыр орта мектебінің 1 үміткері және №4 Күршім орта мектебінің 1 үміткері«Алтын белгі» белгісін ұстай алмады.
Қосымша білім беру мекемелерінің жұмыстары:
Мектептен тыс мекемелерде оқушыларға эстетикалық және рухани – адамгершілік тәрбие берудің негізгі құралы өнер болып табылады. Өнерді үйрете отырып, оқушылардың жан дүниесін әдемілік пен әсемдіктің, адамгершілік пен әдептіліктің қасиетін дарыту, болашақ ұрпақтың жоғарғы мәдениетті болып өсуін қамтамасыз ету, жалпы мемлекеттік мәселе. Ауданда Күршім және Теректі балалар музыка мектептері мен Балалар шығармашылық үйі оқушыларға қосымша білім беріп, шығармашылық ізденістерін жетілдіретін, жеке басының мәдениетін қалыптастыратын қоғамдық өмірге бейімділігін арттыра отырып, елжандылыққа тәрбиелейтін мектептен тыс мекемелер қызмет атқарып жатыр. Қосымша білім беру мекемелеріне осы оқу жылында 538 бала тартылды. Ол барлық оқушылар санының 12 % құрады. Пайыздың өсуі төмендегі мекемелерде қосымша үйірмелердің ашылуына байланысты: Теректі музыкалық мектебінде хореография, балалар шығармашылық үйінде бейнелеу өнерінен көркем сурет, шахмат, фото және бейне үйірмелері.
Аудандық білім беру бөлімі тарапынан қосымша білім беру мекемелеріндегі оқытудың барысы, оқушылардың білім сапасы, пәндердің оқытылуы, оқытудың жаңа технологиясын қолдану барысы, оқу-педагогикалық құжаттардың жүргізілуі тексеріліп, әдістемелік көмек беріліп отырды.
2013-2014 оқу жылында балалар шығармашылық үйінде 302 оқушы қамтылуы. Атап айтқанда, би үйірмесінде 55, қолөнерде 36, жас техник 64, драма 30, шахмат 12, өлкетану 45, фото үйірме 30, көркем сурет 30.
Оқу жылы барысында өлкетану үйірме жетекшілері Жанасова Г, Тойбаев Т. Қиын Керіш, Ашу тас, Белағаш Үңгір тас учаскелеріне жорықтар ұйымдастырды. Барлығы 60 оқушыны қамтыды. Жас техник, қолөнер үйірмелерінде оқушылармен жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың үйірмелерде жасаған модельдері, қолөнерлері, фото, суреттер- аудандық жас техник, Наурыз мейрамына, 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көрмелерде қойылып көпшілік назарына ұсынылды. «Жас техник» үйірмесінің мүшелері Глубокое ауданында өткен облыстық «Жас техник - 2013» сайысында жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Қолөнер үйірмесінің оқушылары облыстық «Радуга» орыс халық өнері фестиваліне қатысып, ІІ орын алса, фото – сурет, жас техник үйірмелері арнайы сертификаттармен марапатталды.
2014 жылдың 27-28 наурыз аралығында Семей қаласында өткен ІІ облыстық «Алтай жұлдыздары» байқауында «Хореография» номинациясы бойынша орындаушылық шеберлік танытқаны үшін «Жайна» би ұжымы дипломмен марапатталды. Драма үйірмесі қазан айында мәдениет үйінде театр сыншылары алдын өнер көрсетіп, жақсы бағаланды. Сонымен қатар осы оқу жылында дойбы, бастапқы шахмат үйірмесі өз жұмысын бастады, оқушылар дойбы тақтасының құпиялары мен шахмат ойынның тәртібін меңгере бастады.
Би үйірмесінің бастапқы тобы жетекші Абіш Марина аудандық «Биле, биле» сайысына қатысып жүлделі І орын алса, «Жайна» би ұжымының үлкен ІІІ-ІV-топ облыстық «Радуга», «Алтай жұлдыздары», «Сиқырлы би әлемі» атты сайыстарға қатысып, жүлделі ІІ орын алып, лауреат атанып, медальмен марапатталды. Балалар шығармашылық үйі бойынша әр үйірмеде ата – аналар жиналысы өтіп, балалардың жыл қорытындысы баяндалды.
Мектепте оқушыларды сабақтан тыс уақытта бос жүруіне жол бермеу, оқушылар арасында тіл үйрену, эстетикалық талғам арттыру арқылы өнерге, шығармашылыққа баулу мақсатында үйірмелер түзілген. Барлық үйірме жұмыстары оқушылардың бос уақытын мәнді әрі белсенді салауатты өмір салтына арнауға бағытталған.
Осы оқу жылында ауданның 45 білім беру мекемелерінде 212 үйірме 2265 оқушыны қамтыды (49,1 %), соның ішінде 53 техникалық шығармашылық үйірмелері бар және құрамына 651 оқушы кіреді, натуралистік-биологиялық 19 үйірмеге 214 оқушы қатысады, көркем-өнер үйірмелеріне 770 оқушы қызығушылық білдірді, эстетикалық үйірмелерге 630 оқушы қамтылған.
Күршім музыка мектебі ұжымының атқарып отырған оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін оқушылардың концерттердегі сәтті шыққан өнерлерінен, конкурстар мен фестивальға қатысу нәтижелері мен көрсеткіштерінен көреміз: Х -халықаралық -«Күншуақ» фестиваль-конкурсы Алматы қаласы маусым 2013 жыл: Әділбекқызы Балжан - эстрадалық ән, бас жүлде (оқытушысы Смаилов Ж.М.), Мубараков Елдар – домбыра, 1-орын (оқытушысы Тойбаева А.М.), Савельева Елена - жеке би, 1-орын (оқытушысы Омашпаева Ғ.Қ.), Тұрғамбекова Гүлмарал - эстрадалық ән, 2-орын ( оқытушысы Смаилов Ж.М.), Сұңғатолда Надир – домбыра, 3-орын (оқытушысы Айтпаева Ә.С.).
Облыстық жас музыканттардың іріктеу кезеңі, қазан 2013 жыл: Найманханұлы Серікхан - дәстүрлі ән, 1-орын (оқытушысы Смаилов Ж.М.),
Нұрмұхамбетова Мөлдір - дәстүрлі ән, дипломант (оқытушысы Утеулинов Б.), Аманбекова Еркежан - эстрадалық ән (оқытушысы - Баталова А.С.),
Жас музыканттардың Республикалық конкурсы, қараша 2013 ж. Алматы қаласы: Найманханұлы Серікхан - дәстүрлі ән, арнайы сертификат (оқытушысы - Смаилов Ж.М.).
2-Облыстық «Субдоминанта» музыкалық-теория мамандығынан музыка мектептері оқушылары арасындағы байқау-конкурсы, ақпан 2014жыл, Өскемен қаласы: Совет Дәулет, Ғарип Диас 4-орын, оқытушысы - Мақабаева К.М.
Саз және өнер мектептері оқушыларының 1-Облыстық «Күй - киелі өнер» атты жас домбырашылар байқауы, наурыз 2013жыл, Бесқарағай ауданы: Манарбекқызы Әлия - 3-орын, оқытушысы - Құсайынова Ж.Қ.
2-Облыстық «Алтай жұлдыздары» байқауы, наурыз 2013жыл, Семей қаласы:
Мубараков Елдар – домбыра, дипломант (оқытушысы Тойбаева А.М.), Әділбекқызы Балжан – вокал, дипломант (оқытушысы Смаилов Ж.М.), «Сымбат» бишілер тобы, дипломант (оқытушысы Омашпаева Ғ.Қ.).
Теректі музыка мектебінің жетістіктері:
Республикалық вокал сайысының облыстық кезеңі: Женісханова Сабина, 3 орын, Новоселова Вика, Жанатова Аяулым, дипломант атақтарын алды, (жетекшісі Тұржанова Б.).
Облыстық «Алтай жұлдыздары» сайысында Қадылбекова Гүлжанна, 3 орын, Айтқазина Асем, дипломант (жетекшісі Искакова Ж), Сабранова Мадина, дипломант (мұғалімі Бельдеубаева Г.).
Аудандық «Биле-биле» байқауында «Ля-ля-фа» бишілер тобы, 1 орын, Мұқтарханова Айым, 3 орын (жетекшісі Салықбаева С).
Аудан ішіндегі өнер сайыстарынан мектеп оқушылары тек алдыңғы орындардан ғана көрінді. Мектеп ішінде әртүрлі сайыстар өткізілді.
2014 жылдың 18 наурызда Күршім музыка мектебінде аудан мектептерінің музыка пәні мұғалімдері мен мектеп директорларының тәрбие - ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Қазақтың дәстүрлі ән өнері» атты семинар сабақ өткізілді. Өткізуші Б.Қ. Утеулинов.
2014 жылдың 28-29 сәуір аралығында Павлодар қаласында өңіраралық ынтымықтастық шеңберінде «Мониторинг и оценка эффективности реализации программ развития дополнительного образования» тақырыбында өткен панельді сессия жұмысына музыка мектептерінің директорлары Тойбаев Шакерхан Мамырханұлы мен Кемешев Рустембек Набиолдаұлы қатысып келді.
2014 жылдың 27 ақпан күні Өскемен қаласында «Қосымша білім беру педагогының инновациялық іс-ірекетіндегі әдістемелік қызметтің рөлі» атты аймақтық ғылыми – практикалық семинарда қосымша білім беру әдіскері Ж.Д.Нұрахметова «Жаңа технологиялардың қосымша білім берудің техникалық бағыты бойынша оқушының білім сапасын арттыруына, тәрбиесәне, үздіксіз дамуына ықпалы» және Күршім музыка мектебінің мұғалімі К.М.Мақабаева «Балалар хорымен жұмыс жасау әдісі» атты тақырыптарда баяндамалар оқылып, жинаққа шықты.
2014 жылдың 16 мамыр күні облыстық «Жыл әдіскері-2014» байқауына қосымша білім беру әдіскері Нұрахметова Жаңылтай Даниярқызы қатысып «Жаңышыл әдіскер» номинациясы бойынша Құрмет грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
2014 жылы қазақ киносының негізін қалаушы Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған облыстық балалар өнері фестиваліне ауданнан 5 жұмыс жіберіліп, әлеуметтік роликтер номинациясы бойынша 2 жұмыс ІІ орынға ие болды (Маралды ОМ мен «Балдәурен» демалыс лагері).
7. Рейтингілік көрсеткіштер
2013-2014 оқу жылында аудан мектептерінде білім сапасының өскендігі байқалады.
Осы оқу жылын 2551 үздік пен екпінді аяқтады (55,3% құрайды), бұл көрсеткіш былтырғы оқу жылына қарағанда 8,2 %өскендігін көрсетеді (2012-2013 оқу жылы- 2173 үздік, екпінді).
2012-2013 оқу жылында Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстарының ІІІ – халықаралық конкурсына Теректі №1 ОМ оқушысы Ершікенов Талант қатысып, сертификатпен марапатталды.
2013-2014 оқу жылында Ресей Федерациясы Протвино қаласында өткен халықаралық «Компьютерлік физика» олимпиадасында Қ. Нұрғалиев атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Нұрғалиев Ақжол ІІІ дәрежелі дипломмен, №4 Күршім ОМ 11 сынып оқушысы Ақанова Ғазиза І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылдың 31 наурыз- 8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты Х Халықаралық ғылыми жобалар сайысында Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Серікбаев Мейіржан және Қаратоғай орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сағидолдина Айнұр ІІ орынмен марапатталды.
2012-2013 оқу жылында өткен қазақ тілінен Халықаралық Қ.Бітібаеваның олимпиадасында Алтаева Ақмарал (мұғалімі- Оқас Ж), Заданова Махаббат (мұғалімі- Әбілқайырова М) (Күршім №3 гимназиясынан), Юдина Анастасия – мұғалімі- Айтмурзина А.А. (Күршім №1 ОМ)- ІІ орын, Тоқтарғалиева Сындар – мұғалімі Жұмекенова Л.К. (Қалжыр ОМ) – ІІІ орын алды. 2013-2014 оқу жылында ауданынан 5 оқушы (9-11 сынып) қатысып, 5-уі де жеңімпаз атанды. №1 Күршім орта мектебінен Юдина Анастасия (10 сынып)- І орын, №3 Күршім гимназиясынан Алтаева Ақмарал (11 сынып)- ІІ орын және Қалжыр орта мектебінен Қайсанов Ақжан (10 сынып), Жеңісбек Нұрбан (9 сынып) - ІІІ орын, №1 Теректі орта мектебінен Краскова Карина (11 сынып)- ІІІ алды. Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен және Қазақстанның басқа облыстарынан келген оқушылардың ішінен білімдерімен оза шауып, жүлдегер атанды.
Қазақ тілінен Халықаралық Қ.Бітібаева олимпиадасының қорытындысы
2013-2014 оқу жылында Күршім ауданынан облыстық ғылыми жобалар жарыстарына 5 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша 3 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. Олар: Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Қабдолда Керім (тарихтан), осы мектептің 11 сынып оқушысы Мазбай Сұңқар (физикадан) ІІІ орын, Күршім мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы Қабдікәрім Біржан (тарихтан) І орын. Осы 3 оқушы республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, Қабдолда Керім ІІ орын, Мазбай Сұңқар –ІІІ орын, Қабдыкәрім Біржан- ІІ орын алды. 2013-2014 оқу жылында ауданынан облыстық ғылыми жобалар жарыстарына 6 оқушы қатысып, №3 гимназияның 11 сынып оқушысы Алтаева Ақмарал тілтанудан- І орын, Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Оспанова Саяжанның қазақ әдебиетінен ІІ орын, осы мектептің 11 сынып оқушысы Серікбай Мейіржан биологиядан ІІ орын, №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Мейрамбекова Мадина биологиядан –ІІІ орын, Қаратоғай орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сағидолдина Айнұр биологиядан ІІІ орын алып, 2014 жылдың 19 ақпанында Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңінде Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 11 сынып оқушылары: Серікбай Мейіржан (І орын) және Оспанова Саяжан (ІІІ орын), №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Мейрамбек Мадина (ІІ орын), Алтаева Ақмарал (ІІІ орын) алды.
9-11 сынып оқушыларының ғылыми жобалар сайысының қорытындысы
2012-2013 оқу жылында Өскемен қаласында өткен 1-7 сынып оқушылары арасында ғылыми жұмыстарды қорғау бойынша Республикалық «Зерде» сайысының облыстық кезеңінде Теректі №1 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Набиолда Айбар жүлделі ІІ орынға, Қалжыр орта мектебінің 6 сынып оқушысы Нұролданова А. ІІІ орынға ие болды. 2013 жылдың 26-28 қаңтар аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында өткен «Зерде» ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңінде Набиолда Айбар, ІІ орынға ие болды. 2013-2014 оқу жылында аудандық кезеңінен І орын алған 4 оқушы облыстық кезеңде 4 жобаның 3-уі жүлделі орындармен марапатталды. Олар: Қалжыр ОМ 7 сынып оқушысы Тоқанов Айдын І орын, осы мектептің 3 сынып оқушысы Рауанқызы Аяулым ІІ орын, осы мектептің 7 сынып оқушылары Қабидолдина Дильназ бен Айқынбек Берекенің топтық жобасы ІІІ орын. Тоқанов Айдын 2013 жылы 23-28 қаңтар аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу- сауықтыру орталығында өткен «Зерде» ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңіне қатысып, ІІІ орын алды.
3-7 сынып оқушыларының «Зерде» ғылыми жобалар сайысының қорытындысы
2012-2013 оқу жылында 2012 жылғы 21 желтоқсандағы аудандық білім бөлімінің №61 бұйрығына сай 21 желтоқсан күні аудандық пәндік олимпиада өткізілді, олимпиадаға аудан мектептерінен 12 пән бойынша 453 оқушы қатысты, оның 188-і жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлер ішінен 16 оқушының жұмыстары облыстық кезеңге жіберілді, соның ішінен 13 оқушы облыстық кезеңге жолдама алып, Өскемен қаласында өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 8-9 қаңтарында оқушылардың пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Күршім ауданынан олимпиадаға 13 оқушы қатысып, 8 оқушы жеңіспен оралды. Маралды орта мектебінің 11 сынып оқушысы Құмарбеков Роман Қазақстан тарихы пәнінен І орынды және Өскемен қаласындағы Аймақтық университеттің 4 жылдық грантын жеңіп алды. Күршім мектеп – гимназиясының 10 сынып оқушысы Мейрамбек Мадина биология пәнінен 2 орынмен марапатталды. 6 оқушы 3 орын иегері атанды. Олар: Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушылары Тоқтарғалиева Сындар, Жұмақанқызы Ербол, Теректі ы №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Иканбаева Ақерке, Күршім №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кудакенова Эльмира, Теректібұлақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дүсіпбекова Аяужан және №3 Күршім мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы Алтаева Ақмарал. 2013-2014 оқу жылы аудандық пәндік олимпиадаға аудан мектептерінен 12 пән бойынша 426 оқушы қатысып, оның 208-і жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлер ішінен 13 оқушының жұмыстары облыстық кезеңде 11 оқушы жүлделі орындармен, Күршім ауданының командасы «Үздік олимпиада командасы» кубогымен марапатталды. Олар: №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Алтаева Ақмарал, №1 Күршім орта мектебінің 10 сынып оқушысы Смольцоренко Анастасия қазақ тілінен І орын, Қалжыр ОМ 10 сынып оқушысы Қайсанов Ақжан қазақ тілі мен әдебиетінен ІІ орын, №4Күршім ОМ Кәдірбекова Айзат (10 сынып), №3 Күршім гимназиясынан Асқарова Мөлдір (9 сынып) химия пәнінен, Қалжыр ОМ 9 сынып оқушысы Қабденов Олжас биология пәнінен, №1 Теректі ОМ 10 сынып оқушысы Жекенаев Нұржан, Қалжыр ОМ 11 сынып оқушысы Қабышкенов Сағжан Қазақстан тарихы пәнінен, №1 Теректі ОМ 11 сынып оқушысы Краскова Карина, №5 Күршім ОМ 10 сынып оқушысы Жолдыбаева Жанар орыс тілінен, №5 Күршім ОМ 10 сынып оқушысы Қапталова Аяулы ағылшын тілінен ІІІ орын алды. І, ІІ орын алған Смольцоренко Анастасия, Алтаева Ақмарал, Қайсанов Ақжан республикалық олимпиадаға қатысып қайты.
9-11 сынып оқушылары арасындағы олимпиада қорытындысы
2012-2013 оқу жылында қазақ тілінен өткен «Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасына 10 оқушы қатысып, 6-уы жүлделі орындармен марапатталды. Оралбекова Ақерке (Қалжыр ОМ)- І орын, Тоқтарғалиева Сындар (Қалжыр ОМ) мұғалімі Жұмекенова Л.К., Юдина Анастасия- мұғалімі Айтмурзина А.А., Семенова Виктория мұғалімі Темирғалиева А. (Күршім №1 ОМ), Синицына Аня мұғалімі Жақаева Ф.С.(Теректі №1 ОМ), Бақтиярова Жансая мұғалімі Биғалиева Р.М.(Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия)- ІІ орын иеленді. 2013-2014 оқу жылында өткен оқушылардың қазақ тілінен «Жарқын болашақ» облыстық кезеңінде Күршім ауданынан 10 оқушы қатысып, 9 оқушы жеңіспен оралды. Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Үсенова Сындар «Тілші әдебиетшілер» конкурсы бойынша І орын, осы мектептің 11 сынып оқушысы Зайнолдабеков Сержан, №1 Күршім ОМ Никифоров Стас 9 сынып оқушысы «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша І орын алып, Астана қадасында өткен республикалық кезеңде І орынмен марапатталды. Теректі №1 орта мектебінің 11 сынып оқушылары Алдабергенов Дәурен, Краскова Карина, №1 Күршім ОМ 10 сынып оқушысы Юдина Анастасия, №4 Күршім ОМ 11 сынып оқушысы Мажибаева Жадыра ІІ орынмен, №4 Күршім ОМ 11 сынып оқушысы Қадырханов Мерей, №1 Теректі ОМ 9 сынып оқушысы Нохрин Сергей ІІІ орындармен марапатталды.
Оқушылардың қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасының қорытындысы
2013-2014 оқу жылы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының және «Нұрорда» халықаралық мектебінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 12 сәуірінде оқушылардың «Сәйгүлік» математика- логикалық олимпиадасы өткізілді. Күршім ауданынан олимпиадаға 9 оқушы қатысып, Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 7 сынып оқушысы Қайырбекова Айымжан ІІІ орын алды.
2012-2013 оқу жылында облыстық «Жас математик» конкурсына қатысқан 5 оқушының 3-уі жүлделі орындармен марапатталды. Олар: Түсіпбек Қуан (Теректі №2 ОМ 7- сынып оқушысы), мұғалімі-Сағатова Г ІІ орын, Әлкешов Сырым (8- сынып, мұғалімі- Қойлыбаева К.Т.), Сегизбаев Айсултан (6-сынып мұғалімі- Сейтжанова И.З.) (Күршім №1 ОМ)-ІІ, ІІІ орындар. 2013-2014 оқу жылы облыстық «Жас математик», «Жас физик» конкурсына Күршім ауданынан 5 оқушы қатысып, 4-уі жүлделі орындармен марапатталды. Олар: Түсіпбек Қуан (математика, Теректі №2 ОМ 8 сынып), Сәлімова Диана (физика, Қалжыр ОМ 7 сынып)- І орын, Тасқын Құмар (математика, Сарыөлең ОМ 5 сынып), Ауельбеков Шыңғыс (математика, №1 Теректі ОМ 6 сынып)- ІІІ орын.
Облыстық «Жас математик», «Жас физик» конкурсының қорытындысы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 28 сәуірінде оқушылардың «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде Күршім ауданынан 6 оқушыдан құралған команда қатысып, 5 оқушы жеңіспен оралды. №3 Күршім гимназиясының 10 сынып оқушысы Заданова Махаббат (мұғалімі-Тлеуханова М.Д.) «Шығарма» номинациясы бойынша І орынды иеленіп, 25 мамырда Астана қаласында өткен республикалық кезеңінде жүлделі ІІ орын алды. Қалжыр орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қайсанов Ақжан «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша (мұғалімі- Жұмекенова Л.К.), №3 Күршім гимназиясының 8 сынып оқушысы Солтанова Айжан «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша (мұғалімі- Ж.Оқас) ІІ орын, Қалжыр орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сайкен Фараби «Айтыс» номинациясы бойынша (мұғалімі- Авдихан Е.), №4 Күршім орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мубараков Елдар «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша ІІІ орынмен марапатталды. Қала, аудан мектептерінен құралған командалардың ішінде Күршім ауданының командасы ІІ орын алды.
2012-2013 оқу жылы облыстық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен болған «Сүйем сені, туған өлкем» атты облыстық қолданбалы өнер туындылары байқауына қатысқан аудан мектептерінен №1 Теректі орта мектебінің 8 сынып оқушысы Стеценко Ксения ІІІ дәрежелі дипломмен, сертификатпен, осы мектептен 20 оқушы, Күршім №1 орта мектебінен 3 оқушы сертификатпен марапатталды. „Қазақстан- жаңа әлемде“ атты облыстық сурет және қолөнер туындылары конкурсында №3 Күршім гимназиясының оқушысы Төлеуханова Нұрдана ІІІ орын, осы мектептің 4 оқушысы сертификатпен марапатталды. „Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы“ атты облыстық жас журналистер конкурсына №3 Күршім гимназиясының 10 сынып оқушысы қатысып, сертификатпен марапатталды.
„Дарын“ орталығының ұйымдастыруымен жыл бойындағы өтетін интеллектуалдық ойындарға аудан мектептері қатысып отырады. Соның ішінде „Ақбота-2012“ интеллектуалдық марафонына 18 мектептен 439 оқушы қатысып, оның 52-і жүлделі орындарға ие болды. „Айналайын“ интеллектуалдық конкурсына 19 мектептен 579 оқушы қатысып, 75 оқушы жүлделі орындарға ие болды. „Русский медвежонок“ конкурсына 45 оқушы, „Тұлпарға“- 16 мектептен 329 оқушы қатысты, жеңімпаздар саны- 137, „Малахитқа“ -28 мектептен 873 бала қатысып, 291 бала жүлделі орындарға ие болды, «Асыл тас“ конкурсына 6 мектептен 218 оқушы қатысып, 92-сі жүлделі орын иеленді. 2013-2014 оқу жылында өткен интеллектуалдық ойындарға „Ақбота-2013“ интеллектуалдық марафонына 14 мектептен 426 оқушы қатысып, оның 23-і жүлделі орындарға ие болды. „Айналайын“ интеллектуалдық конкурсына 27 мектептен 675 оқушы қатысып, 276 оқушы жүлделі орындарға ие болды. „Кенгуру- метематика для всех“ интеллектуалды марафонына 187 оқушы қатысып, 28- і орындармен марапатталды. „Асыл тас“ конкурсына 14 мектептен 269 оқушы қатысып, 83 оқушы орындармен марапатталды. „Русский медвежонок“ конкурсына 5 мектептен 49 оқушы, „Малахит“ конкурсына 22 мектептен 607 оқушы, қатысты.
8. Шағын жинақты мектептердің өзекті мәселесін шешу туралы
45 аудан мектептерінің ішінде шағын жинақталған мектептер саны- 38. Оның ішінде 2-і-бастауыш, 19-ы- негізгі орта, 17-і-орта мектептер. Бастауыш сыныптардың ішіндегі 1-уі орыс мектебі, 3-уі- аралас, 34-і қазақ мектебі. ШЖМ барлық оқушы саны-2339. Осы оқушылардың 2241-і- қазақ тілінде білім алса, 98 оқушы орыс тілінде оқиды. Осы ШЖМ 365 сынып бар. Оның ішінде-193 сынып кіріктіріліп оқиды.
Күршім ауданында ШЖМ-де 557 мұғалім сабақ береді. Оның 457 жоғары білімді, 100 мұғалім орта арнаулы білімді. 30 мұғалім жоғары санатты, 196 мұғалім бірінші санатты, ал 168 мұғалім 2 санатты ұстаздар.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы осындай ШЖМ-дегі білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешудің нақты жолын көрсеткен. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Күршім ауданында аудан әкімі А.С Сеитовтың қолдауымен «№3 Күршім гимназиясы» КММ базасында 2011жылы электронды оқытуға арналған ресурстық орталық ашылды, орталыққа 7 ММ бекітілді ,олар: Теректібұлақ ОМ, Бурабай ОМ, Құйған ОМ, Ақсуат ОМ, Қайыңды ОМ, Сарыөлең ОМ, Қаратоғай ОМ.
Ал 2014 жылы 10 қаңтардан бастап Құмаш Нұрғалиев гимназиясының базасында қашықтықтан оқытуға арналған тірек мектебі (ресурстық орталық) құрылды. Тірек мектебі (ресурстық орталық) базасына 7 магниттік мектеп бекітілді. Олар: Жанауыл НОМ, Шеңгелді НОМ, Жиделі НОМ, Игілік НОМ, Ұрынхай НОМ, Тақыр НОМ, Мөнекей ОМ. Жаңадан ашылған Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия базасында ғы РО-та көктемгі сессияда 12 оқушы ҰБТ дайындалса, 10 оқушы зерттеушілік-жобалаушылық жұмыстарға бағыт алды. Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталықтан) қашықтықтан оқыту мақсатында www.aulmektebi.kz сайты арқылы интернет сабақтар орналастырылып жұмыстар жүргізілді.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессия аралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Оқыту сабақтары белгіленген кесте бойынша өткізілді. РО сабақтар төмендегі 4 модуль бойынша(базалық білім, бағдарлы пәндер, қолданбалы, тандау курстары) жүзеге асады.
РО – дың тұрғылықты орыны және тамақтандыруы Күршім ауданы Сарыөлең ауылындағы «Балдәурен» сауықтыру орталығында ұйымдастырылды.
3 оқу сессиясына кеткен шығындар:
Тамақтану – әр сессияда бір балаға 5 уақытта тамақтанғанға (1 мың 70 теңге) бөлінген, барлығы 1сессияға - 1 миллион 70 мың теңге
Тасымалдау – 324 мың теңге (1 күнге 90 литрдан)
Мұғалімдердің жалақысы -858 мың теңге (14,2 м.т. әлеум. және салықтар) ( атқарған сағаттар үшін)
Барлығы –4 миллион 392 мың теңгені құрады.
2013 жылдың 11 қараша күні күзгі сессия кезінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясы базасында аймақаралық «Шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттырудағы ресурстық орталықтың рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қарағанды облыстық білім басқармасы білімді дамыту орталығы директорының кеңесшісі, профессор Контаев Совет Сейітұлы қатысты. Семинар барысында «Күршім ауданының шағын жинақты және тірек мектептерін жаңғыртудағы (ресурстық орталық) іс тәжірибесі» ресурстық орталықтың галерея көрмесінің таныстырылымы, панорамалық сабақтар (шеберлік сыныптар), төрт секциялық жұмыс жүзеге асты. Семинардың теориялық бөлігінде – нормативтік-құқықтық, кадрлық мәселелер, ШЖМ мен тірек мектебінің білім беру жүйесін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселелері, құжаттамалар ерекшелігі, ШЖМ жұмыс жоспарын құру тәжірибесі талқыланды.
Ресурстық орталықтың жұмысына жоғары білімді 20 мұғалім, медбике,тәрбиешілер, психологтар жұмылдырылды.Олар- өз мамандығын және пәнін жетік меңгерген, ғылыми – теориялық білімі жеткілікті, іс-тәжірибесінде ғаламторлық жүйені үйлесімді пайдалана білетін, үнемі ізденумен жүретін жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар. Олардың ішінде деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер бар. Тірек мектептерінің мұғалімдері төмендегі пәндерден: математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих , география, физика, дүниежүзі тарихы, әдебиет, биологиядан барлық сабақтарда күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сәйкес интерактивтік тақтаны пайдалана отырып, пәнге «сүңгу» арқылы сабақтар өткізді. Сессия барысында мектеп оқушыларының сабақтағы қиындықтары анықталып, соңғы тестілеу нәтижесі бойынша технологиялық карталар жасалды. Әр сессияға кіру және сессиядан шығу тесті алынып, оқушыларға базалық пәндерден кездесетін қиындықтарды жеңу үшін көмек көрсетілді.
Сессия
|
Кіру тесті
|
Шығу тесті
|
күзгі
|
57,8
|
60,3
|
қысқы
|
63,9
|
72,1
|
көктемгі
|
74,2
|
78,9
|
№3 Күршім гимназиясы базасындағы магнит мектептердің 2 жылғы ҰБТ қорытындысы
№
|
Магнит мектеп атауы
|
2012-2013 оқу жылында
|
2013-2014 оқу жылында
|
1
|
Ақсуат ММ
|
86
|
62,8
|
2
|
Бурабай ММ
|
60
|
72,4
|
3
|
Қаратоғай ММ
|
69,16
|
65,83
|
4
|
Құйған ММ
|
60,2
|
66,25
|
5
|
Теректібұлақ ММ
|
81,5
|
76,16
|
6
|
Қайыңды ММ
|
тапсырған жоқ
|
тапсырған жоқ
|
7
|
Сарыөлең ММ
|
83,71
|
78,6
|
2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда Құйған ММ, Бурабай ММ білім көрсеткіштерінде ілгерілеушілік байқалса, Ақсуат, Қаратоғай, Теректібұлақ, Сарыөлең магнит мектептерінде былтырғы жылмен салыстырғанда нәтижелері төмендеген.
9. 12-жылдық білім беруге көшуге дайындық
1. Аудан мектептерінде ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты талқыланып, 2015 жылы 1-сыныпқа 542 оқушы қабылданады. 12 жылдық білімге көшуге байланысты 45 мектептің 53 мұғалімін 10 күндік қысқа мерзімді біліктілікті жетілдіру курсынан өткізу жоспарланып, тізімі жолданды.
2. Мектептер арасында сапалы білім мен тәрбиелілікке қол жеткізу мақсатында тәжірибе алмасу, озық іс-тәжірибелерді тарату мақсатында оқу жылында «Оқу-тәрбие үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында Алғабас орта мектебінде, «Рухани-адамгершілік білімі негізінде оқу-тәрбие жұмысын ізгілендіру»тақырыбында №1Теректі орта мектебінде, «Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік және интерактивті технологияларды пайдалану мүмкіндіктері»тақырыбында еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар үшін Қ.Нұрғалиев атындағы гимназиясында, «Жаратылыстану пәндеріне құзыретті бағаланған тәсілдемеге бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында №1 Күршім орта мектебінде, «Білім беру үрдісінде дарынды оқушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастырудың жаңашыл бағыттары» тақырыбында Қалжыр орта мектебінде, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда көрнекіліктердің тиімділігі» тақырыбында Қайыңды орта мектебінде, «12 жылдық білім беру қарсаңында балаларды мектепке және орта буын білім сатысына даярлаудың тиімді жолдары» тақырыбында Тақыр негізгі орта мектебінде «Үштілділікті жүзеге асырудағы заманауй оқыту тәсілдері» тақырыбында №5 Күршім орта мектебінде, мектеп лаборанттарына арналған №2 ТеректіОМ-де, кітапханашылар үшін Бурабай ОМ-де, «Дәстүрлі ән өнерінің жас ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеудегі маңызы» атты Күршім музыка мектебінде т.б тақырыптық семинарлар өткізілді.
«Ауылдың үздік білім мекемесі“ „Үздік бала бақша-2013“, „Үздік сауықтыру алаңы“, „Жас маман-2014“байқаулары талапқа сай ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылды.Мектеп директорларымен, директорлардың орынбасарларымен Кембридждік бағдарлама негізінде 3 ретоқулар ұйымдастырылды.
3. ШЖМ-тердің 12 жылдыққа көшудің міндетті жағдайы қашықтықтан және электронды оқу болып табылады. Ауданның білім жүйесіндн қолданылып жүрген компьютерлердің саны 986, оның 534-і ескірген. Пайдалануға жарайтын компьютерлердің үлесі 45,85%. Қалғандарын есептен шығарып, жою қажет.
10. Мектепте оқушыларды сабақтан тыс уақытта бос жүруіне жол бермеу, оқушылар арасында тіл үйрену, эстетикалық талғам арттыру арқылы өнерге, шығармашылыққа баулу мақсатында үйірмелер түзілген. Барлық үйірме жұмыстары оқушылардың бос уақытын мәнді әрі белсенді салауатты өмір салтына арнауға бағытталған.
Осы оқу жылында ауданның 45 білім беру мекемелерінде 212 үйірме 2265 оқушыны қамтыды (49,1 %), соның ішінде 53 техникалық шығармашылық үйірмелері бар және құрамына 651 оқушы кіреді, натуралистік-биологиялық 19 үйірмеге 214 оқушы қатысады, көркем-өнер үйірмелеріне 770 оқушы қызығушылық білдірді, эстетикалық үйірмелерге 630 оқушы қамтылған.
6. Ағымдағы оқу жылында балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуы ШҚ облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 126 «2013-2014 жылдардың жазғы маусымында облыс балаларының демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысы негізінде және аудандық білім бөлімімен әзірленген «Жаз-2014» Концепциясы негізінде атқарылуда.
Балалардың сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастырудағы негізгі бағыттар: сауықтыру демалысы, қызығушылықтары бойынша демалыс, жазғы еңбек демалысы, спорттық-туристік саяхат.
2013-2014 оқу жылында ауданның 45 мектебінің 1-10 сыныбын 4186 оқушы оқу жылын аяқтайды, оның ішінде: 1491аз қамтылған отбасы балалары, 21ата-ананың қамқорынсыз қалған, 25-жетім, 36- патронаттағы балалар және аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 5 бала. Аталған оқушылар демалыспен және сауықтырумен қамтылып, еңбекке тартылады.
82 – ата-ананың қамқорынсыз қалған, жетім, патронаттағы балалардың дендері сау, арнайы медициналық топтарда тіркелмеген. Жас ерекшеліктеріне қарай олар жаз айларында мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарына және ашылатын сауықтыру лагерлеріне тартылады. Аудан бойынша мектеп жасындағы мүмкіншілігі шектеулі балалар саны – 128, оның 26-сы үйден оқытылады. Осы балалар толығымен мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарына тартылады.
39 мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында 1070 оқушы демалыс және сауықтырумен қамтылады (оның 720 жалпыға бірдей білім беру қорынан, 350-і кәсіподақтан, 2013 жылы 1055 бала демалды).
Мектептерде тамақсыз спорттық-сауықтыру алаңдары ашылып, онда 288 денсаулығы төмен, диспансерлік есепке алынған балалар денсаулықтарын шынықтырады (2013 жылы бұл санаттағы бала саны 369 болған).
Теректі, Қалжыр, Төсқайың ауылдарындағы мектеп жанындағы интернаттарда лагерьлер ашылады,онда 275 бала, Ұрынхай және Құйған ауылдарындағы шығын орталықтарының ғимараттарында лагерьлер ұйымдастырылып 550 бала, Сарыөлең ауылындағы «Балдәурен» сауықтыру лагерінде 700 бала сауықтырылады. Қаратоғай ауылындағы еңбек және демалыс лагеріне 250 бала тартылады.2014 жылдың жаз айларында табиғат аясындағы демалыс түрлерін ұйымдастыру мақсатында Бурабай ауылында «Толағай» шатырлы спорттық лагерінде 500-дей бала демалады. Маралды ауылында орналасқан «Кеңсу» туристік демалыс үйінде ауданның аз қамтылған отбасының 200 баласы демалады.
Жазғы демалысты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 12635,0 мың теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 658 мың теңге, аудандық кәсіподақ ұйымынан 1400,0 мың теңге қаражат қарастырылған және ата-аналардың демеушілігімен балаларға демалыс ұйымдастырылады. Ал, 2013 жылы балалардың сауықтырылуына жергілікті бюджеттен 6290,0 мың теңге және аудандық кәсіподақ ұйымынан 2010,0,0 мың теңге жұмсалған.
Сонымен қатар облыстық білім басқармасынан келетін квотаға сәйкес Италиядағы «Эни» лагерінде аз қамтылғын жанұядан шыққан Қарой ОМ 1 баласын және маусым айында Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығына аз қамтылған, көпбалалы, жетім отбасының 10баласын демалуға жіберіледі. Жаз айларында ата-анасының демеушілігімен облыстағы сауықтырулагерьлеріне 45 баланы демалту жоспарлануда.
Облыстық білім басқармасы жаңадан енгізген «Жаз аралығында оқушылар тобымен алмасу» имидждік жобасын іске асыру мақсатында бағдарлама жасалды.
Жыл сайын балалардың туризмнің дамуына көп көңіл бөлінеді. Бұл бағытта жаз айларында 7-10 сынып оқушыларынан туристік топтар құрылып, «Менің Отаным-Қазақстан» бағдарламасы бойынша облыстағы қалалар мен аудандардағы (Семей өңірі және Катон-Қарағай ауданы) тарихи және ескерткіш орындарына саяхатқа 476 бала барып демалып келеді. (2013 жылы - 386бала). Ата-аналар демеушілігімен «Біздің отанымыздың жүрегі-Астана» атты бағдарламамен 66 балаға және жалпыға бірдей білім беру қорынан 5 балаға Астана қаласына саяхат ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, қосымша аудандағы тарихи және ескерткіш орындарындағы өлкетану, экология, патриотизм, спорт бағыттары бойынша экспедициялар, 3 және көп күндік саяхаттар өткізіледі, 2268 бала қамтылады. Аудан мектептерінде оқитын бастауыш сыныптың 1732 оқушысы 3 күндік саяхаттарға шығады.
Жаз айларында балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандығы қосымша білім беру мекемелері және әр мектептерде 143-тен астам үйірмелер (музыка, шахмат, тоғызқұмалақ, компьютер үйрену, спорт) қызмет атқарады, онда 1508 оқушы тартылады. Ауданда орналасқан спортмодульдерде, жасанды және мектеп жанындағы спорт алаңдарында және жаңадан ашылған «Сарытау» спорт кешенінде жаз айларында 1867 бала денсаулықтарын шынықтырады. 22 аулалық кіші футбол командасының 260 оқушысы спорттық кездесулер өткізеді.
Ауданның 3052 оқушысы мектеп ауласын абаттандыруға, жер телімдерінде, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескілерінде жұмыс істейді. Оның ішінде: 23 мектептегі өндірістік бригадаларға 642 бала тартылады. Ұрынхай, Маралды, Төсқайың, Үшбұлақ ауылдарындағы 96 мектеп оқушысы орман шаруашылығына көмектеседі.
Жаз айларында балалар толық сауықтырумен және демалыспен қамтылып, еңбекке тартылады, ол 100 пайызды құрайды.
11. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы ауданда оң шешімін тапқан. 4612 оқушы 100 пайыз ыстық тамақпен толық қамтылған, оның ішінде, аз қамтылған жанұя балаларының саны – 1491, 1- 4 сыныптарда оқитын оқушылардың саны-1775, оның аз қамтылғандар саны- 572, 5- 11 сыныптарда оқитын оқушылардың саны- 2837, оның аз қамтылғандар саны- 919. Жыл көлемінде - 2694 оқушы тегін тамақтанады, оған жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген 49045,0 мың теңгенің ішінде 1- 4 сынып оқушыларының тамақтануына - 17765.0 мың теңге, аз қамтылған отбасы балаларына- 31280.0 мың теңге бөлінген. 6660.0 мың теңге сүтке, 7923.0 мың теңге балға бөлінген. 1918 оқушы ақылы тамаққа тартылған. 2014 жылға бюджеттік комиссияға бастауыш сынып және аз қамтылған отбасы балаларының тегін ыстық тамақпен қамтылуына 51785,0 мың теңге бөлінген, оның 6937,0 мың теңгесі балға, 3468,0 мың теңге сүтке бөлінген. Мектептерде тетрапакеттегі сүт, айран пайдаланылады. Аудан оқушыларының 1-4 сыныптарына күніне 10 грамм, ал 5-11 сынып оқушыларына 20 грамнан қалбырланған бал, аптасына үш рет 200 грамнан сүт беріледі. Балға Маралды ауылындағы жеке кәсіпкер Л. Какимовамен келісім-шарт жасалынған. Тамақ рационында ет, сүт, көкөністер, каша, компот, кисель, сүт, ақ нан, сары май, пісірілген жұмыртқа, дәрумендік өнімдердің болуы барлық мектеп басшыларының басты назарларында. Сондай-ақ мектептегі мұғалімдер мен қамту қызметкерлеріне қажеттілігіне қарай ақылы ыстық тамақ ішу жұмысы ұйымдастырылды. Мектеп асханалары қажетті технологиялық жабдықтармен толық жабдықталған.
Аудандағы барлық мектептерге 43 аспаз штаты берілген. Мектеп аспазшыларының арнаулы білімдері бар, курстардан өткізілген. Жалға берілген асханалар жоқ. Мектеп асханаларында санитарлық заңнама талаптарына сай сәйкестендіру жұмыстары жүргізілген.
Аудандық спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша. 2013-2014 оқу жылындағы облыстық жарыстардағы жетістіктер хоккей Жұлдызша 1- орын, шаңғы 3- орын, 7- облыстық жазғы спартакиадасында волейбол қыздар 2- орын , ұлдар 2- орын. Облыстық жаға жай волейбол жарысында ұлар арасында 1-орын.
Достарыңызбен бөлісу: |