Білім және ғылым министрлігі Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы СӨЖ: «Әкімшілік құқықтық режимдер»



бет4/4
Дата03.03.2022
өлшемі4.66 Mb.
#455923
1   2   3   4
12 сөж тапсырма Әкімшілік құқық


Егер саралау белгісіне қарай режимнің бағытталу нысанын алатын болсақ, ол мыналарға бөлінеді аумақтық режим — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кеден шекаралары арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді жабық әкімшілік аумақтық бөліністер, соғыс жағдайы, карантин, континенттік қайраң және айрықша экономикалық аймақ, емделу сауықтыру орындарының режимі. Көліктік және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күшті әсер ететін улы, радио белсенді және биологиялық қауіпті заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупі бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерінің бұзылуы, тыныс тіршілікті қамтамасыз ететін электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегі, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, қажетті және авариялық қалпына келтіру жүмыстарын жүргізу үшін жағдай жасауды талап ететін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болғанда енгізіледі.


Әдеттегіден тыс режимдердің ерекшеліктік белгілері болып:
жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін шараларды қолдану
қосымша әкімшілік құқықтық міндеттер мен тыйым салуларды енгізу
режимді қамтамасыз ету үшін билік органдарына төтенше өкілеттіктер беру
төтенше жағдайды енгізуге негіз болган мән жайларды жою жөніндегі мәселелерді шұғыл шешу және іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік басқарудың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы органдарын құру саналады


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • Қызылов М. — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2009. — 504 б. «Кәсіптік білім сериясы». Мәлімет оқулықтың 164-ші бетінен алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет