Білім беруді ақпараттандыру және қОҒамның дамуы. Қожамқұлова Ж. Ж



Дата29.06.2016
өлшемі103.01 Kb.
#165939
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ.
Қожамқұлова Ж.Ж.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің

«Ақпараттық жүйелерді оқыту» кафедрасының қауымд.проф.м.а. ф.-м.ғ.к., Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.ekozhaz_@mail.ru
Дүйсенова Н.Б.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің

«Ақпараттық жүйелерді оқыту» кафедрасының магистр, оқытушысы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы. duisenovanur@mail.ru
Чанбаева М.Қ.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің

«Ақпараттық жүйелерді оқыту» кафедрасының магистр, аға оқытушысы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы. chmoldir_79@mail.ru
Білімді ақпараттандыру мен ақпараттық қоғамның дамуы тығыз байланысты екендігі айқын бола бастады. Бір жағынан, ақпараттық қоғамның қалыптасуы білім қызметінің барлық саласына ақпараттық технологиялардың ену үрдістеріне елеулі әсер етсе, екінші жағынан, білімді ақпараттандыру қоғам мүшелерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, оны ақпараттандыруға мүмкіндік жасайды. Қоғамды ақпараттандыру қазіргі әлеуметтік прогресс заңдылықтарының бірі болып саналады. Бұл термин осыған дейін жиі қолданылған “қоғамды компьютерлендіру” сөзін ығыстыра бастады. Бұлардын ұқсастығы болғанымен әжептеуір айырмасы бар. Қоғамды компьютерлендіру кезінде компьютерлердің техникалық базасын күшейтуге көніл бөлінсе, ақпараттандыру кезінде адамның барлық қызмет салаларында компьютерлерді пайдалану арқылы ақпаратты өндеу жұмыстарында кешендік шаралар жүзеге асырылды.

Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:

-білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;

-ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;

-үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;

-үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.

Кейбір ақпараттандыру құралдары, электрондық анықтамалықтар, энциклопедиялар, Интернет-порталдар беретін ақпараттың орасан зор көлемі де оқу үдерісінде назарды алаңдаттыруы мүмкін. XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.

«Ақпараттандыру» ұғымының біршама кеңірек анықтамасын академик А. П. Ершов өз жариялымдарында берді. Ол, «ақпараттандыру – адамзат қызметінің барлық қоғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы, жеткілікті және уақтылы білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені» деп жазды. Оның үстіне А. П. Ершов ақпарат «қоғамның табысты даму қабылеттілігіне көп жағынан алғы шарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық ресурсы» болып табылатындығын атап өтті.

Білім беруді ақпарттандырудың маңызды факторы Интернетпен жұмыс жасау қабілеті. Білімді ақпараттандыру дәстүрлі информатика оқу курсын, басқа пәндерді оқытуда қолданылатын ақпараттандыру әдістерін, технологиялары мен құралдарын қайта қарастыруды талап етеді. Информатиканың әдістері мен құралдары көмегімен болашақ маман қандай ақпараттық ресурстар, олар қай жерде бар, оларға кіру мүмкіндігі қалай және оларды өзінің кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мақсаттарына қалай пайдалануына болады деген сұрақтарға жауап алуды үйренуі тиіс.

Білімді ақпараттандырудың тағы бір бағыты білімді ақпараттандыру технологиялары мен құралдарын жасау мен қолдану бойынша білікті мамандар дайындау болып табылады. Білімді ақпараттандырудың екі негізгі мақсаты бар. Біріншісі – білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру. Ал екіншісі - ақпараттық қоғамда адамды өмірге қатыстырудан, ақпараттық технологияларды кәсіби қызмет пен күнделікті өмірге пайдаланудан тұратын білімді ақпаратандыру айтамыз. Ақпараттық және телеқатынастық технологияларды пайдалану олардың деңгейін тек сапалы түрде көтеріп қана қоймай, сонымен қатар бітірушілер кәсіпкерлігінің артуына да әсер ететіндігі баршаға мәлім. Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз: оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы; есептегіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі; мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін толықтай өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды ұдайы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Ақпараттық технологиятехнологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық-техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл үрдісті icкe асыруда негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Ақпаратық технологияларды қазіргі білім жүйесінің әр түрлі саласына ендіру барынша ауқымды және кешенді сипат алуда. Білімге мультимедиа құралдарын енгізу тың мүмкіншіліктер туғызады. Қашықтан оқыту, мультимедиа құрамдарының дамуы оқушының білім алуын, олардың белсенділігін арттырады.Арнайы бағдарламалар арқылы, мысалы, Power Point арқылы оқушылар мен студенттердің пәнге деген қызығуын туғызуға болады, яғни түрлі фотосуреттер көрсетіп, қосымша материалдар үшін интернетке сілтеме жасайды.

Телекоммуникациялық құралдарын пайдалану оқу үрдісінде жаңа құбылыс болып табылады. Компьютерлік телекоммуникациялардың осы заманғы жүйесі физика бойынша өткізілетін, әр аймақ оқушылары қатыса алатын оқу жобаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологиялар саласындағы айқын прогресс ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарда «ақпараттық қоғам» атауының пайда болуына әкелді. Кейбір ғалымдар ақпараттық қоғам деп ондағы өндірістің басты өнімі мағлұматтар (білім) болып табылатын қоғамды түсінеді. Ақпараттық қоғамның қалыптасу тарихы ақпараттандыруға байланысты адам қызметінің жаңа түрлерінің туындауы мен дамуы тарихын қамтиды. Соңғы жылдары қоғамда компьютерлік техника мен ақпаратты өңдеу үдерістері (операторлар, программистер, жүйелі аналитиктер, жобалаушылар және т.т.) бойынша, сонымен қоса консультациялық, ғылыми-ақпараттық, тағы соған ұқсас қызметтер көрсетуге байланысты адамдардың арнайы кәсіби топтары пайда болды. Әлбетте, жаңа ғылыми және кәсіби бағыттардың пайда болуы мамандар дайындаудың арнайы, қоғамды сәйкес ақпараттандыру кезеңінің шынайлылығына оқытудың мазмұны ғана емес, сонымен қатар әдістері мен құралдары да сай болуы тиіс жүйесін талап етеді.

Ел басының жолдауында мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру, жаңа ақпараттық техналогиялармен жұмыс істеуді үйрету, жаппай ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін делінген. Ақпараттық технологияларды пайдалану әкімшілік қызметтің жақсаруына, басқарудағы және ғылыми зерттеулерді қолдауға, оқу үрдісі шеңберін кеңейтуге, оқушылардың дербес қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарттық қоғам – бұл саяси, әлеуметтік-экономикалық, қоғамның әрбір мүшесінің кез келген ақпарат көзіне еркін ену қабілетін қамтамасыз ететін ғылыми факторлардың өзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық қоғамның негiзгi талабы - оқушыларға ақпараттық бiлiм негiздерiн беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ақпараттық технологияны өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейiмдеу.

Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдануда мына факторлар ескерілуі керек:



  • материалдық-техникалық база;

  • қолданбалы программалық құралдардың мектеп пәндері бойынша бар болуы;

  • мұғалімнің ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетінің қалыптасу деңгейі;

  • мультимедиялық электрондық оқулықтардың мазмұндық сапасының анықталуы;

  • оқушылардың білім сапасына ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерінің әсері.

Аталған факторларды ескере отырып, кез келген мұғалім өзінің кәсіби шеберлігіне ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдана алатындай деңгейде болуы тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың мақсаты: бiлiм беру

саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және

ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен

сабақтастыру.



Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың міндеттері:

- ақпараттық және телекоммуникациялық

техникалық құралдармен

қамтамасыз ету;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың мүмкіндіктерін айқындайтын практикалық

шараларды анықтап, жүзеге

асыру;

- оқу-тәрбие процесiне жаңа



ақпараттық технологияны енгiзудi

қамтамасыз ету бойынша ғылыми

-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк

жұмыстарын жүргiзу;

- мектеп пәндерi бойынша жасақталатын

жалпыға мiндеттi бiлiм

стандарттарының және оқу-әдiстемелiк

кешендерiнiң мазмұнын ақапараттық

технологияны пайдалану

мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм

берудi басқаруда ақпараттық

жүйенi құру;

- бiлiм беру мекемелерiнiң

қызметкерлерi үшiн программалық-

техникалық құралдарды қамтамасыз

ету және мультимедиялық

программаларды, электрондық

оқулықтарды жасақтау;

- педагог кадрларды жаңа ақпараттық

технологияны өз қызметтерiне еркiн

пайдалана бiлуге дайындау және

жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн

көтеру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың негізгі қағидалары:

-оқыту мен тәрбиелеудiң

жылдамдығы

(интенсификация) ;

-бiлiм мен тәрбиенiң

бiрiздiлiгi;

-қоғамның әрбiр мүшесi үшiн

алынатын бiлiмдер мен

мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;

-жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық

қабiлеттерiн дамыту;

-жалпы компьютерлік сауаттылық;

-модульдігі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдану жағдайында күтілетін нәтижелер:

-ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

-ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісіне енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;

-ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;

-біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

-мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

-отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

-білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;

-республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқарудың ақпараттық желісін құру.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi". Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау үрдісі. Бұл үрдістің күрделiлiгi сонда - ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

Ағартушы Д. Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек». Сондықтан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісіне жан-жақты пайдала білуіміз керек. Ал оны пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек.


Әдебиеттер:

1. Білім сапасын бағдарлаудың ұлттық жүйесі :стратегия , технология және проблемалар. Тараз 2003 ж.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

3. Дебердяева Т.Х. Новые ценности образования в условиях информационного общества//Инновации в образовании. 3-2005.

4. Д.Ш.Матрос, Д.М.Полев,Н.Н.Мельникова.Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33 бб.5. М.В.Лебедева,О.Н.Шилова. Что такое ИКТ – компетентность студентов педагогического университета и как еë формировать. Информатика и образование; 2004; №3; 96 - 100 бб.

5. Р.Р.Камалов, И.Ю.Хлобыстова, А.А.Тутолмин. От информационной компетентности к формированию информационной культуры специалиста. Информатика и образование; 2005; №2; 109 - 111 бб.

6. А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер. Повышение квалификации работников образования в области информационно – коммуникационных технологии. Информатика и образование; 2004; №12; 1 - 4 бб.

7.Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Информационно – коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5 - 6 бб.
Түйіндеме.

Мақалада білімді ақпараттандыру мен ақпараттық қоғамның дамуы кезеңдері қарастырылған. Білімді ақпараттандыру қоғам мүшелерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.


Резюме.

В статье рассматриваются этапы развития информации образования и информационного общества в образование. Реализация информационной культуры членов информационно образовательного общества.


Resume.

In the article the stages of development of information of education and informative society are examined in education. Realization of informative culture of members informatively educational society.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет