«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» Астана қаласы 2014 жылғы 22 тамыз



Дата25.02.2016
өлшемі64.5 Kb.
#24710
group 69

ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНІҢ

ҰСЫНЫМДАРЫ



«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»

Астана қаласы 2014 жылғы 22 тамыз

«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты Қазақстан Республикасы білім қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесіне қатысушылар ҰСЫНАДЫ:



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Департаменттері және Комитеттері:

  • білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ тәжірибесін ескере отырып, орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жұмысты жалғастырсын;

  • балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған бағыттар бойынша балаларға қосымша білім беру жүйесін бағдарламалық-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету шараларын қабылдасын;

  • бекітілген кәсіптік стандарттар негізінде модульдік бағдарламаларды, кіріктірілген білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеуді қоса алғанда, кәсіптік-техникалық білім беру мазмұнын жаңарту жұмысын жандандырсын;

  • ҚР ДСӘДМ әзірлеген және ұсынған Бірыңғай кәсіптер жіктеуішінің негізінде Бірыңғай мамандықтар жіктеуішін әзірлесін;

  • педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттар әзірлеу жұмысын ұйымдастырсын;

  • БАҚ-та жастар арасында техникалық және кәсіптік білімнің беделін, тартымдылығын арттыру жұмысын белсендірсін.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, өңірлік Білім басқармалары:

  • кезектілікті дербес есепке алудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру» автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметін енгізуді жылдамдатсын;

  • мектепке дейінгі және мектеп жасындағы барлық баланың инновациялық білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуі үшін жағдай жасасын;

  • 12 жылдық оқыту жүйесін енгізуді сынақтан өткізетін 30 мектепті жарақтандырсын және оларға техникалық жағдай жасасын;

  • ҚР-ның жалпы білім беретін ұйымдарының 10 және 12- сыныптарында 12 жылдық оқытуға көшу бойынша экспериментті жалғастырсын;

  • ұйымдар желісін дамыту және қосымша және орта білім беру жүйесін, ғылым мен өндірісті интеграциялау арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту жұмыстарын жалғастырсын;

  • педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды мақсатты қаржыландыруды қарастырсын;

  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру мақсатында барлық оқу пәндерінің тәрбие контентін күшейтсін. Пәндерді оқыту оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, ұлттық таным мен толеранттылықты дамытуға, құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизмді саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, Қазақстанның этникааралық жағдайларында қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс;

  • балалардың бойында білімді әртүрлі оқу және өмір жағдайларында, қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелерін жақсарту үшін тұлғааралық және әлеуметтік қатынастарда пайдалану дағдысын дамытсын;

  • білім беру ұйымдарының TIMSS-2015, PISA-2015 және PIRLS-2016 мектептік білім беру сапасын бағалаудың негізгі халықаралық зерттеулерге қатысуына дайындықты күшейтсін;

  • 2014-2015 оқу жылынан бастап республиканың 24 білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тереңдетіп интеграциялау моделін әзірлесін;

  • білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында республикадағы шағын жинақты мектептерді жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етсін;

  • эксперименттік мектептерде қамқоршылық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізуді жалғастырсын;

  • инклюзивті білім беру жағдайын қамтамасыз ететін мектептердің үлесін көбейтсін;

  • қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес ата-аналар қауымдастығының рөлін арттырсын;

  • елді мекенде мектеп болмаған жағдайда оқушыларды жақын жердегі оқу орнына және кері тегін тасымалдау бойынша кент, ауыл (село), ауылдық округ әкімі құзыреттерінің заңнамалық нормативін іске асыруды қамтамасыз етсін;

  • дуальді оқыту жүйесі бойынша Жол картасын іске асыруды жүзеге асырсын;

  • ТжКБ жүйесінде кадрлар даярлауға қатысатын кәсіпорындарды ынталандыру және көтермелеу шараларын анықтасын;

  • өндірісте тағылымдамадан өткізе отырып, инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру шараларын қабылдасын;

  • тәлімгерлік мектептерін құру бойынша жұмысты жалғастырсын;

  • мемлекеттік колледждерді компанияларға, оның ішінде шетелдік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру бойынша шаралар қабылдасын;

  • білікті жұмысшы кадрлардың жетіспеуінің орнын толтыру мақсатында кәсіптік және техникалық білімді мамандар даярлау жүйесіне талдау жасасын және оларды қайта қарасын;

  • ТжКБ оқу орындарында инновациялық оқыту принциптері мен мазмұнын енгізу үшін жағдай жасасын;

  • кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру оқу бағдарламалары арқылы білікті кадрлар даярлау сапасын арттырсын;

  • бірнеше біліктілік беру арқылы мамандар даярлау бейінін кеңейтсін;

  • студенттер мен оқытушылардың қолданбалы зерттеу жұмысын дамытуды қамтамасыз етсін;

  • жас мамандарды педагогикалық қызметке бейімдеу кезеңінде консультативтік қолдауды және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етсін;

  • техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары білім алушыларды өндіріс объектілерінде қауіпсіздік пен қорғаныс бойынша қажетті рұқсаттармен, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында білім беру оқу бағдарламаларына қосымша модульдерді қосуды қарастырсын.


Өңірлік әдістемелік кабинеттерге:

  • кәсіптік қиындықтарды болдырмау бойынша педагогикалық ұжымға тиісті консультациялық қолдау көрсету;

  • білім алушылардың білім жетістіктерін сырттай бағалау қорытындылары бойынша бірнеше жыл бойы табысты нәтижелер көрсетіп жүрген мектептердің базасында мұғалімдерді кәсіби тағылымдамадан өткізу практикасын енгізу;

  • оқу жетістіктері төмен оқушыларды жеке алып жүру бойынша мектептегі әдістемелік бірлестіктердің жұмысын күшейту;

  • оқушыларды оқуға ынталандыруға ықпал ететін тиімді білім беру технологияларын қолдануды жандандыру ұсынылады.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РҒПО, «Оқулық» РҒПО:

- мектепке дейінгі оқытудан бастауыш мектепке көшу кезеңінде оқу бағдарламаларының, оқу-әдістемелік кешендердің және оқыту әдістемелерінің сабақтастығын қамтамасыз етсін;

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту жүйесінде балаларды ерте дамытудың тұжырымдамалық негіздерін әзірлесін;

- TIMSS, PISA және PIRLS мектептік білім беру сапасын бағалаудың халықаралық зерттеулерін ескере отырып оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді жүзеге асырсын;

- қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды оқу процесіне енгізу бойынша әдістемелік қолдау көрсетсін;

- 12 жылдық оқыту моделі режимінде жұмыс істейтін эксперименттік мектептердің нәтижелерін жалпыласын.



Педагогикалық ЖОО-лар және Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА:

  • мектеп пәндерін оқыту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүргізсін.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ:

  • мұғалімдер үшін деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарын жалғастырсын.

«Кәсіпқор» холдингі:

  • ТжКБ оқу орындарына үздік әлемдік тәжірибені енгізу арқылы техникалық және кәсіптік білімнің беделін көтеруді қамтамасыз етсін;

  • қабілетті жас кадрларды анықтау үшін World Skills шеңберінде техникалық мамандықтар бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар өткізу практикасын жалғастырсын;

  • халықаралық әріптестермен бірлесіп, оқытушылардың, менеджерлердің, өндірістік оқыту шеберлерінің ТжКБ-ны жаңғырту шеңберінде инновациялық технологияларды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстарын жандандырсын.

Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы:

  • жұмыс берушілерді біліктілікті беру жүйесіне тарту жұмысын ұйымдастырсын;

  • еңбек нарығының кадрларға қажеттілігін болжауды және талдауды ұсынсын;

  • ТжКБ мазмұнын дамыту жүйесін жетілдірсін;

  • бизнеспен әріптестікте бітірушілердің кәсіби даярлық деңгейін бағалау тетігінің жаңа моделін дайындасын;

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп:

  1. дуальді оқыту жүйесінің Жол картасын іске асыру бойынша барлық салалардағы жұмысты ұйымдастырсын;

  2. жұмыс берушілердің кәсіпорындарға кәсіптік стандарттарды енгізу жұмысын ұйымдастырсын;

  3. колледждермен бірлесіп, кәсіпорындар жанында оқу орталықтарының желісін дамыту бойынша ұсынымдамалар әзірлесін;

  4. ТжКБ кадрларын даярлау үшін тиімді жағдай жасау процесіне қаражат (жер қойнауын пайдаланушылардан) тартуды жандандырсын.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет