«Ұлы жеңіс -жасасын» 2021-2022 оқу жылы Тақырыбы: «Ұлы жеңіс -жасасын»



Дата28.05.2024
өлшемі24.52 Kb.
#502021
«Ұлы жеңіс -жасасын»


« Бекітемін »
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары____________Тапаев А


Сынып сағаты
Сыныбы:5«Д»
Сынып жетекшісі:Мамбетова Айгүл
Тақырыбы:«Ұлы жеңіс -жасасын»


2021-2022 оқу жылы
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс -жасасын»
Мерекелік іс-шараның мақсаты:
Оқушыларды өз Отанын сүюге, республикамыздың саясатын қолдауға,әділдікке, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, портреттер, видеороликтер
1- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ардагерлер, оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!
1-оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп
Қырғын соғыс басталған.
2-оқушы:
1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.
Бірінен соң бірі Европа елдерін бағындыра отырып, Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің тарихымызда бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі.
3оқушы:
Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.
Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды.
«Бәрі де Майдан үшін» деген ұран тастады. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
Отан ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
«Қара бұлтты қақ жарайық !»-деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
ВИДЕО РОЛИКпен таныстыру.
«Катюша» биі
4-оқушы:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік,
Жеңіс келді, алақай!
Тойып жейтін нан болып!
5-оқушы:
Айтып болды дүние талай әнді,
Аспан жүзін таң алды арай алды.
Жетсек деген арманға жетті-дағы,
Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.
6-оқушы1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
7-оқушыИә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.
8-оқушы70 жыл — бейбір көктем таі атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
Мұғалім: Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында беделі асқақтап, биік шыңдардан көріне білді.
Жауынгерлеріміздің бірлігі, асқақ рухы арқасында Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті.
Хормен: «Ұлы Жеңіс жасасын!»
хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
7- оқушы:

Сөзімізді Мұхтар Әуезов ағамыздың сөзімен түйіндейік: Біз күреспен алған бостандығымызды, еңбек сіңірген жерімізді, өзіміз орнатқан бақытты өмірімізді, озғын мәдениетімізді бүкіл езілген жанның көзін тіккен шаруашылығындай ұлы Отанымызды аянбай қорғаймыз. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет