Білім және ғылым, жастар саясаты
1991 жылы құрылған Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитет көп ұзамай Қазақстан Республикасының Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды. Елімізде 29 жасқа дейінгі 3,7 млн азамат жастар санатына кіреді. Жастардың дамуына басымдық беріліп, 2019 жылы елімізде «Жастар жылы» жарияланды.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» үш заң қабылдады. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы, отыздан астам нормативтік құқықтық актілер, ондаған мемлекеттік бағдарламалар мен жол карталары жүзеге асты.
Қазақстанда жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылған болатын. Оны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов мәлімдеді. Жұмыс бағдары ең бірінші кезекте 2015 жылы қабылданған мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды жүзеге асыруға бағытталған. Ол заң жастарды қолдау мен жастар саясатын орталық және аймақтық деңгейде жүргізу бойынша 9 бағыттан тұрады.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;
2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру;
3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;
4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
5) жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу;
7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу;
9) мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Ал белгілі бір жерде оқымайтын, жұмыс істемейтін, ештеңеге құлқы жоқ NEET санатындағы жастарды қайта даярлау үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жолға қойылған. Ол бойынша 4,5 мың адам сұранысқа ие мамандық бойынша білім алуға жіберілді.
Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – NEET санатындағы жастар. Жыл сайын бұл санаттағы адам санын азайту мақсатында мемлекет түрлі бастамаларды қолға алды. Жауапты министрлік Алматы, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан басқааумақтарды дамыту бағдарламаларында өңір бойынша NEET жастардың үлесін төмендету бойынша қарқынды жұмыс істеуде. Бұл бағытта арнайы индикатор көзделген.
Жастар саясаты аясында кәсіпкер болғысы келетін жастарға да жағдай жасалды. 5,3 мың адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Нәтижесінде 942 адам өз ісін ашты, 1,2 мың адам шағын несие алды.
Достарыңызбен бөлісу: |