«Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»



Дата23.02.2016
өлшемі130.81 Kb.
#6233
«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің,

қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»
Құрметті Алик Серікұлы, Бижан Құрманғалиқызы!

Қадірлі әріптестер!


Бүгінгі салтанатты жиын – облыс мұғалімдерінің Тамыз кеңесіне кош келдіңіздер!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында «сапалы білім беру – Қазақстан дамуының негізі болуы», «өмір бойы білім алу» қағидаларын жүзеге асыру міндеттерін қоя отырып, «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деп атап көрсетті. Бұл жүктелген міндет, маңызды тапсырма ең алдымен, біздерге – білім саласы қызметкерлеріне арналады және оны орындау барлығымыздың белсенді қызметімізге байланысты болмақ. Бұл маңызды тапсырма - білім беру жүйесінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетекші рөлін тағы да айқындай түседі. Сондықтан, жүктелген міндетті жүзеге асырудағы, білім берудің барлық сатысында білім сапасын арттыру бағытындағы Маңғыстау облысында атқарылған бірқатар ауқымды істерге тоқталсам.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары:

Бүгінгі таңда облыстағы 149 мемлекеттік, 50 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда (барлығы – 199) 28217 бала тәрбиеленуде. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды МДҰ-мен қамту 42,6%, 3 пен 6 жас – 72,4%, мектепалды даярлық пен бастауыш сыныптағыларды қоса есептегенде - 82% құрайды.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым барлық мектепке дейінгі ұйымдардың 25,1%-н құрап отыр. Яғни, бұл әрбір 4-ші мектепке дейінгі ұйым – жекеменшік деген сөз. 3931 бала, немесе барлық мектепке дейінгі ұйымға баратын баланың 14 %-ы, яғни әрбір 7-ші бала жекеменшік балабақшаға барып жүр деген сөз.

2013 жылы 1825 орындық 14 мектепке дейінгі ұйым ашылды (құрылыс есебінен – 8, 2 – шағын орталық, 4 – жекеменшік).

Ағымдағы жылы 1884 орындық 15 МДҰ іске қосылды (құрылыс есебінен – 4, кері қайтару есебінен – 2, жекеменшік – 6, тұрғын үйдің 1 қабатынан – 1, қайта жарақтау – 2). Жыл соңына дейін 815 орындық 11 МДҰ іске қосылады деп жоспарлануда.

Облыста жыл сайын 18 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Сондықтан, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту әлі де өзекті мәселе болып қалуда.

2014 жылы балабақша кезегінде 33394 бала болса, оның ішінде Ақтау қаласында – 13120 (39,2%), Жаңаөзен қаласында – 8010 (23,9%), Мұнайлы ауданында – 6171 (18,5%) бала кезекте тұр. Осыдан, облыс орталығында балабақшаға деген сұраныстың үлес салмағы ең жоғары екендігін көреміз және ол жылдан жылға азаяр емес.

2014 жылы жергілікті бюджет есебінен 10 балабақша құрылысын бастау қаралды. Республикалық бюджеттен 1 балабақша құрылысы жүруде (Мұнайлы ауданы), Жаңаөзен қаласында 4 балабақша құрылысы басталды.


Жалпы білім беретін мектептер:

Облыс бойынша жыл сайын жалпы білім беретін мектептердің желісі өсуде.

Өткен 2013-2014 оқу жылында 102143 оқушыны қамтыған 139 жалпы білім беретін мектеп болды, оның ішінде 129 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп, 5 кешкі мектеп, 4 жекеменшік мектеп, 1 девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернат (2012-2013 ож- 133 мектеп, 98344оқушы) жұмыс жасады,

Облыс әкімдігінің, Министрліктің үлкен қолдауының арқасында өткен оқу жылында 10 мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылды (Бейнеу -1, Жаңаөзен – 2, Қарақия - 2, Мұнайлы – 5).

Жаңа 2014-2015 оқу жылының 1-қыркүйегінде Маңғыстау ауданы С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат, Қарақия ауданы Құрық селосында тубвиражды балаларға арналған 300 орындық мектеп-интернат 75 орындық балабақшасымен (инвесторлар есебінен) іске қосылып, оқушы қабылдағалы отыр.

Жыл соңына дейін тағы да 2 мектептің: Түпқараған ауданы Ақшұқыр селосында 960 орындық орта мектеп пен Жаңаөзен қаласы Мерей шағынауданында 1200 орындық орта мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда.

2014 жылы республикалық бюджет есебінен Мұнайлы ауданы Атамекен селосында 1200 орынды орта мектептің, Қарақия ауданында апатты жағдайдағы 2 мектептің (Құланды орта мектебі мен №5 орта мектептің) құрылысы басталды.

Жаңа мектептердің іске қосылуына байланысты 2013-2014 оқу жылында үш мектепте (Бейнеу ауданы Манашы орта мектебі, Мұнайлы ауданы №3 орта мектеп, Жаңаөзен қаласы №14 орта мектеп) үш ауысымда оқыту тоқтатылды. Алайда, тағы 3 мектепте 3 ауысыммен оқу сақталып қалды (Бейнеу ауданы Атамекен орта мектебі, Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов атындағы және Е.Өмірбаев атындағы орта мектептерінде).

Аталған мәселені шешу бағытында жергілікті бюджет есебінен Бейнеу ауданы Атамекен және Күйкен орта мектептеріне әрқайсысы 175 орындық қосымша құрылыс салынуда, 1-қыркүйекте қолданысқа беріледі. Дегенмен, ол Бейнеу ауданындағы үш ауысым мәселесін толық шешпейді.

Сондықтан, Бейнеу селосында 900 орындық орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектептің құрылысы аяқталуда (2014 жылдың қыркүйегінде іске қосылады), Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында ағымдағы жылы жер қойнауын пайдаланушылар есебінен 120 орындық жатақханасымен 550 орындық мектеп-интернат құрылысы басталды.

2015-2017 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізбесіне республикалық бюджеттен әрқайсысы 900 орындықтан 3 мектеп құрылысы енгізілді (Бейнеу селосында – 1, Жаңаөзен қаласында – 2).

Дегенмен де, оқушы санының артуына байланысты 2014-2015 оқу жылында Мұнайлы ауданында үш ауысымды оқыту туындау қаупі бар.
Оқулықпен қамтамасыз ету

2014 жылға оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге 371117,257 мың теңге қаржы бөлінді (2013 жылы - 365 519,0 мың. тенге). Қайта басылып шыққан оқулықтармен қамту 100% құрайды. Алайда кейбір аудандарда ішкі және сыртқы миграцияның есебінен оқулықтар жетпей қалуы да мүмкін.


Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту

24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында мамандарды дайындау 115 мамандық бойынша жүзеге асырылады.

2014 жылы әлеуметтік серіктестіктер – кәсіпорындармен келісімшарттар саны 590-ға жетті, бұл колледж студенттерінің 100% өндірістік тәжірибеден өтуін қамтамасыз етеді.

2013 жылы 4919 маман бітіріп шықты (оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 2684 адам). Оның ішінде жұмысқа орналасқаны 2780 адам (56,4%) (оның мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығаны - 1589 (59,2%). 1069 адам жұмысқа орналаса алмаған. Түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін қала және аудан әкімдіктеріне жыл сайын ақпарлама жолданады. Бұл әлі де өзекті мәселе болып отыр.

2014 жылы 4946 маман бітіріп отыр, оларды жұмыспен қамту бойынша шаралар алынуда. Бүгінгі таңда 2616 маман (53%) жұмысқа орналасты.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру

Облыстағы 11 арнайы білім ұйымында (2 облыстық, аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ( Ақтау, Жаңаөзен), оңалту орталығы (Жаңаөзен қаласы), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (Маңғыстау, Бейнеу аудандары), 5 арнайы (түзету) білім беру мекемелері (А(т)МБ №1,2,4,5, А(т)М №3) және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп – интернаты) дамуында әртүрлі бұзылушылықтары бар мүмкіндіктері шектеулі 738 балаға медициналық көмек беріліп, білім алады.

Сонымен бірге, жалпы білім беретін 16 мектепте 24 арнаулы сыныптар ашылып, онда 122 бала тәрбиеленеді. Ақтау қаласында №16 мектепке дейінгі арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының аумағын кеңейту мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған құрамында 3 тобы бар аралас бабалабақша ашылды.

Алдағы жылдары мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылатын болады.
Педагогикалық кадрлар

Облыстағы білім беру ұйымдарында барлығы 13135 мұғалім қызмет етеді, олардың ауылдық жердегісі – 7088. Барлық мұғалімнің 3021-і балабақшаларда, 8721-і мектептерде, 1393-і колледждерде еңбек етеді. Жоғары және бірінші санаттысы – 5589 (42,5%).

Мектепке дейінгі ұйымдарға кадр жетіспеушілігі мәселесі шешімін табуда (2013-2014 оқу жылында – 72 маман). Ағымдағы жылы Маңғыстау гуманитарлық колледжі мен Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледжін 92 маман тәрбиеші мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Облыс мектептері үшін негізінен математика, физика, қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалімдер жетіспейді.


Уважаемые коллеги!

Тема нынешней педагогической конференции «Инновационная стратегия образования как фактор устойчивого государства, общества и личности» дает нам широкую возможность делиться мыслями о позитивных изменениях и достижениях, о предстоящей работе в системе образования.

Мы взялись за ряд системных и плановых работ с целью обновления содержания образования, повышения квалификации педагогов, внесения инновационного подхода в учебно-воспитательный процесс школ:

В процесс обучения и воспитания в дошкольных образовательных организациях области внедрены 5 республиканских программ.

В области функционируют 8 лицеев, 7 гимназий с контингентом 7984 учащихся. В 49 школах имеются гимназические и лицейские классы, так же в 73 школах различные предметы изчаются углубленно.

В 17 школах проводятся экспериментальные работы, в том числе в специализированной физико-математической школе №11 города Актау-4 эксперимента. И это показывает стремление администрации и всего педагогического коллектива школы к новаторству, о широкой возможности и ответственности учителей.

С целью пропагандирования передового опыта работы крупной инновации в республике - «Назарбаев интеллектуальная школа» работает две базовые школы.

Школы области оснащены кабинетами новой модификации: физики-74 (58.7%), химии-71 (56,3%), биологии -87(69%), мултимедийно-лингофонными кабинетами-113 (89,7%) школ.

Начиная с 2011 года за счет республиканского бюджета были приобретены 25 мультимедийно-лингафонных кабинетов, 50 (25+25) кабинетов химии. В текущем году приобретаются дополнительно 8 кабинетов химии.

С целью обновления компьютерного парка на 3 года из местного бюджета запланировано 650 млн.тенге. В прошлом и текущем годах приобретены 224 компьютерных кабинетов на 250 млн. тенге. Работа продолжится и в 2015 году.

На сегодняшний день 122 школ (95,3%) подключены к широкополосному Интернету, 45 организаций образования подключены к системе электронного обучения. В новом учебном году их число увеличится еще на 15 школ и 6 колледжей. Доля школ, оснащенных интерактивными досками составляет 93 %.

В 8 колледжах по 11 специальностям с охватом 318 студентов организованы экспериментальные площадки дуальной системы обучения. В новом учебном году еще в 8 колледжах по 8 специальностям 219 студентов будут обучаться по данной системе.

По специальным предметам по направлению инновационного образования в колледжах области разработаны и распространены на областном уровне 21 электронные учебники на государственном языке.

Согласно поручению Акима области, начиная со второго полугодия прошлого учебного года во всех колледжах дополнительно изучается английский язык,а в 3-х колледжах в пилотном режиме – китайский язык (МПТК, МГК, МКТ).



Качество образования напрямую связано с качеством работы педагогов. По поручению Главы государства с 2012 года основательно изменилась система повышения квалификации педагогов.

Она претворяется в жизнь Назарбаев Интеллектуальными школами и национальным центром повышения квалификации «Өрлеу» на основе мирового опыта.

За последние 3 года по данной программе (программа Кембриджского университета) трехуровневые курсы повышения квалификации прошли 1210 учителей (2013-2014 уч.г. 451 учитель). Также с целью повышения качества корпуса директоров средних школ названные курсы прошли 30 директоров.

20 преподаватели специальных предметов и мастера производственного обучения колледжей прошли курсы повышения кавлификации на международном уровне: в Беларуссии, Германии, Норвегии и Франции.


Мектептен тыс уақытта қосымша білім беру

Облыста 21164 (2012-2013о/ж. – 19950, 2011-2012о/ж. – 19785) баланы қамтыған 14 мектептен тыс ұйым, түрлі бағыттағы 470 үйірме жұмыс жасайды. Бір облыстық, екі аудандық деңгейдегі «Дарын» қосымша білім беру орталықтарында жыл ішінде 1738 оқушы пәндік дайындаудан, олимпиада, ғылыми жобалар байқауына дайындық сатыларынан өтті.

Міне, осындай облыстың білім саласындағы әртүрлі, әр деңгейдегі инновациялық технологияларды қолдану - яғни жаңа типті мектептердегі жаңа мазмұндағы білім технологиялары, қашықтан оқыту, электронды оқулықтар, эксперименттік алаңдар, заманауи техникалық ақпараттық құралдар, жаңа үлгідегі білім ғимараттарының мүмкіндігі, облыс ұстаздарының шығармашылық жұмыстары, түрлі авторлық бағдарламалар мен үздіксіз білім жетілдіру жұмыстарының нәтижесінде оқушыларымыз білім додаларында жоғары деңгейлерден көрініп келеді.

Соңғы 3 оқу жылында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан да, жүлдегер атанған да оқушылар саны көбейіп, жыл сайын республикалық деңгейдегі сайыстарда Маңғыстау облысының командасы «Үздік команда» атанып, алдыңғы үштіктен орын алуда. Бұл жетістіктер жөнінде жаңа бейне баяндаманы тамашалағанда куә болдыңыздар.

Сондықтан, осы сәтті пайдалана отырып, республикалық деңгейде оқушылары жыл сайын жүлдемен оралатын Қазақ-түрік лицейі, Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе лицейі мен Түпқараған ауданындағы №1 лицей ұжымдарына алғысымызды білдіргім келеді. Бұл облыс ұстаздарының еңбегіне, олардың білім сапасына берілген негізгі баға деп түсінемін.

Облыс бойынша биыл мектеп бітіруші 3967 түлектің 2507-і (63%) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты (2013жылы - 59,41%).

ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл биыл 74,5 болды (2013 жылы – 69,4), өткен жылмен салыстырғанда 5,1 балға жоғары. Түлектердің 78%-ы 50 баллдан жоғары, ал 229 түлек 100 және одан жоғары балл жинады (2013ж. – 171). «Алтын белгіге» 74 үміткердің 54,1%-ы өз білімдерін дәлелдеді. 356 түлек білім грантын иеленді, оның ішінде 314-і мемлекеттік грантқа ие болды (2013 жылы – 248 мемл. грант).

ҰБТ-дің қорытындылары бойынша облыс бойынша ең үздік 10 мектеп тізімін Ақтау қаласы экономикалық лицейі 102,4 орта балмен бастап отыр. Үздік ондыққа Ақтау қаласының, №4, №13 гимназиялары, №7 жіне экон.лицей, №11 физика-математика мектептері, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе лицейі, Облыстық қазақ-түрік лицейі, Түпқараған ауданы №1 мектеп-лицейі, Бейнеу ауданы Бейнеу лицейі, Жаңаөзен қаласы Жаңаөзен лицейі еніп отыр.

2013 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша Маңғыстау, Бейнеу аудандары мен Жаңаөзен қаласының төмен нәтиже көрсеткен мектептеріне жыл бойы әдістемелік көмектер көрсетілді. Маңғыстау ауданының білім беру жүйесін кешенді зерделеу жұмыстары жүргізілді, Аудан, қалаларда мектеп басшылары және пән мұғалімдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Осы жұмыс нәтижелі болды деуге негіз бар, биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша Маңғыстау ауданының көрсеткіші 9 баллға, Бейнеу ауданы -7,5 баллға, Жаңаөзен қаласы 6,4 баллға өсті.

Осы жерде Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Педагогика», «Жаратылыстану және гуманитарлық дайындық» факультеттерінің профессорларының, оқытушыларының Ақтау қаласы мектептері мен колледждеріне, Мұнайлы, Түпқараған ауданы мектептеріне жоспарлы әдістемелік көмек – шеберлік сыныптары ұйымдастырғанын баса айтқым келеді. Облыстың білім ұйымдарының жоғарыда аталған жетістіктерге қол жетуіне ықпалын тигізген әдістемелік қызметтері үшін облыс ұстаздары атынан университет ұжымына ризашылығымды білдіремін!

Қадірлі әріптестер!

Табыс өздігінен келмейді, ол ізденудің, тынымсыз еңбектенудің, шебер ұйымдастырудың және креативті ойлаудың нәтижесінде келеді. Қолда бар абыройлы жеңістер мен жетістіктеріміздің баянды да тұрақты болып қалуы Сіз бен біздің ынтымақтаса еңбектенуімізде жатыр. Біз сапалы жұмыс жүргізіп отырған мектептерімізді мақтан тұтамыз. Бүгінгі секция отырыстарында ұстаздарымыздың берген «10 мектеп қызметі» ұсынысын қолдаймын. Нәтижелері төмен мектептерге түрлі бағытта әдістемелік көмек көрсетуге ұсыныс білдірген жоғарыда атап өткен 10 үздік мектеп ұжымдарын жаңа бастамаларымен құттықтай отырып, нәтижелі еңбек етулеріңізге тілектестігімді білдіремін.

Құрметті Алик Серікұлы!

Сіздің тапсырмаңызға сәйкес жетім балалар мен облыстық балалар үйі түлектерін жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі зерттеліп, оны шешу бағытында шаралар алынды.

Атаулы санаттағы білім беру ұйымдарындағы 189 түлекке әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында кәсіпорындармен жиналыстар өткізіліп, мекеме басшыларына тапсырмалар беріліп, іс шаралар жасалды.

Аталған санаттағы балалардың кәмелет жасына толған соң олардың кәсіпорындарда кепілді түрде жұмысқа орналасуы мен жеке меншік тұрғын үй алу мәселелерін ірі кәсіпорындармен бірлесіп шешуді қарастырдық.

Алынған шаралар негізінде 48 түлек кәсіпорындарға (соның ішінде 15 түлек ірі өндіріс мекемелеріне) жұмысқа орналасты.

Тұрғын үйге өте мұқтаж 54 түлек (облыстық балалар үйінің – 35 мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының – 19, барлығы) уақытша Ақтау қаласының 35 шағынауданында орналасқан Әлеуметтік тұрғын үйінен берілген 20 пәтерге орналастырылды.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Ақтау және Жаңаөзен қалалары және Қарақия ауданы бойынша 21 пәтер сатып алу үшін қаражат қарастырылды (Ақтау қ. – 12 пәтер; Жанаөзен қ. – 3 пәтер; Қарақия ауданы – 6 пәтер).

Бұған қосымша 2014-2016 жылдары аралығында қала, аудан әкімдіктерінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан 78 пәтер бөліну жоспарланды.



Уважаемы педагоги!

Главная задача нашей работы - воспитание подрастающего поколения.

В результате вашего труда ученики, освоив новые достижения науки и культуры, овладевая новыми инновационными методами, вооружаясь информационными технологиями, прививая национальные ценности должны стать достоиными гражданами и патриотами своей страны.

Совершенствование образовательного процесса – путь к достижению науки - источнику инновационного развития. Страна может стать конкурентоспособным через воспитание высококачественного образованного поколения - это аксиома, которая не требует доказательств.



Құрметті ұстаздар!

Ендеше жаңа оқу жылында толағай табыстар тілеймін!


Келе жатқан жаңа оқу жылы құтты болсын! 

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет