Білім беруді ізгілендіру



Дата09.06.2016
өлшемі55 Kb.
#123888
БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУ-

ТҰЛҒАЛЫҚ –БАҒДАРЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ.
Сембі Жансая Хасанқызы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру» тұжырымдамасында» (1996ж.) және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетке көтеруін көздейді.

Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Гуманизмнің негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.

Мектеп оқушыларына ізгілік тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий, С.Л.Рубинштейн, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Л.И.Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.

Тәрбие бағыттары және тәрбие үдерісінде этнопедагогикалық оқу материалдарын пайдалануды негіздеу, жүзеге асыру жұмыстары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Л.К.Керимов, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ж.Р.Баширова, Ә.Табылдиев, Р.Дүйсембінова,

А.Қаплиева, С.Байсарина, Ш.Майғаранова, Р.Ибрагимов және т.б. педагог-ғалымдар тарапынан жүзеге асырылды.

Өсіп келе жатқан кейінгі ұрпақты мәдениетті, парасатты, білікті, көргенді, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мән беру, ұлттық намысы жоғары ұлтжанды өкілдерді тәрбиелеу ісі ұстаздарымыздың еншісінде екендігі айқын десек те, бұл міндеттердің өмірлік практикада толық мәнді жүзеге асырылмай жататыны да белгілі. Олай дейтініміздің бір себебі, мектеп мұғалімдері мәртебесінің өз дәрежесінде қоғамдық ортадан көрініс таппауы.

Қазіргі кезде білімнің беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың мәртебесі құнсызданып отырған жағдайда А.А.Бейсенбаева бұл гуманитарлық мәселені шешудегі негізгі тұлға – мұғалімге үлкен мән береді және «Себебі білім беруді гуманитарландыруда педагог маманның мәртебесін көтеру елімізді өркениетті мемлекеттер деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз» - деп біледі. Педагог-ғалымның бұл пікірі құптарлық ой десек те, оның қамтамасыз етілуі бірқатар зерттеулердің, жұмыстардың атқарылуын талап етеді.

Педагогикалық жүйеде педагогтың атқарар рөлі, алатын орны өте жоғары екендігі белгілі. Ол жөнінде қазақ ағартушылары және жазушы педагогтары Ы.Алтынсариннің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың және басқалардың айтқан пікірлерінің мәні өте зор. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Гуманизм адамға деген ізгі ниет, сүйіспеншілікпен қарайтын адамгершілік қасиет» ретінде қарастырылады. Ал, «Гуманитарлық» ұғымы «.. халықтың мәдениеті мен тарихын терең зерттеуге бейім қоғамдық ғылымға қатысты ғылым» болып табылады.

Сонымен біздің ойымызша, «ізгілік қасиеттер дегеніміз – адамның ізгі іс-әрекетін сипаттайтын жақсы әрекеттерден, жағымды белгілерден тұратын мінез-құлық сапалары». Ізгілік қасиеттерді Қ.Әтемованың зерттеуіне сәйкес жеке тұлғалық жақсы мінез-құлықты, жеке тұлғалық мазмұндық, жеке тұлғалық іс-әрекеттік қасиеттер тұрғысынан қарастыру жөн.

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың іс-әрекетті құраушы құрылымдарын Г.К.Байділданова, Н.Д.Иванова, Н.Н.Тригубова, М.А.Құдайқұлов, О.Сыздықов, Ш.Ж.Қолымбаева, Р.Н.Бурганова тағы басқалар зерттеу жұмыстарына және тұтас педагогикалық үдерістің тұжырымдамасына талдау жүргізген. Болашақ ұстаздарды кәсіби даярлау мәселесін шешуге О.А.Абдуллина, Ю.П.Азаров, Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Л.Ф.Спирина, А.И.Щербакова және т.б. өз еңбектерін арнаған. Осы және т.б. педагог-ғалымдардың еңбектерін талдау негізінде мұғалімдерге қойылатын негізгі талаптардың белгіленгендігін,бүгінгі таңдағы мұғалімнің тұлғалық үлгісінің жасалғандығын,оның кәсіби даярлығын қалыптастыру барысында ізденіс жұмыстарының жүргізілгендігін байқауға болады.

Сонау XX ғасырдың басында Ж.Аймауытов:"Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол-жаңаны табатын өнер"деген екен.

Білім-қоғамды әлуметтік мәдени-ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс,жоғары құндылық.Оның ең негізгі қызметі-адам бойындағы адамгершілік қасиетті арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту.

Қазіргі білім беру тұжырымдамасында жеке тұлғаның озіндік санасының қалыптасып қалуына аса назар аударылған.Мұндай көзқарас білім беруді ізгілендіруге және жеке тұлғаның білім алу құқығын орнықтыруға жеткізеді.Мұнда өзіндік зерделеу қабілетін меңгерген адам жеке тұлға ретінде өзін-өзі мәдениет субъектісі қызметінде қалыптастырады.Бұндай білім беру тұжырымдамасы білім берудің жаңа түрлерін,сондай-ақ мәдени-гуманитарлық идеяларға бағытталған бірқатар педагокиқалық реформалар жолдарын іздеуге негіз бола алады.

Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері мынадай:

-жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу ,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интелектісін байыту ;

-жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

-қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау;

Мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында мына шарттарды есте ұстау қажет;

1.Өз білімін үздіксіз жетілдіру;

2.Жаңа ақпараттық технологиялармен үнемі танысып оқып шығып,сабақ үрдісіне тиімдісін пайдалану;

3.Тест тапсырмаларын,сынақ,бақылау жұмыстарын түрлі вариант бойынша даярлау;

4.Шығармашылықпен жұмыс істеу;

5.Түпкі нәтиже-білім сапасына көз жеткізу;

Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет.Іскерлік-оқу білім,кәсіп,тәжірибе,ізденушілік,өзіндік жұмыс,іс-шаралар,дағдыдан туындайды.Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін,талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр.Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек.Сондықтан әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді,оны дербестікке,ізденімпаздыққа,шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагокикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.Өйкені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагокиқалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны-мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі өлшенуі керек дегенді ой елегінен өткізіп көрейік.

Біріншіден,мұғалімнің ары таза,адал,әдепті,инабатты,сыпайы, парасатты,байсалды,ұстамды,төзімді,кешірімді болуы ләзім. Екіншіден,мұғалімнің ой-өрісі кең,жан-жақты білімді,өз мамандығына сай,оны сүйетін,өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық,тұжырымды,дәл айтып түсіндіре білуі шарт.

Үшіншіден,мұғалім өз оқушыларына беделді,ұжым арасында сыйлы болуы тиіс,әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатыеаста болғаны жөн.

Төртіншіден,мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып,ғылым мен тәжірбиені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалануы қажет.

Бесіншіден,мұғалім үнемі өз бетімен оқып,педагокика,әдістеме жаңалықтарымен танысып,өзінің ой-өрісін кеңейтіп,білімін толықтырып отыруы қажет.
Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса,мұғалімнің күш-қуаты,көңіл-күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі,еңбегі жанады.

Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол,қиын да жауапты,шығармашылық еңбегі екендігін еске алсақ,олардың жемісті,әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы қажет.Сонымен қатар мұғалімдер сапалы,құнды оқулықтар мен көрнекті дидактикалық,техникелық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі,яки еліміздің егемендік алуы,тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты.Қоғамның күллі бағыт-бағдары,ізгі мұраттары,қажеттіліктері мен себеп-салдары түбегейлі өзгерді,мұның өзі жастардың ой-санасына,өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.

Мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушыларға сапалы білім беру,тәрбиелеу және дамыту міндеттерін жүзеге асыру бағытында жеке тұлғаға шығармашылық орта туғызу.

"Сабақ-оқытушының педагокикалық мәдениетінің айнасы"-дейді В.Сухомлинский.

Білімді ізгілендіруде,яғни оқытудың шығармашылық әдісіне төмендегідей мақсаттар қоюға болады:

-оқушының бұрын байқалмаған,іске асыра алмаған мүмкіндігін ашу;

-оқушының өз бетінше жұмыс істеуге деген құлшынысын құрметтеу;

-оқу жоспарын құруда оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескерту;

-үлгерімі төмен оқушылардың әлеуметтік мүмкіндіктерін ескеру;

-сабақта оқу үрдісінің озық тәжірибелерін,түрлі педагокикалық әдістерін пайдалану;

-оқушының шығармашылық жұмысына жол ашу.

Білімді ізгілендіру мақсатымен жоғарыда аталған міндеттерді ескере отырып, бүгінгі білім беру технологияларын кеңінен қолданған жөн.

Өз сабақтарымда оқушының өз ойын, пікірін еркін айтуға, мүмкіндік туғызып, әр оқушының ой еркіндігін демократияландыру мақсатымен тыңдаймын. Мұғалімнің көп ізденісі, біліктілігі, сабақты түрлендіріп өтуі оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өз бетінше білім алуда қажеттілігін тудырады.

Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің қатарына-қазақ тілін оқыту, оқу бағдарламаларының, жоспараларының құрылуы, оқулықтардың жүйесіздігі, тіл үйретудің әдіснамасы, тиімді тәсілдері, грамматикалық оқулықтардың аздығы, сөздік жасау, т.б.көптеген мәселелерді шешуге ұмтылу-мемлекеттік тілді оқыту саласында жұмыс істеп жүрген мамандардың үлесінде екендігі даусыз. Қазақ тілі сабағы оқушы үшін тек грамматикалық ережелер жаттайтын, қызықсыз жаттығуларды құлықсыз орындататын пән қатарынан шығып, баланың ой өрісін өсырып, оған тілдің ұлттық мәдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның көзі екендігін сезіндіруі қажет.

Қазіргі таңдар қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздарға қойылатын талаптар өте жоғары. Соның бірнешеуіне тоқтала кетсек:

-Оқушылардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыру;

-Сөйлемді дұрыс құрастыру;

-Мәтінді тыңдап түсіну;

-Оқу жылдамдығы;

-Жаңа сөздерді синоним, антоним арқылы түсіндіру;

-Мұғалімнің тоериялық, практикалық дайындығы;

-Тілді оқытуда қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен байланыстыру;

-Техникалық және көрнекі құралдарды тиімді қолдану.

Ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып,өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет