Орындаған:Темірқұл.А.Е
«Ғылым тарихы және философиясы» пәнінінің зерттеу мақсаты - кредиттік технология бойынша оқитын магистранттарды ғылыми білім құрылымымен, ғылыми зерттеулер тәсілдерімен, ғылыми теориялар мен заңдылықтар қызметтерімен таныстыру; дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту; ғылыми зерттеулер және олардың нәтижелеріне сай келетін талаптар мен ғылымилық критерийлері жайында түсініктерді, сонымен қатар, ғылым тарихын зерттеу негізінде ғылыми ойлау стилін қалыптастыру болып табылады.
«Ғылым тарихы және философиясы» курсының пәні. Ғылым ерекше талдау пәні болып келеді. «Ғылым тарихы және философиясы» пәнінің аумағында ғылым оның тарихи даму тұғырынан, сонымен қатар, ғылым феноменінің талдауына негізделген әдістемелік және дүниетанымдық негіздемелер қырларынан қарастырылады.
- ғылым философиясы және әдістемесінің негізгі идеялары мен нәтижелерін зерттеу;
- ғылыми зерттеу ерекшелігін білу;
- ғылыми таным зерттеулерінің философиялық-әдістемелік мәселелері;
- түпнегіздермен, шет ел және жергілікті ғылым әдістемешілерінің классикалық еңбектеріне талдау жұмыстарын жүргізу;
- жеке және сыни ойлауға жәрдемдесу.
Ғылым танымдық қызмет және дәстүр, әлеуметтік институт және мәдениеттің ерекше аумағы ретінде қарастырылады. Курс пәні – тарихи дамуындағы және ауыспалы әлеуметтік мәдени контексттегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтарын зерттеу, сонымен қатар, танымның не екенін түсіндіретін шекті танымдық жорамалын зерттеу.
Пән міндеттері
Курс обьектісі
«Ғылым тарихы және философиясы»
Ғылым әлеуметтік институт ретінде - бұл өзіндік әрекеттесу, зерттеу еңбектерінің бөліну түрлерін, ғалымдардың санасында ойлау негізін қалыптастырған рухани мәдениеттің, адамзат өркениетінің ұзақ мерзімді дамудағы тарихи өнім ретінде көрініс беретін қоғамдық сананың өзіндік формасы және адам іс-әрекетінің аумағы.
Достарыңызбен бөлісу: |