«Білім философиясы» пәні бойынша ПӘн бағдарламасы (Syllabus)



Дата17.07.2016
өлшемі318.57 Kb.
#205108

Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы

6М020100- Философия мамандығының магистранттарына арналған



«Білім философиясы» пәні бойынша


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 20___ж.



Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

__________Ақышев А.А.
20__ ж. «___»________

Құрастырушы: к.филос.н., профессор Құдабаев А.Ж.__________


Философия және мәдениеттану кафедрасы


6М020100-Философия мамандығының күндізгі оқу нысанындағы магистранттарына арналған «Білім философиясы» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________ Ахметова Г.Ғ. 20__ ж. «____» ________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ____________Сулейменова Ш.К. 20___ж. «_____»___________
1. Оқу пәні туралы жалпы ақпарат
Пәннің атауы: «Білім философиясы»

Таңдау компоненті бойынша пән



Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі (2013 жылы түскен)

Барлығы – 2 кредит

Курс: 1

Семестр: 1

Аудиторлық сабақтардың барлығы – 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

МӨЖ – 60 сағат

Оның ішінде МОӨЖ – 15 сағат

Жалпы жүктеме - 90 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 1 семестр


Пәннің атауы: «Білім философиясы» (2012 жылы түскен)

Таңдау компоненті бойынша пән



Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 2

Семестр: 3

Аудиторлық сабақтардың барлығы – 30 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

МӨЖ – 120 сағат

Оның ішінде МОӨЖ – 30 сағат

Жалпы жүктеме - 150 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 3 семестр


«Білім философиясыҚазақ философиясындағы антропологиялық дискурс» – таңдау бойынша компонет пәні болып табылады, «Философия» магистраттарының білімін кеңейтуге бағытталған.
Пререквизиттер:

- магистранттар дүниетанымдық және методологиялық тұрғыдан әртекті эпистемологиялық концепцияларды,

- олардың әлеуметтік-гуманитарлық, логикалық-методологиялық, тарихи-философиялық және мәдени өлшемдері негізінде қисынды және дэлелді түрде салыстыра білуі,

- олардың рациональды мазмүнын анықтап, методологиялық және теориялық қорытындыларды ғылыми практикаларда қолдануы керек, яғни: қазіргі заманғы эпистемологиялың сөздігін еркін түсіндіруі;

- философиялық-методологиялық түпнүсқалармен өз бетінше дербес ізденушілік жүмысын жүргізуі;

- оқу, жинақтау, талдаудың байқаушылық, түсіндіреме берушілік дағдыларына ие болуы тиіс.



Постреквизиттері:

  • философия

  • шетелдік шығыстық философиясының тарихы

  • ислам философиясы

  • батыс философиясының тарихы

  • философия ғылымының тарихы



2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Құдабаев Амантай Жетпісұлы – философия және мәдениеттану кафедрасының филос.ғ.к., профессор.

Кафедра №519 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1153
3 Пәннің мақсаты және міндеттері

«Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс» пәні: пәндердің арасындағы орнын және олармен байланысын анықтау, курстағы теориялық білімді игеру, логикалық аргументацияны білу, ғылыми әдістік аспектідегі және жалпы әлемдік танудағы шешімдерді дәлелдеу.
Пәнді оқытудың мақсаты: қазақ философиясының тарихы мен ерекшеліктерімен таныстыру, оның тарихының негізгі кезеңдерін атап өту.
Пəнді оқытудың міндеттері:


  • - қазақ философиясы тарихының негізгі ерекшеліктеріне мақсатты түрде бағыттау;

-қазақ философиясының өзіндік белгілерін айшықтау;

-қазіргі замандағы қазақ философиясының өзекті мәселелерін анықтау


4. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар

Пәнді оқыту барысында магистрант білуі тиіс:

- білімнің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін;

- философиялық, психологиялық, педагогикалық концепциялардағы білімнің айқындалуын;

- білімнің онтологиялық, аксиологиялық, логикалық, этикалық, әдіснамалық негіздерін.



қабілеттіліктер қалыптасуы қажет:

- оқу және арнайы ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс жасау;

- пікірталс пен пікіралмасуларды жүргізу;

- оқу және ғылыми мәселелерді шешуде жасампаз болу;

- өзінің көзқарасын дұрыс түсіндіріп, дәлелдеу.

тәжірибелік дағдыларға ие болуы тиіс:

- білімді басқару болсын, педагогикалық салада болсын және оқыту кезінде теоретикалық білімді тәжірибелік тұрғыда қолдану;

- шығармашылық қабілеттіліктердің ашылуы;



- магистранттардың дербестік және сыни жағынан ойлау.



  1. Пәнді игерудің тақырыптық жоспары

2013 жылы түскен



Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың саны

МӨЖ

Дәріс.

Тәж.

Лаб.

Жалпы

Оның ішінде МОӨЖ

1.

Кіріспе

1

1

-

6

1

2.

Білім философиясының пәні және мәртебесі

1

1

-

6

1

3.

Білім идеологиясы

1

1

-

6

1

4.

Білім онтологиясы

1

1

-

6

1

5.

Білім аксиологиясы

1

1

-

6

1

6.

Білім логикасы

2

2

-

6

2

7.

Білім әдіснамасы

2

2

-

6

2

8.

Білім этикасы

2

2

-

6

2

9.

Білім саласындағы саясат

2

2

-

6

2

10.

Білім эстетикасы

2

2

-

6

2

Барлығы: 90 (2 кредит)

15

15

-

60

15


2012 жылы түскен



Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың саны

МӨЖ

Дәріс.

Тәж.

Лаб.

Жалпы

Оның ішінде МОӨЖ

1.

Кіріспе

1

1

-

12

1

2.

Білім философиясының пәні және мәртебесі

1

1

-

12

1

3.

Білім идеологиясы

1

1

-

12

1

4.

Білім онтологиясы

1

1

-

12

1

5.

Білім аксиологиясы

1

1

-

12

1

6.

Білім логикасы

2

2

-

12

2

7.

Білім әдіснамасы

2

2

-

12

2

8.

Білім этикасы

2

2

-

12

2

9.

Білім саласындағы саясат

2

2

-

12

2

10.

Білім эстетикасы

2

2

-

12

2

Барлығы: 90 (2 кредит)

15

15

-

120

30


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Білім философиясының пәні және мәртебесі.

1. Білім философиясының зерттеу объектісі, пәні, құрылымы.

2. Білім философиясының әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдар арасында алатын орны.

Дәтүрлі білімнің дағдарысы. Қоғамдық сананың, философиялық және педагогикалық білімнің өзгеруі. Білім мәселелері бойынша әлемдік ғылыми пікірталасқа қатысу. Білім философия түсінігі. Білім философиясы практикалық философия ретінде; мамандандырылмаған рефлексия сияқты; педагогикалық сананың түсініктері; жаңғырған ғылыми педагогика; пәнаралық, интегративтік ғылым. Білім философияның объектісі, пәні, құрылымы, функциялары.

Білім философиясының әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдар арасында алатын орны.

Әдебиеттер тізімі:

1. Философия тарихы: Ред.Ә. Нысанбаев. А. – 2008

2 Таным теориясы: Ред.Ә.Нысанбаев, А.Колчигин. Алматы, 2009
Тақырып 2. Білім идеологиясы

1. «Мәңгілік философия» дәстүрлеріндегі білімнің идеялары.

2. Философияның тарихи кезеңдеріндегі білімнің ойлары.
«Мәңгілік философия» дәстүрлеріндегі білімнің идеялары. Конфуцианшылдық және білімнің мәселелері. Адамның туу мен жетілуі туралы буддизмнің, даосизмнің, сопылықтың рухани тәжірибелері. Білімнің антикалық ойлары. Адамның білімі мен тәрбиесі туралы шығыс перипатетизм. Жаңа заман философиясындағы адамның ағартушылығы мен білім алуы туралы ойлар. Неміс классикалық философия мен неміс романтизмдегі білім туралы ойлар. Мәдениеттегі білімнің орны туралы неокантшылдық. Қазақ ағартушылығы және ХІХ ғ. бірінші жартысы – ХХ ғ. ортасындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткерлері, ақындары, жазушылары білім мен ағартушылық мәселелері жөнінде. Білімнің мәні туралы прагматизм және экзистенциализм. Білім мен тәрбие мәселелеріндегі орыс философиясының дәстүрлері.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ашық қоғам философиясы (Әлемдiк философиялық мұра): 20 томдық; т. 14.-(Мәдени мұра), Алматы:Жазушы, 2007

2. Постмодерн философисы (Әлемдiк философиялық мұра), Алматы: Жазушы, 2007

3. Тарих философиясы Атымтаев К.М. Алматы, 2007


Тақырып 3. Білім онтологиясы

1. Білім философияның категориялық аппараты: контекст, жүйе, орта, модель, даму, тәртіп, психика, жеке тұлға, тәжірибе, мәдениет, қарым-қатынас, таным, түсіну, шығармашылық.

2. Білімді қарапайым және ғылыми тұрғыдан түсіну.

Білім философияның категориялық аппараты: контекст, жүйе, орта, модель, даму, тәртіп, психика, жеке тұлға, тәжірибе, мәдениет, қарым-қатынас, таным, түсіну, шығармашылық. Білімді қарапайым және ғылыми тұрғыдан түсіну. Білім мен тәрбие туралы философия және педагогика. Білімге деген толыққанды көзқарас. Білімнің табиғаты, мәні, функциялары. Білім құндылық, жүйе, үрдіс, іс-әрекет, нәтиже ретінде. Мәдениеттегі жеке тұлға. Білім беру және жеке тұлғалық мәдениет, жеке тұлғаның практикалық санасы. Білім беру жүйесі мәдени делдал ретінде. Білімнің болмысы. Білім берудің дәстүрлі және альтернативті жүйесі, орталықтандырылған және деорталықтандырылған, бұғаралық және элиталық, институционалдық және институционалдық емес, жалпы (базалық, нормтаивтік) және мамандандырылған (дарынды үшін, мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін) білім беру. Білім берудің өркениетті және өркениетті емес (примитивті, алғашқы қоғамдық) жүйелері. Шығыстық және батыстық білім беру жүйелері.



Әдебиеттер тізімі:

1. Ашық қоғам философиясы (Әлемдiк философиялық мұра): 20 томдық; т. 14.-(Мәдени мұра), Алматы:Жазушы, 2007

2. Постмодерн философисы (Әлемдiк философиялық мұра), Алматы: Жазушы, 2007

3. Тарих философиясы Атымтаев К.М. Алматы, 2007


Тақырып 4. Білім аксиологиясы

1. Құндылық түсінігі, мақсаты, идеалдары.

2. Идеализм, реализм (материализм), прагматизм, экзистенциализм, гуманистік (директивті емес) парадигма негізгі білім беру стратегиялары ретінде.

3. Мұқтаждықтар, мүдделер, құндылықтар және оларды жүзеге асырудың формалары.

Құндылық түсінігі, мақсаты, идеалдары. Рухани құндылықтардың ерекшеліктері. Мәдениет пен білім берудің құндылықтары. Идеализм, реализм (материализм), прагматизм, экзистенциализм, гуманистік (директивті емес) парадигма негізгі білім беру стратегиялары ретінде. Адам білім берудің мақсаты ретінде. Руханилық ХХІ ғ. білім берудің гуманистік идеалы ретінде. Мұқтаждықтар, мүдделер, құндылықтар және оларды жүзеге асырудың формалары. Құндылық, құндылықтық бағдарлау, баға, құндылықтық қатынас. Құндылықтық бағдарлаудың әлеуметтік және жеке тұлғалық детерминациясы. Рухани ізденіс және рух аурудың рухани дағдарысы: невроздар, маскүнемдік, нашақорлық және білім беру. Білім беру және өз бетімен білім алу. Жекеленудің жолы: өзін-өзі танудан өзін-өзі жүзеге асыруға дейін және мағынаны ұғыну.

Дәстүрлі мектеп бағасы және қазіргі заманғы білім беру және діни сана-сезім. Білім беру және шіркеу. Білім беру және гендер.



Әдебиеттер тізімі:

1 Ғылым тарихы және философиясы. Алматы, 2008

2 Философия тарихы: Ред.Ә. Нысанбаев. А. – 2008

3 Таным теориясы: Ред.Ә.Нысанбаев, А.Колчигин. Алматы, 2009


Тақырып 5. Білім логикасы

1. Классика, неклассика және постнеклассика ғылымның құрылымдық эволюциясының кезеңдері ретінде: негізгі түсініктер мен ұстанымдар.

2. Себепті және себепсіз (білім беру үрдістерінің синхронизациясы, детерминациясы). Білім және синергетика.

Классика, неклассика және постнеклассика ғылымның құрылымдық эволюциясының кезеңдері ретінде: негізгі түсініктер мен ұстанымдар. Себепті және себепсіз (білім беру үрдістерінің синхронизациясы, детерминациясы). Білім және синергетика. Білім және жас шамасы. Балалық шақтың, бозбалалықтың, жастықтың, ер жетудің қарама-қайшылықтары. Жеке тұлға жен білім беру біліктіліктің дағдарысы. Үздіксіз білім және функционалдық сауатсыздық. Ана тілін игеру білімнің моделі ретінде. Аналық мектеп, «қолға үйрету» кезеңнің тәжірибесі, мирасқорлық ұстанымы және салауатты қоғам (Э. Фромм, К. Хорни, А. Маслоу, Ж. Ледлофф). С.И.Гессенің білім логикасы. Аномия, гетерономия және автономия адамгершілік білімнің негізгі сатылары ретінде. Ғылыми білім және рационализм-эмпиризмнің қарама-қайшылықтары. Критицизм ғылым әдісін игеру ретінде. С.И.Гессеннің ғылыми білімнің сатылары: оқытудың эпизодикалық, жүйелік, ғылыми курстары. Денелік білім мен денсаулық түсінігі. Б.С.Гершунскийдің ғылыми-дәлелденген білімнің логикасы. Білімнің дедуктивті және индуктивті логикасы.



Әдебиеттер тізімі:

1 Ғылым тарихы және философиясы. Алматы, 2008

2 Философия тарихы: Ред.Ә. Нысанбаев. А. – 2008

3 Таным теориясы: Ред.Ә.Нысанбаев, А.Колчигин. Алматы, 2009


Тақырып 6. Білім әдіснамасы

1. Қоғамдық дамудың басымдық және жаңа парадигмасы және олардың білім саласындағы өзінше ұйғарылуы.

2. Білімнің сциентисттік және гуманистік парадигмалары: әдістер, шекаралар, перспективалары.

Қоғамдық дамудың басымдық және жаңа парадигмасы және олардың білім саласындағы өзінше ұйғарылуы. Білімнің сциентисттік және гуманистік парадигмалары: әдістер, шекаралар, перспективалары. Білім үрдісіндегі жатсыну және ынтымақтастық. Жеке тұлғалық-жекелеген және жеке тұлғалық орталықтандырылған білім қазіргі заманғы білімнің негізгі тенденциялары. Педагогтың әлеуметтік рөлі. Білім беру кеңістігіндегі эстет, моралист, ойшыл. Білімнің ақпараттық, ақпараттық-шығармашылық және шығармашылық модель.



Әдебиеттер тізімі:

1. Философия тарихы: Ред.Ә. Нысанбаев. А. – 2008

2 Таным теориясы: Ред.Ә.Нысанбаев, А.Колчигин. Алматы, 2009

Тақырып 7. Білім этикасы

1. Қарым-қатынас және коммуникация, олардың функциялары.

2. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

3. Түсіндіру және түсіну.

Қарым-қатынас және коммуникация, олардың функциялары. Педагогикалық қарым-қатынастың түсінігі. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Қарым-қатынас тосқауылдары. Тыңдау өнері. «Сен-жаңалықтар» және «мен-жаңалықтар» ерекшеліктері. Сөйлеу мен тәртіп мәдениеті. Шәкірттерге деген даралап тіл табу, жекетүлғаның әртүрлі типтерімен өзара әрекеттесу. Түсіндіру және түсіну. Түсіну ғылымы. Түсінудің үш әлемі (А.А. Брудный). Қарым-қатынастағы шындық және жалған. Педагогикалық қарым-қатынастың авторитарлық-басшылық стилі. Авторитарлық стильдің белгілері. Қарым-қатынастың атворитарлық стиль құрылымындағы монолог. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық, нәтижелі стилі. Нәтижелі қарым-қатынастың жолдары. Дәстүрлі ұстаз және ұстаз-фасилитатор. Авторитаризмнен демократияға: жете түсіну – сенім – таңдау – өзара түсінушілік.

Әдебиеттер тізімі:

1. Философия тарихы: Ред.Ә. Нысанбаев. А. – 2008

2 Таным теориясы: Ред.Ә.Нысанбаев, А.Колчигин. Алматы, 2009
Тақырып 8. Білім саласындағы саясат

1. Саясат және білім.

2. Қазіргі заманғы мәдени және саяси реалийлер.

3. Білім беру саласындағы стандартизация.

Саясат және білім. Қазіргі заманғы мәдени және саяси реалийлер. Мемлекеттің білім беру саясаты. Білім бақылау мен сүзгіш құрал ретінде. Білім болашаққа капитал салым және мәртебе үшін күрес ретінде. Білім беру саласындағы стандартизация. Қоғамның әлеуметтік-мәдени контекстіндегі білім беру саласын реформалау. ҚР білім беруін реформалаудың нормативтік базасы: «Білім туралы» заң (1995 ж), «Гуманитарлық білімнің концепциясы» (1994 ж.), «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы» (1995 ж), білім саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары. ҚР білім жүйесінің міндеттері. ҚР білім беру бағдарламалары және білім алудың шарттары. Азаматтық білімнің ойлары. Білімдегі менталитет. Ұлттық білім: түсінік пен мәселелері. ҚР-да білімнің ұлттық моделінің қалыптасуы. Евразиелік әлемдік білім кеңістігіне отандық білімнің бірігуі. 1997 жылдың Лиссабон конвенциясы. Жаһандану және интернациолизация жағдайындағы ұлттық білім. Әлем мәдениетін қалыптастырудағы білімнің рөлі.

Әдебиеттер тізімі:

1. Философия тарихы: Ред.Ә. Нысанбаев. А. – 2008

2 Таным теориясы: Ред.Ә.Нысанбаев, А.Колчигин. Алматы, 2009
Тақырып 9. Білім эстетикасы

1. Эстетикалық «бум», Батыстағы эстетикаландырудың үрдістері.

2. Адам «символикалық жануар» ретінде (Э. Кассирер, С. Лангер). Дискурсивті және презентативті символизм.

Эстетикалық «бум», Батыстағы эстетикаландырудың үрдістері. Философия зейін фокусындағы беттің автономиясы және күн сайынғы әлем. Адам «символикалық жануар» ретінде (Э. Кассирер, С. Лангер). Дискурсивті және презентативті символизм. Тіл, рәсім, миф, музыка, өнер символизмнің формалары ретінде (С. Лангер). Т. В. Адорно: философия мен өнердің эстетикалық рационалдығы. Констелятивті ойлау. Полушарий асимметриясы. Түйсік және логика танымның әдістері ретінде. Білім кеңістігі және уақыт. Жеке тұлғаның репрезантивтік жүйелері: визуалды, аудиалды, кинестетикалық. Білім мәдениетіндегі конвейер және коридор. Эстетикалық (созерцание) саланың қалыптасуындағы түс, дыбыс, иіс. Тәртіптің түстік типі (М. Люшер). Білім үрдісіне деген феноменологиялық және голографиялық әдістер. Білімнің гуманистік парадигмасындағы ойын, театр, рефлексия, арт-терапия. Білімдегі эргономика. Педагогикалық шеберлік: педагог режиссер ретінде, актер, дизайнер, педагогикалық үрдістің психологы. Білім саласындағы сікери этикет, имидж, сән. Мәдениеттің динамикасы: ауызша, кітаби, дидарлық. Әлемді виртуаландыру. Виртуалды дүниедегі адам. Білімнің компьютендірілуі және ақпараттануы: кемшіліктері мен артықшылықтары.



Әдебиеттер тізімі:

1 Ғылым тарихы және философиясы. Алматы, 2008

2 Философия тарихы: Ред.Ә. Нысанбаев. А. – 2008

3 Таным теориясы: Ред.Ә.Нысанбаев, А.Колчигин. Алматы, 2009


7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың сағат санындағы көлемі

Тақырып 1. Білім философиясының пәні және мәртебесі.

1. Білім философиясының зерттеу объектісі, пәні, құрылымы.

2. Білім философиясының әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдар арасында алатын орны.

3. Дәстүрлі білімнің дағдарысы. Қоғамдық сананың, философиялық және педагогикалық білімнің өзгеруі.

4. Білім философия түсінігі. Білім философиясы практикалық философия ретінде; мамандандырылмаған рефлексия сияқты; педагогикалық сананың түсініктері; жаңғырған ғылыми педагогика; пәнаралық, интегративтік ғылым.

Тапсырмалар:


  1. Білім философияның мақсаты мен міндеттерін анықтап, басқа ғылымдар арасында орнын айқындау.

  2. Білім философия практикалық философия ретінде алатын орны.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Білім философиясының мақсатын нақты анықтап, негізгі міндеттерін белгілеу қажет. Басқа ғылымдармен салыстырып, қазіргі таңда ғылымдағы білім философиясының алатын орнын анықтау және өзектігін айқындау.



Әдебиеттер: 1,5,10
Тақырып 2. Білім идеологиясы

1. «Мәңгілік философия» дәстүрлеріндегі білімнің идеялары.

2. Философияның тарихи кезеңдеріндегі білімнің ойлары.

3. Білімнің мәні туралы прагматизм және экзистенциализм.

4. Білім мен тәрбие мәселелеріндегі орыс философиясының дәстүрлері.

Тапсырмалар:



  1. Философияның тарихи кезеңдеріндегі білімнің ойларын салыстырып, эволюциясын айқындау.

  2. Прагматизм және экзистенциализм терминдеріне анықтама беру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Ежелден бастап қазіргі заманғы кезеңге дейін философияның эволюциясын қарастырып, білім философиясын алатын орнын айқындау.



Әдебиеттер: 2,5,9
Тақырып 3. Білім онтологиясы

1. Білім философияның категориялық аппараты: контекст, жүйе, орта, модель, даму, тәртіп, психика, жеке тұлға, тәжірибе, мәдениет, қарым-қатынас, таным, түсіну, шығармашылық.

2. Білімді қарапайым және ғылыми тұрғыдан түсіну.

3. Білім құндылық, жүйе, үрдіс, іс-әрекет, нәтиже ретінде.

4. Білімнің дәстүрлі және альтернативті жүйесі, орталықтандырылған және деорталықтандырылған, бұқаралық және элиталық, институционалдық және институционалдық емес, жалпы (базалық, нормативтік) және мамандандырылған (дарынды үшін, мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін) білім беру.

Тапсырмалар:



  1. Білім философиясының негізгі түсініктеріне сипаттама беру.

  2. Білімнің негізгі жүйелерін қарастыру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Білімге қатысты негізгі түсініктердің анықтамасын беріп, бір-бірімен салыстыру қажет. Негізгі жүйелерін сызба ретінде салыстыру қажет.



Әдебиеттер: 2,5,9
Тақырып 4. Білім аксиологиясы

1. Құндылық түсінігі, мақсаты, идеалдары.

2. Идеализм, реализм (материализм), прагматизм, экзистенциализм, гуманистік (директивті емес) парадигма негізгі білім беру стратегиялары ретінде.

3. Мұқтаждықтар, мүдделер, құндылықтар және оларды жүзеге асырудың формалары.

4. Дәстүрлі мектеп бағасы және қазіргі заманғы білім беру және діни сана-сезім. 5. Білім беру және шіркеу. Білім беру және гендер.

Тапсырмалар:


  1. Аксиология түсінігіне анықтама беріп, білімнің аксиологиясын айқындау.

  2. Дәстүрлі білім беру жүйесін қазіргі заманғы білім берумен салыстыру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Білімнің құндылықтарын айқындап, оларға сипаттама беру.



Әдебиеттер: 3,7,9
Тақырып 5. Білім логикасы

1. Классика, неклассика және постнеклассика ғылымның құрылымдық эволюциясының кезеңдері ретінде: негізгі түсініктер мен ұстанымдар.

2. Себепті және себепсіз (білім беру үрдістерінің синхронизациясы, детерминациясы). Білім және синергетика.

3. Аналық мектеп, «қолға үйрету» кезеңнің тәжірибесі, мирасқорлық ұстанымы және салауатты қоғам (Э. Фромм, К. Хорни, А. Маслоу, Ж. Ледлофф).

4. С.И.Гессенің білім логикасы.

Тапсырмалар:


  1. Классика, неклассика және постнеклассика ғылымдарға сипаттама беру, айырмашылықтарын айқындау

  2. Синергетика түсінігін қарастырып, оның біліммен қатынасын анықтау.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Э.Фроммның, К.Хорнидің, А.Маслоудың, Ж.Ледлофф авторларының еңбектерін оқып шығу, негізгі теорияларын сипаттап беру қажет.



Әдебиеттер: 1,8,10
Тақырып 6. Білім әдіснамасы

1. Қоғамдық дамудың басымдық және жаңа парадигмасы және олардың білім саласындағы өзінше ұйғарылуы.

2. Білімнің сциентисттік және гуманистік парадигмалары: әдістер, шекаралар, перспективалары.

3. Білім үрдісіндегі жатсыну және ынтымақтастық.

4. Жеке тұлғалық-жекелеген және жеке тұлғалық орталықтандырылған білім қазіргі заманғы білімнің негізгі тенденциялары.

Тапсырмалар:



  1. Білім әдіснамасының мақсатын айқындау.

  2. Білімнің негізгі парадигмаларына сипаттама беру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Білімнің сциентистік және гуманистік парадигмаларын салыстырып, оның әдістерін, шектерін және болашағын айқындау қажет.



Әдебиеттер: 4,6,8
Тақырып 7. Білім этикасы

1. Қарым-қатынас және коммуникация, олардың функциялары.

2. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

3. Түсіндіру және түсіну.

4. Түсінудің үш әлемі (А.А. Брудный).

Тапсырмалар:


  1. Білім этикасының мақсат ымен міндеттерін анықтау

  2. Түсіндіру мен түсінудің айырмашылықтарын анықтау.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Түсінудің үш әлемі атты А.Брудныйдың теорясын сипаттау қажет. Ол арқылы бәләм этикасына түсініктеме беру керек.



Әдебиеттер: 1,3,5
Тақырып 8. Білім саласындағы саясат

1. Саясат және білім.

2. Қазіргі заманғы мәдени және саяси реалийлер.

3. Білім беру саласындағы стандартизация.

4. ҚР білім беруін реформалаудың нормативтік базасы

Тапсырмалар:


  1. Саясат пен білімнің арақатынасын сипаттау.

  2. Білім берудегі нормативтік актілер мен заңдарды сипаттау.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

«Білім туралы» заң (1995 ж), «Гуманитарлық білімнің концепциясы» (1994 ж.), «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы» (1995 ж), білім саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары. ҚР білім жүйесінің міндеттері. ҚР білім беру бағдарламалары және білім алудың шарттары. Азаматтық білімнің ойлары. Білімдегі менталитет. Ұлттық білім: түсінік пен мәселелері. ҚР-да білімнің ұлттық моделінің қалыптасуы. Евразиелік әлемдік білім кеңістігіне отандық білімнің бірігуі. 1997 жылдың Лиссабон конвенциясы сияқты нормативтік пактілер мен заңдарды оқып шығу және оларға талдау жасау.



Әдебиеттер: 1,2,10
Тақырып 9. Білім эстетикасы

1. Эстетикалық «бум», Батыстағы эстетикаландырудың үрдістері.

2. Адам «символикалық жануар» ретінде (Э. Кассирер, С. Лангер). Дискурсивті және презентативті символизм.

3. Тіл, рәсім, миф, музыка, өнер символизмнің формалары ретінде (С. Лангер).

4. Т. В. Адорно: философия мен өнердің эстетикалық рационалдығы. Констелятивті ойлау.

5. Тәртіптің түстік типі (М. Люшер).



Тапсырмалар:

  1. Э.Кассирердің, С.Лангердің еңбектерін қарастыру

  2. Т.В.Адорно: философия мен өнердің эстетикалық рационалдығы туралы айтқан пікірі.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Білімді эстетикалық тұрғыдан қарастыру.



Әдебиеттер: 1,2,10
Өзіндік оқуға арналған тақырыптар

Тақырып 1. Ғылым философиясы және әдіснамалық негізі

1. Ғылымның негізгі өзіндік және өзара байланыс аспектілерін анықтау.

2. Статус және тарих ғылымының мәселелерін айқындап, талдау жасау.

Тақырып 2. Ғылымның философиялық мәселелері

1. «Мәдениет жүйесіндегі ғылым. Ғылымның қоғамдағы рөлі мен функциясы» атты тақырыпқа реферат жазу.

2. Ғылымның әлемдік көзқарастағы аспектілерін кесте түрінде салыстыру.

3. Ғылымның аксиологиялық статусы талдау



Тақырып 3. Т.Кунның ғылыми революциялар концепциясы

1. Т.Кунның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы реферат жазу

2. Т.Кунның ғылыми революциялар концепциясының мазмұнын айту.

Тақырып 4. Ғылым кезеңінің қазіргі ерекшелігі.

1. Қазіргі постклассикалық емес ғылымға сипаттама бер.

2. Сциентизм және антисциентизм (салыстырмалы кесте: ерекшеліктері).

Тақырып 5. Информатика – тәртіпаралық ғылым. Компьютер төңкерісінің эпистемологиялық мазмұны.

1. Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасы: ақпараттық қоғамның өтуі атты тақырыпта эссе жазып келу

2. Интернеттің қазіргі қоғамдағы орны.

Тақырып 6. К.Ясперстің тарих философиясы

1. К.Ясперстің тарихи кезеңдендіруі туралы айту.

2. Тарих философиясын сипаттау
10. МОӨЖ кеңеснамаларының кестесі

(МОӨЖ МӨЖ-дың 25%-ын құрайды)




Оқу түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру




11.20

12.00














2.

Тәжірибе тақырыптары бойынша кеңес беру







12.35

13.25











3.

МӨЖ тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру
















12.35

13.25


4.

Рефератты орындау бойынша кеңес беру

16.00

17.00

















5.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру










14.20

15.00







Барлық сұрақтар бойынша кеңеснамалар ағымдағы семестрдің МОӨЖ кестесіне сәйкес іске асырылады


11. Магистранттардың білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 балл бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Коллоквиум

Білім онтологиясы




3 жұма



3-ші жұма

2

Коллоквиум

Білім аксиологиясы




4 жұма




4-ші жүма

3

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллоквиум

8-шы жұма

4

Эссе

«Саясат пен білім». ҚР білім беру жүйесіндегі нормативтік актілер мен нормалар




9 жұма




11-ші жұма

6

Межелікбақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші жұма

12. Магистранттардың білімін тексеру критерилері


Пәннің игерілуі жыл өткен мәліметті құрайтын аралас түрде (тест+ауызша) өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу шарты ретінде бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы міндетті шарт ретінде қарастырылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балл негізінде бағаланады.

Жіберу рейтингісі ағымдағы сабақтардағы барлық тапсырмалардың орындалуының (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, МӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.с.с., өтпелі бақылау) орташа арифметикалық жиынынан анықталады.

Қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының (барлық зертханалық жұмыстардың, МӨЖ бойынша жұмыс пен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы) барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингісін алған (50 баллдан кем емес) магистранттар жіберіледі.

Әрбір пән бойынша магистранттардың білім жетістіктерінің деңгейі (оның ішіндеМЕ қорытынды бақылау түрі бар пәндер бойынша да) қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол МБ мен ҚБ (емтихан, дифференциалды есеп немесе курстық жұмыс/жоба) бағаларынан олардың таразылық үлестерін (МБТҮ мен ҚБТҮ) ескере отырып есептелінеді.

Қ = МБ*0,6 + ҚБ*0,4

Таразылық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және де МБ үшін 0,6-дан артық емес, ал ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болуы тиіс.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға көрсетілген білімге сәйкес және жетекшінің түйіндемесін есепке ала отырып қойылады.

Пән бойынша қорытынды баға тек егер де жіберілу рейтингісі бойынша және де сонымен бірге қорытынды бақылауы бойынша жағымды бағаларға ие болған кезде ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына сәйкес келеді. Емтихан мен аралық аттестацияның қорытындысы магистарнттарға сол күні немесе егер де жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген жағдайда екінші күні хабарландырылады.

Магистранттың межелік бақылау (рейтингі) мен қорытынды емтихандағы білімінің қорытынды бағасының дұрыс есептелуі мақсатында олар пайыздық мөлшерде 0-ден 100%-ға дейінгі аралықта бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.
Магистранттардың білімін бағалау.

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Хорошо

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі

Әрбір магистрант сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты таллқылауында белсенділік танытып, өз курстарыныңыздық қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі устаудың алгиақтығына шара қолданылыды, типті аудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талап етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау.

Сабақтың жібергендерге мен мынадай айыптық санкция белгілеймін; белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан 3 балл алынып тасталынады.

Үй тапсырмасын орындағандарға ең жоғарғы сандық 11 балл қойылады, сөннымен қатар тәжірибелік сабақты болмағанға (белгісіз себептермен) – 0 балл, үй тапсырмасы орындалмай қолғандықтан – минус 1 балл. Осы жіберілген сабақтарды магистрант қайыра орындап шыққан жағдайда ең жоғарғы 10 баллдың орнына 5 балл қатылады, алайда тәжірибе сабағында белгілі себептермен қатыса алмай қалған жағдайда 11 балл қоямын. Магистранттардың өздін жұмысы орындалса 1 балл, орындалған жағдайда 0 баллмен өлшенеді.

Әрбір сабаққа дайындық міндетті, берілген тапсырма толығымен оқылуға тиіс. Сіздің дайндығыңыз тәжірибе сабағы барысында сұрақ беру мен тест тапсырмаларын арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі.

Дәрістік және тәжирибелік сабақ барысында белсенділік танытқан магистрант марапатына 3 балл қосылады. Белсенділікке жауап берген магистранттың айтарына қосымша тың материалдар ұсыну.

Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізге келесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда сіз «0» баллға не баласыз.

Семестр барысы 2 мәрелік бақылаудан тұраып тест түрінде өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі.


14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. Сегізбаев О. Қазақ философиясының тарихы А., 2009 ж.

  2. Тимошинов 13. Мәдениеттану. А., 2008 ж.

  3. Нысанбаев А. Философия түсініктері А., 2010 ж.

  4. Нысанбаев, Ә. Ғылым философиясы және әдiснамасы.-Астана: Аударма.-2008.-473 б.


Қосымша әдебиеттер

  1. Гуревич П.С. Философияға кіріспе. - 2008

  2. Касабек А. Шындықтың іздеуі. А., 2008 ж.

  3. Нұрышева, Г. Ж. Философия: (лекциялар курсы) .-Алматы: Зият Пресс.-2009.-204 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет