Жаксылыкова Галия Копжасаровна математика пәнінің І санатты мұғалімі



Дата17.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#205138
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ филиалы



«Жас зияткерлер» математикалық ойыны 6 – сынып



Жаксылыкова Галия Копжасаровна

математика пәнінің І санатты мұғалімі

galiya235@mail.ru



Токсанова Айнагуль Жумабековна

математика пәнінің І санатты мұғалімі

ainagul-aisulu@mail.ru

«Жас зияткерлер» математикалық ойыны.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. «Жас зияткер – 2011» деген лента, оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.

Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде

Жоспары:

1.Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;


2. Логикалық сұрақтар;
3. Homework; /музыкалық үзінді/ 6 «А» сынып
4. Сіріңкелермен ойын;
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер);
6. Сергіту сәті (терминдерді сайысы); /музыкалық үзінді/ 6 «В» сынып

7. Полиглот;

8. Топ басшылар сайысы // жанкүйерлер сайысы.
Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”

Н.Ә.Назарбаев

2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

Р.Бэкон


Барысы:

Болат А.: Құрметті оқушылар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайық: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерін күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады

.



1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.



2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.



1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.



2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.



1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.
1. Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай
2. Логикалық сұрақтар. Жүргізушілер кезекпен сұрақтар қояды.

- 1 жүргізуші: Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді.

- 2 жүргізуші: әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.

1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).

2) Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин).

3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).

4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).

5) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей).

6) Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).

7) Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).

8) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

9) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).

10) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).
3. Homework. 5 ұпай

- 1 жүргізуші: Әр командаға үй тапсырмасы ретінде ребус берілген. Соның шешімдерін тексереміз.



/музыкалық үзінді/ 6 «А» сынып



4. Сіріңкелермен ойын. әр тапсырмаға - 5 ұпай

Үйшік. Сіріңкелерден үйшік салынған. Сіріңкелерді ауыстырғанда үйшік басқа жағынан көріну керек.

Шаян. Үш сіріңке ауыстырғанда шаян төмен қарай жүру керек.





5. Ойымды жалғастыр. (мақал-мәтелдер);

1 – жүргізуші: топтар кезекпен жауап береді.

2 – жүргізуші: әр дұрыс жауабы топка 1 ұпай әкеледі.

1. Жеті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім іл.)


2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді)
6. Сергіту сәті. (терминдер сайысы);

1 – жүргізуші:

А . Ш. П. К. С. Әріптерінен біреуін таңдап алып математикалық сөздерді жазады.

2 – жүргізуші: Әр терминге – 1 ұпай.

/музыкалық үзінді/ 6 «В» сынып

7. Полиглот.

1 – жүргізуші: Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.

Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер – окружность - circle)

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш - линейка - ruler)

Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді

Шықан тегін білсе де.

(түзу - прямая - line)

Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.

(циркуль – циркуль - сircle)

Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай?

(натурал сан – натуральное число – natural number)

Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

(цифрлар – цифры - figure)



8. Топ басшылар сайысы. // сонымен қатар жанкүйерлер сайысы.
Пантомима /теріс сан және бөлшек ұғымдарын іс-қимылмен көрсету/

/циркуль және процент ұғымдарын іс-қимылмен көрсету /



Жанкүйерлерге сұрақтар:

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Мұғалім: Жас зияткер жан-жақты дамыған: білімді де, өнерлі де тұлға болуы тиіс. Қазір біз, 6 сынып оқушылары, «Қара жорға» биін қалай билейтінін тамашалайық.





Қорытынды.

Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Удивительный мир чисел, Кордемский Б.А. Москва, «Просвещение», 1995

  2. Дидактические игры на уроках математики, В. Г. Коваленко, Москва, «Просвещение», 1990

  3. 555 олимпиадных и занимательных задач по математике 5-11 классы, Балаян Э. Н. «Феникс», Ростов-на-Дону, 2009

  4. «Математика және физика» журналдары, 2006-2010 жылдары

  5. Математические кружки в школе 5-8 классы, Фарков А. В., «Айрис-пресс», 2008

  6. Интернет ресурстары.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет